254
Тоғызыншыдан, бүгінгі тарихи сана мен тарихи танымға үлкен
әсерін тигізіп отырған ғаламдық өзгерістер мен әлеуметтік үдерістермен
қатар, әр алуан баламалық, историософиялық, әдіснамалық идеялар бой
көрсетіп отырған қазіргі тарихи теориялық ой дамуының әлеуметтік
философиялық астарлары, ойлы концептуалды тұстары да, даулы
риторикалық тұстары да талдаудан өткізілді.
Ақырында, тарихи сана қазіргі қазақстандық қоғам болмысында
сипатталып, жаңарту және жаhандану үдерістерінің жалпы тарихи
санаға және ұлттық тарихи өзіндік санаға тигізіп отырған жағымды және
жағымсыз әсерлері түйінделді. Жаhанданудың кері әсерінен аман қалып,
мәдени төлтумалық пен рухани дербестікті сақтап қалудың кепілі
тарихи өзіндік сананы жаңғырту екендігі тұжырымдалды.
Әрине, тарихи сана тәрізді өте бір күрделі құбылыста барлық
мәселелерді бір монографиялық зерттеудің көлемінде толығымен
қамтып шығу мүмкін емес. Тарихтың дөңгелегін кері айналдырудың да
ықтималдығы жоқ, сондықтан оның дәл бүгінгідей шапшаңдығында,
тарихи сананың дәл қазіргідей тұрақсыздығында аталмыш тақырып
талай зерттеулердің нысанына айналары даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: