Батыс тарих философиясыныњ негізгі


 М.Х. Дулати – қазақ тарих философиясының негізін



Pdf көрінісі
бет17/32
Дата05.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#90520
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
2.3. М.Х. Дулати – қазақ тарих философиясының негізін 
қалаушылардың бірі
Бірнеше ғасырларды қамтыған отаршылдық нәтижесіндегі рухани 
күйзелістен кейін тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне он бес жыл енді ғана 
толған Қазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық бірегейлік пен мәдени 
тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. 
Барлық ізгі рухани белсенділіктер басылып қалатын құлдық жағдайдан 
шығып, шынайы еркіндікке қол жеткізу қазіргі жаhандастырудың қатаң 
бәсекелестігі жағдайында саяси, әлеуметтік-экономикалық дербестікпен 
қатар, рухани тәуелсіздікке ие болуды қажет етеді. Бұл үшін замана 
ағымына лайықты сырттан енгізілген соңғы, бірақ руханилықтан жұрдай 
жалаң технологияларды енгізу жеткіліксіз, мәңгүрттік және марги-
налдық жағдайдан арылу үшін ұлт тәрізді күрделі жүйенің қалыпты 
өмірқамын қамтамасыз ететін төлтума тарих пен мәдениеттің өзегін 
құрайтын ұлттық дүниетанымды, рухани қайнарларды қайта қалпына 
келтіру арқылы қоғамның өзіндік тарихи санасын қалыптастыру керек. 
Осындай рухани бастаулардың бірі, халқымыздың мәдени дамуына 
өзіндік ықпал еткен ғұламалардың бірі – XVI ғасырда өмір сүрген 
көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл әрі тарихшы, ақын әрі 
дарынды қолбасшы Мырза Мұхаммед Хайдар бен Мұхаммед Құсайын-
көреген Дулат. Көбіне Мырза Хайдар деген атпен белгілі Дулатидің 
рухани мұрасы ортағасырлық рухани жәдігер ретінде шетелдерде, 
Үндістанда, Пәкістанда, Батыс Еуропада кеңінен танымал болғанымен, 
империялық солақай саясаттың салдарынан өз елінде тарихи танымнан 
тыс қалды.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің дүниетанымдық көзқарастарын, тарих 
философиясының көрнекті өкілі ретіндегі оның ұлттық философиялық 
жүйедегі алатын орнын тікелей талдамас бұрын, мемлекеттік «Мәдени 
мұра» бағдарламасы аясында жұртшылық назарына ұсынылып отырған 
бұл жинақтың антологиялық сипатын ескере отырып, ойшыл 
тарихшының туып-өскен ортасы мен өмірбаянына, оның ата-бабалары 
мен дулат руы туралы мәліметтерге, оның қалдырған еңбектері мен 
олардың зерттелу деңгейіңе қысқаша тоқталуды жөн көрдік. 
Мырза Мұхаммед Хайдар уақытында моғол тайпаларының, 
кейіннен қазақ халқының этникалық құрамына енген тарихта ежелден 
бері белгілі көне түркілік дулат тайпасынан шыққан. Қазақтың шежіре-
сінде Дулат руы Үйсін тайпалар бірлестігінен тарайды. Демек дулат 
біздің жыл санауымыздан бұрын тарихи сахнасында өзіндік ізін 
қалдырған, қытай жазба деректерінде «У-Сунь» деген атпен белгілі 
Үйсін мемлекетінің құрамында болған. Бұл идентификацияға оның 
территориялық орналасуын тарихи қайта қалпына келтіру де сәйкес 
келеді. «Ханьнама», «Батыс өңірінің шежіресі» деп аталатын қытай 
жылнамаларындағы соны деректердің мәліметіне сәйкес үйсін күнбиінің 


114 
(патшасының) бір ұлы Далудаға еншілікке іле бойы беріледі. Бұл ел далу 
(Дулу, Доғлат) аталады.
С.Е. Маловтың зерттеуі бойынша Күлтегін тас жазуындағы Бүмын 
қаған, оның інісі Естемес қаған да Дулу тайпасынан болған. Көптеген 
түркі тайпаларымен, басымыл (арғын), найман, қоңырат, үйсін 
тайпаларымен одақтасып дулаттар біздің заманымыздың 515 жылы 
жужандарға бағынышты болуын тоқтатып, Юебан (Үрбі) одағын құрған. 
Ал Бумын-қағанның, Естеми-қағанның тұсында әлемдік тарихтан ойып 
тұрып орын алған Түркі қағанатының шекарасын ол заманнан алты жүз 
жыл кейін өмір сүрген Махмұд Қашғари өзінің «Диуани лұғат ат-түрки» 
еңбегінде былайша белгілейді: «қазіргі бүкіл түркі елінің шекарасы 
Абискүн (Каспи) теңізінен айналып Рүм елінен, Өзкенттен шығысқа 
дейін созылады. Ұзындығы сегіз мың парсақ».
Мырза Хайдар туралы негізгі мәліметтер оның өзінің «Тарих-и 
Рашиди» шығармасынан белгілі. Оның ата-бабалары Моғолстан мен 
Шғыс Түркістанның саяси тарихында үлкен рөл атқарып, Қашқарияны 
жеке-дар билегендері белгілі. Оның текті тұқымнан тарайтын даңқты 
шежірелік тегі былайша тарқатылады: Бабда-хан → ... → Ұртұбу → ... → 
Полатшы → Құдайдат → Сейіт Ахмет → Сейіт Әлі → Мұхаммед 
Хайдар мырза → Мұхаммед Құсайын → Мырза Мұхаммед Хайдар. 
Бұлардың бірқатары Моғолстан мен Қашқардың тарихында маңыз-
ды рөл ойнаған: Мырза Хайдардың өзінің айтуынша, Ұртұбуға моңғол 
хандарының өзі Қашқарияны (Маңлай-Сүбені) сыйға тартқан; Полатшы 
болса Моғолстанның тағына Тоғлық-Темірді өзі отырғызған (1362 жылы 
қайтыс болды); Құдайдат моғол ұлысында ұлысбегі болып, моғолдардың 
білдей алты ханын таққа отырғызған; Әмір Сейіт Әлі Уәйіс-ханның 
(1428 жылы өлтірілген) даңқты қолбасшысы болып, Қашқардан 
Ұлықбектің қойған уәкілін қуып жіберіп, оның қомақты бөлігіне билік 
жүргізді.
«Тарих-и Рашиди» авторының атасы Мұхаммед Хайдар-мырза 
Қашқарды биледі, бірақ 1480 жылы оны ол жерден өзінің жиені Әбу 
Бәкір қуып жібереді. Ол Сұлтан Жүніс-ханның жақын жолдасы болды 
және Тәшкентте оның сарайында ұзақ уақыт паналады. Оның ұлы, яғни 
Мырза Хайдардың әкесі – Мұхаммед Құсайын бала кезінен Сұлтан 
Махмұд-ханмен дос болып, Темір әулетінің ұрпағы Захир ад-Дин 
Мұхаммед Бабырдың әкесі Омар Шейхтың сарайында екі жылдай 
болды. Одан кейін ол Сұлтан Махмұд-ханның Ұра-төбедегі нәменгері 
болып, кейін ұзақ уақыт бойы оның қасында Тәшкент қаласында 
жайғасты. Ал шәйбанидтік өзбектер Тәшкентті басып алғанда ол Қара-
тегіндегі Құсырау-шахқа қарай қашты. Қабул шаhарында Бабырға қарсы 
бүлікке қатысып, қолға түскенімен, туыстық байланыстарына орай (ол 
Бабырмен бөле болып келетін), кешірілді, дегенмен Мұхаммед Құсайын 


115 
Ферғанаға қайта оралды. Осы жерде ол өзбектердің қолына түсіп, 
Мұхаммед Шәйбани-ханның бұйрығымен өлтірілді.
Мырза Хайдардың ата-бабалары Шағатай әулетінен шыққан ең 
алғашқы хандардың өздері берген мұрагерлік артықшылықтарға ие 
болды; оларға тархан атақтары берілген болатын. Онан ары шағатайлық 
хандар олардың артықшылықтарын бірнеше мәрте қайта бекітіп, 
олардың санын арттырғанын қолында бар мадақтамалары (грамоталары) 
арқылы мырза хайдардың өзі де дәлелдеп отырған. Оның кейбір 
жекелеген аталарының құдіреттілігі соншалық, төре тұқымдарының 
жоғарғы билігін мойындамай, Қашқарияда тәуелсіз жеке-дара билік 
жүргізген. Әмір Полатшының бауыры Қамар ад-Дин Тоғлық Темір-
ханның өлімінен кейін Моғолстандағы билікті өз қолына алған және 
Әмір Темірдің бұл елге жасаған жорығы ғана оның билігін тоқтатты. 
Осындай билеушінің бірі Мырза Хайдардың немерелес ағайыны Мырза 
Әбу Бәкір дулат болатын.
Мырза Мұхаммед Хайдар дулат әкесі қуғында жүргенде 1499/1500 
жылы Тәшкентте туылды. Оның анасы Құб Нигәр-ханым Сұлтан Жүніс-
ханның кіші қызы болатын, демек ол Сұлтан Сейіт ханның да, шешесі 
Құб Нигәр-ханымның әпкесі Құтлық Нигәр-ханым болып табылатын 
Захир ад-Дин Бабырдың да туған бөлесі болып саналады.
Әкесі өлтірілгеннен кейін Мырза Хайдарға да қауіп төніп, ол 
туыстарының көмегімен Бұқараға жасырынып, онан кейін әкесінің 
халифасы Мәулана Мұхаммедпен бірге Бадахшандағы Хан-мырзаға 
кетеді, сонсоң Қабул қаласындағы Бабырды паналап, оның сарайында 
біршама уақыт болады. Бабырмен бірге Орта Азияға жасаған жорыққа 
шығып, Хамза-сұлтанмен болған соғысқа қатысады. 1512 жылдың 
қыркүйек айынан бастап Әндіжандағы Сұлтан Сейіт-ханға қосылып, 
ұзақ уақыт бойы соның қасында болады. Сұлтан Сейіт-ханмен және 
оның шағын әскерімен бірге өз отаны Қашқарияға жорыққа шығып, Әбу 
Бәкір дулатты тас-талқан етіп жеңіп, онда Моғолия деген атпен жаңа 
мемлекеттің, жаңа әулеттің негізін салады. Сұлтан Сейіт-ханның 
мемлекетінде М.Х. Дулати ірі әрі маңызды мемлекеттік және әскери 
лауазымдарды иеленеді. Сұлтан Сейіт-ханның баласы, тақтың мұрагері, 
бірақ ол кездері әлі сұлтан Әбд-әр-Рәшид-ханның тәрбиешісі болды.
Мырза Мұхаммед Хайдар 1533 жылы Сұлтан Сейіт-ханмен бірге 
Тибет жорығына қатысты. Сол жорықта хан қайтыс болғаннан кейін 
Әбд-әр-Рәшид-хан Мырза Мұхаммед Хайдардың туыстарын қудалай 
бастады. Ойшыл-тарихшының немере ағасы, дулат билеушілері 
әулетінің үлкені Сейіт Мұхаммед-мырза өлтірілді.
Немере ағасының өлтірілуінен кейін Мырза Мұхаммед Хайдар 
дулаттың Жәркендке келуі неғайбыл болып қалды да, ол Бадахшан мен 
оның төңірегіндегі таулы аймақтарда ұзақ уақыт бойы кезіп, ақырында 
Үндістандағы Камран-мырзаға кетеді.


116 
Дулатидің немере ағасының өлтірілу себебі туралы мәліметтер 
қайшылықты: 
жазушының 
айтуынша, 
мұның 
төркінін 
оның 
тәрбиеленушісінің билікқұмарлығынан да, кейінірек ірі лауазымдарға ие 
болған кейбір әмірлердің қитұрқы қимылдарынан іздеу керек сияқты. 
Дегенмен, Әбд-әр-Рәшид-ханның бұл репрессиясын Сұлтан Сейіт-
ханның қайтыс болуынан кейін Дулат әулетінің үлкенінің (Сейіт 
Мұхаммед-мырзаның) Жәркендке шұғыл жетуін осы өлкедегі 
дулаттардың 
бұрынғы 
билігін 
қайта 
келтіру 
ұмтылысымен 
байланыстыруға да болатын секілді. «Тарих-и Рашидиде» оның 
авторының өз шәкіртіне өкініш пен кінәға толы төрт қатар шумақ 
болғанымен, өз шығармасының атауын Әбд-әр-Рәшид-ханға бағыштал-
ғанына қарағанда Мырза Мұхаммед Хайдар ханның алдында ақталуға 
тырысқанға ұқсайды. Бұл шығарманың «Рәшидтің тарихы» аталу 
себебін автор өзі былайша түсіндіреді: «...Кітаптың «Тарих-и Рашиди» 
аталуының мынадай үш түрлі себебі бар. Оның біріншісі, Тоғлық Темір 
хан ислам дінін мәуләна Аршададдиннің ықпалымен қабылдады. Біз 
бұған кейінірек тоқталамыз. Екінші бір себебі Тоғлық Темірге дейін-ақ 
исламды Барақ хан, одан кейін Кебек хан қабылдаған еді. Алайда, осы 
хандар дәуірінде моғол ұлыстары ислам дінінен дұрыс жол таба алмады. 
Ал құдіретті де мәртебелі Тоғлық Темір хан мен бақытты Моғол ұлысы 
исламнан дұрыс жол тауып, ұлылыққа бет бұрды. Үшіншіден, қазіргі 
уақытта моғол ханы Әбдірашид хан болғандықтан, бұл тарих соған 
арналып, оның құрметіне құрастырылып отыр. Осы үш себептен бұл 
тарих «Тарих-и Рашиди» («Хақ жолындағылар тарихы») деп аталынды» 
[99, 41].
Өмірінің соңғы жылдарында Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати Ұлы 
Моғолдардың атынан өзі жаулап алған Кашмир қаласын басқарды. 
Таулы аймақтағы тайпааралық қақтығыс кезінде ол өз оққағарының 
жебесінен кездейсоқ өлім құшқан, оның жәй кездейсоқтық болмауы да 
мүмкін. «Енді ол орнықты, байсалды азамат болып, жақсы жолға түсіпті 
деп естідім. Жазуға, сурет салуға машық, жебе жасауға, зергерлікке, 
садақ шыбығын июге қолының ебі бар. Он саусағынан өнер тамған 
жігіт. Ақындық дарыны да бар еді. Ол менен кешірім сұрап хат 
жазыпты, сөз саптауы тәп-тәуір» [87, 31].
Өмірбаяны осындай оқиғалармен айшықталған Дулати тек 
мемлекет қайраткері ғана емес, ортаазиялық фарси тілінде жазылған 
«Тарих-и Рашиди», түркі тілінде жазылған «Жахан-наме» сияқты өз 
шығармаларын кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған өз заманының 
белгілі тарихшысы, өзіндік философиялық көзқарастары бар ойшыл-
ғұламасы да болды. Оның үстіне Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати қазақ 
халқының этногенетикалық тұрғыда жаңғырып құралып, саяси дербес 
Қазақ хандығы мемлекетінің қалыптасқан кезінде өмір сүрді. Сондықтан 
да оның «Тарих-и Рашиди» еңбегі ортағасырлардағы қазақ халқының 


117 
тарихынан дұрыс мәлімет беретін (Темір әулетінің және Шәйбан 
әулетінің сарай тарихшыларының қалдырған жазба деректерімен 
салыстырғанда) бірден-бір жазба дерек көзі. Сол себепті де 
орталықазиялық тарихқа қатысты зерттеулерде бірде-бір медиевист бұл 
еңбекті, өзінің ғылыми айналымға енген кезінен бастап, айналып өткен 
емес, өйткені бұл шығарма өзінің шынайлығымен, ғылыми дәлдігімен, 
салмақтылығымен 
ерекшеленеді. 
Дулатидің 
философ 
ретіндегі 
дүниетанымдық көзқарастары да осы шығармаларды талдау барысында 
анағұрлым айқын аңғарылады. Тарихшы ретінде отандық тарих 
ғылымына кеңінен танымал Дулатидің қазақтың рухани мәдениеті мен 
дүниетанымдық жүйесі тарихындағы ойшыл ретінде алатын орны осы 
күнге дейін басы толық ашылмай келе жатқан мәселелердің бірі болып 
отыр. Ұлы бабамыздың өмірдерегін шолып өткеннен кейін оның рухани 
мұрасын, әсіресе қазақ халқының тарих философиясына қатысты оның 
«Тарих-и Рашиди» еңбегін (онан өзге оның «Жахан-наме» атты еңбегі де 
сақталып қалған) сипаттаудың реті келіп тұр. 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің ақындық мұрасынан қалған жалғыз 
шығарма – ертегі үлгісімен құрылып, түркі тілінде жазылған – 
«Жаhаннама» дастаны. Бұл шығарма Алманияда Берлин қалалық кітап-
ханасында сақтаулы тұр. Мұны белгілі башқұрт ғалымы Ахмет Зәки 
Уәлиди кездестірген. Қолжазбаны 1814 жылы Молда Омар ибн-Қашы 
көшірген. Көлемі 125 бет. Хайдар мырзаның бұл еңбегі әлі қалың 
оқырман қауымының қолына тиген жоқ.
Ал «Тарих-и Рашиди» шығармасына келер болсақ, оның шығыстық 
тарихнамалық дәстүрде де, батыстық тарих ғылымында да ертеден кең 
танымал екендігін атап өткен жөн. «Тарих-и Рашидиді» кейінгі 
замандағы тарихшылар дерекнама ретінде көп пайдаланды. Мысалы, 
XVI-XIX ғасырларда көптеген тарихшылар, әдебиетшілер, жыршылар, 
оның ішінде Әмин Ахмет Рази, Махмұд бен Уәли, Мұхаммед Азам және 
т.б. өз шығармаларында М.Х. Дулатидің еңбегінен мәліметтер алып, 
оған сілтеме жасап отырды.
Аталмыш шығарма сондай-ақ Батыс ғылымына, әсіресе орыс 
шығыстану ғылымына да таныс болды. Еуропа жұртшылығы Мырза 
Хайдардың шығармашылығымен XIX ғасырдың аяғында танысып 
үлгерді. Ағылшын отаршылары «Тарих-и Рашидидің» парсы тіліндегі 
қолжазбасын Үндістаннан тауып, оны ағылшын тіліне аударып 1895 
жылы және 1898 жылы Лондонда екі мәрте жариялаған [100]. Атақты 
ориенталист-ғалым, академик В.В. Бартольд бұл шығармаға былай деп 
баға береді: «М.Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегі XVI ғасырдың 
тарихи-әдеби ескерткіші болып табылады және Шығыс Түркістан 
бойынша аса маңызды деректердің бірі» [101, 75]. Ал Мұхаммед Хайдар 
Дулатидің осы еңбегінің үзіндісін ең алғаш орыс тіліне аударып, оның 
қазақтарға қатысты тұстарын терең зерттеген В.В. Вельяминов-Зернов 


118 
былай дейді: «М. Хайдардың жазғандарының барлығы дерлік – жаңалық 
және мейлінше қызғылықты. Әңгімелері қай жағынан қарағанда да 
үйлесімді және жауапкершілігімен ерекшеленеді» [102, 113]. Кеңестік 
дәуірде шығыстану ғылымы ортағасырлық бұл шығарманы біршама 
жоғары деңгейде зерттеді. Белгілі тарихшы-зерттеушілер С.Г. 
Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов «Тарих-и Рашидиді» ортағасырлық 
мұсылман тарихнамасындағы Қазақ хандығының ерте тарихын 
бяндайтын жалғыз шығарма ретінде бағаласа, Орта Азияны зерттеуші-
ғалым П.П. Иванов «бұл еңбек – XV-XVI ғасырлардағы Моғолстан өмірі 
туралы мәліметтерге негіз болатын жалғыз дерек» деген қорытындыға 
келеді [103, 12].
Бір айта кететіні, түбі бір түркі халықтарының ортақ мұрасы болып 
келетін Мұхаммед Хайдар Дулати бабамыздың көлемі 50 баспа табақ 
болатын осы шығармасын ғылыми айналымға кеңінен енгізуде өзбек 
оқымыстылары қомақты үлес қосты. Орталық Азияның тарихын 
қалпына келтіруде аса құнды бұл еңбекке қатысты Р.Г. Муминовтың, А. 
Урунбаевтың, С. Әзімжанованың, Р.П. Жәлелованың, Х. Хасанованың 
зерттеулері жарияланды. Тәшкент қаласындағы Өзбекстан Ғылым 
академиясы Шығыстану институтының ғалымдары 1996 жылы Әмір 
Темірдің 660 жылдығына орай «Тарих-и Рашидиді» орыс тіліне 
толығымен аударып шығып, игілікті іс атқарды [104]. Отандық 
шығыстану және тарих ғылымдарында да бабамыздың бұл мұрасын 
игеруде қыруар жұмыстар атқарылды. Кеңес дәуірінде еліміздің 
археология, тарих, энография және т.б. ғылымдарының дамуына орасан 
зор үлес қосқан ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан 1941 жылы «Әдебиет 
және искусство» (кейінгі «Жұлдыз») журналында даңқты тарланбоз 
жайлы «Қазақтың тұңғыш тарихшысы» атты арнайы мақала жазып, 
халқымыздың тарих философиясының тамырын тереңге бойлатты [105]. 
Ғылымдағы бұл дәстүрді кейінірек К.М. Байпақов, Б. Көмеков, Б. 
Қожабеков, Н.Н. Меңғұлов, К. Пищулина-Жандосова, Т.И. Сұлтанов, Ә. 
Хасенов, В.П. Юдин және т.б. жалғастырды. Кемеңгер ойшыл 
бабамыздың өмірінің тарихи кезеңдері мен оның әлеуметтік-саяси 
көзқарастарын жүйелеуде белгілі тарихшы-ғалымдар Б. Албанидің, С. 
Жолдасбаевтың, М. Қозыбаевтың, М. Қойгелдиевтің, Т. Омарбековтің 
және т.б. үлестері ерекше. Бұл зерттеушілердің еңбектерінде Қазақ 
хандығының құрылуы мен қалыптасуы дәуіріндегі тарихи-этникалық 
және әлеуметтік-саяси, мәдени мәселелер қамтылып, қоғамдық ойдың 
дамуына өлшеусіз үлес қосқан М.Х. Дулати сияқты ойшылдардың 
көзқарастарына талдау жасайды.
Дегенмен, елімізде Мұхаммед Хайдар Дулатидің рухани мұрасын 
игеруде жаңа лептің республикамыздың тәуелсіздік алуымен 
басталғанын атап айта кету керек. 1999 жылдың күзінде әлемдік ғылым, 
білім мен мәдениет тарихында өзіндік үлкен орны бар, қазақ тарихының 


119 
атасы атанған ұлы ғалым, көрнекті мемлекет қайраткері, ақын әрі 
қолбасшы мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің туылғанына 500 жыл 
толды. Бұл мүшел той тек біздің елімізде ғана емес, ЮНЕСКО-ның 
айтулы мерзімдер күнпарағына енгізілгендіктен, онан тыс жерлерде де 
аталып өтілді. Дана әрі батыр бабамыздың мұрасына деген 
қызығушылық арта түсіп, мерзімдік көпшілік және ғылыми 
басылымдарда ол туралы мақалалар көптеп жариялана бастады. Тараз 
университеті У. Бішімбаевтың ұйымдастыруымен ғалымның өмірі мен 
шығармашылығына арналған бірнеше халықаралық ғылыми-теориялық 
конференциялар өткізді. Осы оқу орнына Мырза Мұхаммед Хайдар 
Дулати аты берілді. М.Х. Дулатидің суреттері оқу орындарының 
дәрісханалары мен кітапханаларының төрінен орын алды. Шығармалары 
оқулықтар мен оқулықтарға енгізілді. 
Тәуелсіз Қазақстанда дулатитану ғылымын өркендетуге отанымызға 
танымал шығыстанушы-ғалым, қазіргі бас муфти Әбсаттар қажы 
Дербісәлінің ерен еңбек сіңіргенін ерекше атап өтуге болады. Бұл кісі 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен оның қалдырған мұрасын асқан 
ыждаhаттылықпен зерттеді. Үндістанға, Кашмирге арнайы ғылыми 
сапармен барып, ұлы бабамыздың жатқан қабірін тапты және ол туралы 
алғаш рет өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалық жазды. М.Х. 
Дулати қоғамдық қоры құрылып, осы қордың ұйымдастыруымен, 
«Тарих-и Рашидиді» 1996 жылғы Тәшкентте шыққан орыс тілді толық 
басылыммен салыстыра отырып, парсы тілінен тікелей қазақ тіліне 
аудару қолға алынды. Бұл шара 2003 жылы аяқталып, жақсыдан қалған 
осы жәдігер Алматы қаласындағы «Тұран» баспасынан басылып шықты. 
Парсы тілінен Ислам Жеменей тәржімәлап, оның ғылыми редакциясына 
Ә. Дербісәлі, Ә. Байбатша, Б. Кәрібаев, М. Қазыбек сияқты зерттеуші-
ғалымдар атсалысты. Осылайша көптен күткен игілікті іс жүзеге асып, 
ұмыт қалған ата мұра ұрпақтарымен қайта қауышты. 
«Тарих-и Рашиди» Кашмирде жазылды және ол екі дәптерден 
тұрады да оның екінші дәптері біріншісінен бұрын жазылды: біріншісі 
1546 жылы, ал екіншісі 1542 жылы аяқталды. Бұл шығарманың түрік 
тілінде көптеген аудармалары болды, ағылшын тіліндегі тәржімәсі де 
жарияланды. Орыс және қазақ тіліндегі аудармалары таяуда ғана іске 
асырылды, бірақ орыс тіліндегі аудармалары үзінді түрінде көп мәрте 
қолданылды.
«Тарих-и Рашидиді» жазу барысында жергілікті халық арасында 
кеңінен таралған ауызекі әңгіме, аңыздар кеңінен қолданылған. 
Сонымен қатар, Мырза Хайдар өз шығармасында өзі пайдаланған 
бірнеше еңбектердің атауын келтіреді: Мір Ғияс ад-Дин Мәнсүрдің 
«Джам-и гити-нумай», Жақұттың «Та’риф-и булдан», Фазылаллах 
Рашид ад-Диннің «Джами ат-тауарих», Хамдаллах-мустауфи Казвинидің 
«Та’рих-и гузида», Әбд ар-раззақ Самарқандидің «Та’рих-и манзум», 


120 
Ұлықбектің «Улус арба а», Қазіреті Мәулана Мұхаммед Қазидің 
«Силсилат ал-арифин», Захир ад-Дин Бабырдың мемуарлары мен 
«Мубайин» және тағы басқа еңбектер. Дулатидің аталмыш еңбегінде 
Ата Мәлік Джувейнидің «Та’рих-и джахан-кушай» еңбегі мен Шараф ад-
Дин Әлі Иездидің «Зафар-наме» еңбегінен көлемді көшірмелер 
кездеседі.
«Тарих-и Рашиди» ең алдымен тарихи дерек ретінде аса құнды. Бұл 
еңбек сол кездері қазіргі Қазақстан территориясының оңтүстігі мен 
оңтүстік-шығысын алып жатқан Моғолстанның және Қашқарияның 
тарихына, оны билеген шағатайлық нәсілдегі хандардың тарихына, 
дулат тайпасының тарихына, оның Шығыс Түркістандағы билеуші-
лерінің тарихына арналған. Мырза Хайдардың еңбегінде Орталық 
Азияны мекен еткен өзге де халықтардың тарихы, тарихи географиясы, 
салт-санасы және т.б. туралы орасан көп мәліметтер кездеседі. «Тарих-и 
Рашиди» сол заманның басқа деректерімен, оның ішінде «Бабыр-
намемен» салыстырғанда, Моғолстан мен Моғолия туралы басқа еш 
жерде кездеспейтін хабарларды береді, сондықтан да Моғолстан мен 
Шығыс Түркістанның ортағасырлық тарихын зерттеген шығыстанушы 
авторлардың барлығы дерлік осы тарихи дерек көзіне сүйенеді.
«Тарих-и Рашиди» – қазақ халқының тарихы бойынша ең негізгі 
жазба деректердің бірі. Онда қазақтар туралы мәліметтер өте мол, Керей 
мен Жәнібек ауып көшкенге дейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтың тарихы 
бойынша да ақпараттар кездеседі. Мұхаммед Хайдар қазақ мемлекет-
тігінің негізін салған осы қоныс аудару прецеденті туралы және осыған 
байланысты қазақтардың өз этнонимін қалай алғанын да хабарлайды. 
«Тарих-и Рашидиде» бастапқы қазақ хандары туралы, қазақ-моғол және 
қазақ-өзбек қатынастарының одақтастығы немесе дұшпандығы туралы, 
Моғолстанды, қазіргі Қырғызстанның территория-сын басып алудағы 
қазақтар мен моғолдардың бәсекелестігі туралы, Жетісудың, Түркістан-
ның және т.б. елдер мен аймақтардың тарихы, тарихи географиясы, 
топографиясы, әдет-ғұрыптары туралы материалдар да молынан 
ұшырасады.
Қазақ хандығының онан арғы саяси тарихы нығаюмен, күшеюмен 
сипатталады. Тарихи тағдырларға сәйкес Орталық Азиядағы басқа да 
көшпенді мемлекеттер сияқты Моғол мемлекетінің де саяси сахнадан 
кеткені мәлім. Ал оны құраған этникалық тайпалар мен рулар, оның 
ішінде біз қарастырып отырған Мырза Хайдар бабамыздың тегі болып 
саналатын дулат руы да қазақ халқының этникалық компонентіне 
кіретін Ұлы жүздің құрамына енді. Сондықтан да осыдан-ақ М.Х. 
Дулатиді ұлттық-мәдени идентификациялауға қатысты қайшылықты 
пікірлерден дұрысын анықтап алуға болады. Оның үстіне Дулати 
шығармашылығынан аңғарылатын оның дүниетанымдық көзқарастары 
қазақтың ұлттық ойлау жүйесіндегі тұтастықты бұзбайды, керісінше 


121 
рухани сабақтастықтың ізі айқын байқалады. Мұхаммед Хайдар Дулати 
өзі өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын әр қырынан 
пайымдап, сол қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани-мәдени жетістіктері 
мен кемшіліктерін ой таразысына салып, сайып келгенде, оның 
философиялық ойлау жүйесіне, оның ішінде тарих философиясына 
өзінің өлшеусіз үлесін қосты. Дулатидің дүниетанымдық, тарихи-
философиялық көзқарастарын қарастырмас бұрын, бүгінгі ғылыми 
түсініктегі тарихи сана ұғымына, әлемдік тарихнамада қазақ тарихының 
алатын орнына тоқтала кетейік.
Тарих – бұл бүгінгі ұрпақтың әлеуметтік жады. Жады немесе 
әлеуметтік ес неғұрлым терең болған сайын адам да, тұтастай алғанда 
қоғам да рухани бай болады. Бүгінгіні түсіну мен болашақты болжау 
үшін өткенді білу тарихи білімнің негізгі арқалайтын жүгі екендігі рас. 
Ал бұл тарихи білім берудің мақсаты жан-жақты дамыған тұлғаның 
ойлау мәдениетінің қажетті компоненті ретіндегі тарихи сананың 
элементтерін адам бойында қалыптастырумен ұштасып жатады. Тарихи 
білім немесе тарихи эрудиция – бұл тұлғаның рухани байлығы. Қазіргі 
адамның алдыңғы буынның жинақтаған әлеуметтік-мәдени тәжірибесіне 
тереңірек ендеген сайын оның өмірлік және азаматтық ұстанымы да 
айқындала түседі. Тарихи білім адамның ғылыми дүниетанымының 
қалыптасуына, оның бойында адамгершілік мұраттардың егілуіне ықпал 
етеді. Отанға деген сүйіспеншілік, оның өткені мен бүгінін мақтан тұту 
патриотизм деп аталатын сезімдердің құйылысын тудырады.
Тарихи айғақтар, уақиғалар адамның санасында қашанда белгілі бір 
көзқарастармен байланыста құрастырылады. Ал кеңес дәуірінде жалпы 
ойлау мәдениетінің дүниетанымдық негізін маркстік-лениндік теория 
құрады. Алайда бұл ілімнің сыңаржақтылығы кеңестік өзге ғылымдар 
сияқты тарих ғылымында да қайшылықтардың орын алуына негіз 
болды. 
ХХ ғасырда табиғи және әлеуметтік өмірде орын алған ғаламат 
өзгерістер адамзаттың алдына ғаламдық мәселелерді қойды. Қоғамдық 
дамудағы нақты-тарихи, ұлттық және таптық мәселелердің қойылуы мен 
олардың шешілуі, дәстүр мен жаңашылдықтың, әлеуметтік ес пен 
индивидуалдық жадының, жаттану мен ұжымшылдықтың арақатынас-
тары мәселелерінен кеңестік гуманитарлық пәндер салаларымен қатар, 
тарих ғылымы да тыс қала алмады. 1980-ші жылдары кеңестік ғылымда 
бұл қалыптасқан жаңа ахуалдың теориялық көрінісі әлеуметтік 
зерттеулердің мәселелерін талдаудағы әртүрлі бағыттардан көрінеді: 
философиялық-әлеуметтанымдық 
[106], 
гносеологиялық 
[107], 
мәдениеттанымдық [108], методологиялық-тарихи [109]. 
Бұл бағыттардың соңғысы тарих ғылымының әдістемелік 
мәселелерін талдау негізінде қалыптасты. Бұл мәселелерді соңғы екі 
онжылдықтар бойы белсенді түрде талдау әлеуметтік шарттылық 


122 
туралы, тарихи білімнің қызметі мен мақсаты туралы мәселелерді 
кеңінен қойып, оны тарихи танымға деген гносеологиялық тәсілдің 
шеңберінен тысқа алып шықты. Ғылымның жинақтаған бай тарихна-
малық материалын игеру, арнайы мамандандырылған білім дамуының 
заңдылықтарын бекіту, тарихнамалық сипаттау мен түсіндірудің 
ғылыми бағдарламаларының, әдістерінің, формаларының өзгеру 
себептерін түсіну қажеттіліктері туындады. Шын мәнінде бұл тарих 
ғылымының тұжырымдамалық тарихын қалыптастырудың үлкен 
міндеттері болып саналады. Оларды шешу жолында тарихнамалық 
жұмыстың саналы тәсілдері мен эмпирикалық қондырғыларын 
анықтайтын терең негізді айқындау мәселесі ретіндегі тарихи сана 
мәселесі пайда болды. Осыдан барып тарих ғылымының методоло-
гиясынан бастау алатын сирек болса да еңбектер гносеологиялық реңге 
ие болады. Осыдан барып «тарихи сана» ұғымының екі мағынасы келіп 
шығады: тарихнамалық көзқарастармен сәйкес келетін тар мағынасын-
дағы және дүниетанымдық парадигма сипатына ие кең мағынада. 
Мұның соңғысы нақты-ғылыми көзқарасты, оның тетігі мен нәтижесін 
білдіреді.
Шындығында, тарихи сананың өзіндік феноменін, оның 
модификацияларын зерттеу келешегі бар міндет болып табылады. 
Тарихи сананың тар шеңберден шығып, тарихнамалық білімдермен 
қатар, күрделі, жүйелі, полифункционалды құбылыс ретінде қарасты-
рылуы, арнаулы білім формасымен қатар, алуан түрлі формаларда өмір 
сүретін әлеуметтік-мәдени феномен ретінде көрінуі, сөз жоқ, бұл 
мәселенің көкжиегін кеңейте түседі.
Алдымен дәстүрлі «қоғамдық сана» сөзімен қатар, ғылыми 
айналымға кейін енгізілген «тарихи сана» терминіне байланысты 
мәселені шешіп алу қажет. Маркстік теорияның негізін қалаушылардың 
мұрасында «қоғамдық» және «тарихи» сөздері «сана» сөзіне предикат 
ретінде қолданылып, көбіне мағынасы жағынан синоним түрінде 
көрінгенімен, олар толық сәйкес деп айтуға болмайды. Керісінше, 
терминдердің мүлдем дерлік ажыратылмастай жақындығы әлеуметтік 
өмірдегі статикалық пен динамикалық, синхронды және диахронды 
бастаулардың өзара тәуелділігі мен сәйкессіздігінің нақты күрделілігін 
жасырып тұрады. Шындығында сана тарихи айқындалған (қоғамдық 
сана), қашанда бар нәрсе, бірақ ол сонымен бірге өткен жолды, оның 
ұзақмерзімділігі мен желісін пайымдайтын рефлексия болғандықтан да 
ол тарихи. Демек, «қоғамдық» және «тарихи» терминдерінің семанти-
калық әрқилылығы маркстік методологияның мазмұндық қырларымен 
анықталады. Бірақ ол бұрын теориялық мәнге ие болған жоқ, ал «тарихи 
сана» ұғымының және соған байланысты тематиканың айрықшалануы – 
потенциалды мәселенің қалыптасқанынан хабар берді.


123 
Тарихи сана – қоғамдық сананың, оның барлық элементтерінің, 
формалары мен жүйелерінің маңызды қыры. Сондықтан оны мейлінше 
көп кездесетін сананың «формасы» арқылы анықтау (А.Ю. Левада, А.И. 
Ракитов) дәл келмейтіндей көрінеді. Шын мәнінде, тарихи өлшем 
адамның қоғамдық болмысының, оның құбылмалылығының шешуші 
сипаттамасы болып табылады. Өткен жолын белгілей отырып, адам 
өзінің әлеуметтік сапасын да, оның нақтылығын да аңғарады. 
Сонысымен ол өзін әлеуметтік үдеріспен бірегейлендіреді және онан 
бөліп айрықшалайды. Тарихи сана әлеуметтік субъектті мәдени-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет