194
4.2 Қазіргі тарихи сана дамуының әлеуметтік-философиялық
қырлары
Қазіргі заман адамының тарихи санасында болашақ дамудың
нұсқаларын іздестіру оның өткеннің тарихи таңдауын дұрыс бағалай
білуіне байланысты болып келеді. XX – XXI ғасырлардың
аралығындағы
ғаламдық
өзгерістер,
соңғы
онжылдықтардағы
қоғамымыздың бастан өткерген әлеуметтік үдерістер, саясат пен
экономикадағы, қоғам мен мәдениеттегі модернизациялық үрдістер
тарихты сипаттаудың тілі мен теориялық тәсілдеріне, жалпы тарихи-
теориялық ойдың дамуына өзінің үлкен әсерін тигізді. Әлемдік және
отандық тарих ғылымдарында соңғы кездері жаппай орын алған
баламалылық идеяларының бой көрсетуі, историософиялық және
әдіснамалық идеялардың жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптауы,
міне осының бәрі әлеуметтік теориялардың ойлы концептуалды
тұстарының да, даулы риторлық тұстарының да тарихи сана мен тарихи
танымға зор ықпал ететінін аңғартып тұр.
Тарихнама саласында әр алуан радикалды жобалар жүзеге асырыла
бастады. Бір зерттеушілер тарихи зерттеудің негізқұраушы ұстыны
ретінде өркениеттік тәсілді ұсынып, іргелі тарихи ұғымдардың мазмұны
мен отандық тарихтың уақыттық-кеңістіктік өлшемдерін осы әдіске
қарай бейімдейді. Енді бірі әлеуметтік тәртіптің трансформациясындағы
флуктуациялардың
рөлі
туралы
синергетиканың
идеяларымен
қаруланып,
тарихи
үдерістерді
«коэволюция»,
«аттрактор»,
«құрылымдық конгруэнттілік», «бифуркация» ұғымдарының көмегімен
түсіндіруге шақырады. Үшіншілері тарихнамалық мәселелерді шешудің
кілтін дискурсивті талдаудың құралдарын иеленуден көрсе, қалғандары
тарихи талдаудың интегралдық парадигмасын басшылыққа алады.
Әрқайсысы өздерінше бір әдіснамалық ақиқатқа ұмтылған әлемдік және
отандық тарихты қайта құрудың бәсекелес рецепттерін, тарихты
сипаттаудың осындай қарама қайшылықты жобаларын, әдіснамалық
пікірталастарды бір ымыраға келтіру үлкен қиындық туғызып отыр.
Аталмыш мәселелер қазақстандық тарих ғылымында баламалы
тарихты сипаттау тұрғысында кеңінен орын алғанымен, ғылыми
әдіснамалық пікірталастардың толқынын туғыза қойған жоқ. Ал
Батыстың, сондай-ақ көршілес Ресейдің философиялық-тарихи ойында
соңғы онжылдықтарда көптеген идеялар мен тұжырымдамалар пайда
болды. Және олардың болашақта тұтастай алғандағы әлеуметтік-
гуманитарлық білімдегі күре бағыттың біріне айналатындай ғылыми
әлеуетке ие екендігін теріске шығаруға болмайды.
Тарихнамада қалыптасқан бұл ахуалды орыс философы әрі
тарихшысы М.А. Баргтың «тарихнамалық төңкеріс» деп атағанын
зерттеудің басында айтып өткенбіз. Орыс ғалымдарынан ертеректе бұл
мәселеге американдық зерттеушілер де назар аударды. Т.С. Хеймроу бұл
195
төңкерістің түбірін біз өмір сүріп отырған әлемді түсінуге тарихтың
дәстүрлі әдіснамасының лайық келмейтінінен, соның салдарынан
қоғамның тарих кәсібіне деген сенімнен айрылғанынан көреді. Сол
себепті «көптеген тарихшылар басқа әлеуметтік ғылымдарға лап қойды
да, бұл тарихты «өз шекпенінен» шығуға мәжбүр етті. Нәтижесінде
осыдан 2000 жылдан бұрын тарих пайда болған кездегіден де үлкен
төңкеріс тарих ғылымында орын алды. Келесі бір көрнекті американдық
тарихшы М. Кеммен бұл төңкерістің мәнін жұмсартып көрсетеді:
«әрине, төңкеріс әдіснамалық санада болып өтті және бұл тарихи
білімнің
эпистемологиялық
мәселелеріне
деген
ерекше
қызығушылықтан және тарихтың әдіснамасының өзін ерекше пән
ретінде мойындаудан көрініс тапты».
Батыстық әлеуметтанудың қазіргі заманғы классигі Ч. Тиллидің
айтуынша, әр алуан әлеуметтік ғылымдарда, әсіресе әлеуметтануда
тарихқа деген қызығушылық өсе түсті, «тарихи ойлау мен тарихи
зерттеулердің ұлы қайта түлеуі» үдерісі жүрді. Бұл американдық
зерттеушінің пікіріне сай, 1960-жылдарға дейін әлеуметтанудың
қорында қайта жаңғыруға жеткілікті болатындай тарихтың салмағы өте
аз болатын» [155, 131 б.].
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы интеллектуалдық ізденістердің
барлығына дерлік «әлеуметтілік» ұғымы тән болып келіп, олар
әлеуметтік
теориялармен
байланысты
болды.
«Әлеуметтілік»
парадигмасының гуманитарлық ғылымдар кешенінде XIX-XX ғасыр
аралағында пайда болғанын айта кету керек. Адам болмысының
«деңгейлерін» білдіретін бұл ұғым бұқаралық қоғамдық қозғалыстар
мен дүмпулер қанат жайған кезеңде орнығып, ол К. Маркс, М. Вебер, Э.
Дюркгейм әлеуметтануының, ғылымдағы позитивизмнің әсерімен
жайылған «Анналдар» қозғалысының жетекшілігімен сипатталатын
әлеуметтік тарихтың жаңа жобасын дүниеге әкелді. Жоғарыдағы қайта
түлеу, жаңғыртылу үдерісінің бастауы осы болатын.
Келесі бір көрнекті американдық әлеуметтанушы Р. Коллинз де осы
ойды айқындай түседі. «1960-жылдардың ортасынан басталып, қазірге
дейін жалғасып отырған зерттеулер кезеңін, - деп жазады ол, –
Макротарихтың Алтын ғасыры деп лайықты түрде атауға болады. Бұл
кезеңнің талдау стилі маркстік және веберлік идеялардың өзара әсері
мен әрекеті болып табылады. Ал оның мәні тарихтың әлеуметтанулық
теориялар үшін макроскопқа, яғни саяси және экономикалық
құрылымдарды зерттеудің құралына айналуынан аңғарылады» [156, 72
б.]. Алайда бұл тарихтың болашақта әлеуметтануға сіңіп кетпейтінін
білдірмейді. Бұл тарихнамалық төңкерістің тек тарихтың пәнаралық
мәртебесін
бекіте
түскенін
ғана
байқатса
керек.
Көптеген
тарихшылардың әлеуметтік ғылымдарға тарпа бас салуы тарихтың «өз
шекпенінен тысқа шығуға» мәжбүр еткені рас, бірақ бұл өз зерттеу
196
пәнінің құрылымындағы көзқарастардың күрт өзгерісіне сай қазіргі
ғылымдардың бүкіл жүйесінде жүзеге асып жатқан жаңашылдықтарға
сәйкес өз зерттеушілік тәсілі мен құралдарын жаңартып, қарқынды даму
үстіндегі бүгінгі тарих ғылымында қалыптасқан әдіснамалық
рефлексияға деген қажеттілікті ғана білдіреді.
Енді әлеуметтік ғылымдар мен қоғамда қалыптасқан осы
тарихнамалық ахуалды талдап көрейік. Бұл қазіргі тарихи сананың
жоғары деңгейі тарихи танымның бүгінгі теориялық келбетін түсіндіріп
беруге септігін тигізеді.
Қазіргі тарихнамалық ахуалдың қалыптасуын тарих ғылымында
орын алған тарихи антропологиялық әр алуан бағыттардың пайда
болуынан бастауға болады. Бұлар өзінің зерттеу пәні - өмірдің барлық
көріністерінде алынған мәдени-тарихи детерминацияланған адамды
зерттеудің полидисциплиналық синтезін іске асырудың келешегі,
әлеуметтік-мәдени стереортиптерді пайымдаудың әдіс-тәсілдері болып
табылады. Тарихи субъекттің әлеуметтілігі тұлғааралық қарым-
қатынастың салдарынан орныққан табиғи қасиет деп түсіндірілді. Адами
байланыстар
мен
қатынастардың
шынайылығы
индивидке
жақындатылған әлеуметтік микротоптар мен қауымдардың деңгейіндегі
әлеуметтік өмір шеңберінде ғана ұғынықты болады. Әлемдік
тарихнамада микротарихи тақырыптың осы себепті орын алғаны белгілі.
Әр алуан әдіснамалық және әдістемелік тәртіптегі микротарихи
бағыттардың
бірқатар
ортақ
тұстары
бар:
әлеуметтік-тарихи
зерттеулерде ұзақ уақыт бойы үстемдік етіп келген макротәсілдерге
деген сыни көзқарас; әлеуметтілікті құрылымдаудағы адамдардың
тәжірибесі мен әрекетінің рөліне басымдылық беру; жалпылықтан гөрі
ерекшелікке баса назар аудару.
Алайда 1980-жылдардың ортасынан бастап тарихи түсіндірме үшін
«әлемнің кескінін» айқындаудың жеткіліксіз екендігі аңғарылды,
өйткені адамдар өз әрекетінде басшылыққа алатын дәстүрге сүйенген
кәдуілгі санасының, олардың көзқарастары мен құндылықтарының өзі
зерттеулерді талап ететіні байқалды. Осылайша өткен ғасырдың 80-ші
және 90-шы жылдарының аралығында өткен адамдардың өмірінің
барлық саласын құрылымдық бірлікте және әлеуметтік байланыстар мен
мәдени-тарихи дәстүрлердің түйісуінде зерттеуді қажет ететін
әлеуметтік тарихтың жаңа парадигмасы пайда болды.
Егер бастапқыда әлеуметтік-тарихи зерттеулердің барысын ұғымдық
аппараттары мен талдау құралдары бір-біріне сәйкес келмейтін макро-
және микротарихтардың дуализмі құраса, кейінірек, 1990-жылдардың
ортасына қарай «романдық» («франко-итальяндық», мысалы, Б. Лепти
және Ж. Ревельдің жетекшілігімен шыққан «Тәжірибенің формалары»
еңбегінен бастау алатын тарихи антропологиядағы дара және ұжымдық
әрекеттің мотивациясы мен стратегиясын зерттеу), «англосаксондық»
197
(ағылшын әлеуметтанушысы А. Гидденстің құрылымдау теориясы) және
«германдық» (әлеуметтік тарих пен тарихи антропологияның
жетістіктерін біріктіруге қабілетті «күнделікті әрекеттің мәдени тарихы»
атты зерттеушілік бағдарламасын ұсынған неміс тарихшысы Мартин
Дингес) деп шартты түрде бөлуге болатын микро- және
макротарихтардың
интеграциясының
теориялық-әдіснамалық
мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін нақты зерттеулердің тәжірибесі
жинақтала бастады.
Тарихтың
дара
немесе
ұжымдық
субъекті
әрқилы
қауымдастықтардың (отбасылық-туыстық, әлеуметтік-кәсіби, тұйық-
территориялық, этносаяси топтардың) күрделі қосындысынан түзілген
құбылмалы әлеуметтік ортада, өзге индивидтер мен топтардың да
қалауынан, ұмтылыстарынан, әрекеттерінен және өткеннің әлеуметтік-
тарихи практикасынан құралған тарихи ахуалда өмір сүреді. Әлеуетті
себептердің адам әрекетінің «өзекті» ниеттеріне айналу тетігін зерттеу
оны әлеуметтік қырынан да, тарихи қырынан да кешенді талдауды қажет
етеді. Демек, тұлғаның қылығы мен әрекетіне қоғамның ықпалын
айқындайтын макротарихқа да, нақты тарихи практика деңгейінде
әлеуметтіліктегі даралықты және даралықтағы әлеуметтілікті аңғаруға
мүмкіндік беретін микротарихқа жүгіну осы қажеттіліктен туындайды.
Жүйелік-құрылымдық
және
субъективтік-әрекеттік
тәсілдердің
комбинациясына сүйенген әлеуметтік талдаудың кешенді әдісін нақты-
тарихи зерттеулерде практикалық түрде қолдану осылайша күн тәртібіне
шыққан еді. Осының салдарынан тарихшылар бұрынғы дәстүрлі
нарративтік формадан бас тартып, осы уақытқа дейін әлеуметтанушы
ғалымдардың еншісінде болып келген саяси, дипломатиялық, әскери,
экономикалық, мәдени және т.б. бас сұғып, тарихи статистика, тарихи
демография, тарихи әлеуметтану, тарихи психология, тарихи
антропология сынды арнайы пәндерді дамыта бастады. Басқаша
айтқанда, «жаңа тарих ғылымының» қалыптасуын білдіретін тарихтың
ғылымилануымен (сциентизациясымен) сипатталатын тарихнамалық
төңкеріс жарияланды.
Мәдени антропологияланудың әсерімен болған бұл төңкерісті кейбір
зерттеушілер
батыстық
мәдениеттің
постмодернистік
трансформациясының маңызды құрамдас бөлігі деп те есептейді.
Ресейлік танымал зерттеуші Б.Г. Могильницкий жоғарыда сипатталған
анықтмаларды шартты түрде объективтік (сциентистік) және
субъективтік (постмодерндік) деп бөліп, оларды тарихнамалық
төңкерістің бірін бірі толықтыратын әртүрлі кезеңдері деп қарастырады
[157, 8б.]. Олардың біріншісі жаңакантшылдардың идиографизмін сынау
барысында тарихтың ғылымилығын негіздеумен және «ғаламдық
тарихты» құрастыруға ұмтылған тарихи-әлеуметтанулық зерттеулермен
сипатталса, екіншісі «субъективтілікке бет бұрумен» сипаталатын
198
«Жаңа Анналдар» мектебі өкілдерінің микротарихты ашуымен
түсіндіріледі.
Анналдар мектебі өз дамуы барысында бірнеше кезеңдерден өтті.
«Анналдар» журналының пайда болған кезінен 1956 жылы Феврдің
қайтыс болғанына дейінгі бірінші кезеңде тарихтағы «адам факторына»,
ментальдылық тарихына қызығушылық үлкен болды. Одан кейінгі
екінші кезең Бродельдің есімімен байланысты. Фернан Бродельдің «XV
– XVIII ғғ. материалдық өркениет, экономика және капитализм» деп
аталатын оның монументалдық еңбегі К. Маркстің экономикалық
ілімінен бастап, кондратьевтік ортамерзімді циклдерге дейінгі әртүрлі
деңгейлердегі экономикалық теорияларға сүйене отырып, «ғаламдық
тарихты» түсіндіру бағытындағы ізденістердің жеткен шыңы болды. Бұл
кезең экономикалық, географиялық және басқа да құрылымдарға,
сандық әдістерді ұлғайтуға, структурализмге деген қызығушылықпен
сипатталып, Бродельдің редакциялық комитет төрағасы лауазымынан
кетуімен аяқталады.
Одан кейінгі үшінші кезеңде журналдың жалпы мойындалған
жетекшісі болмайды және адамды әлеуметтік-мәдени шарттылықтағы
субъект ретінде қарастыратын оның идеялары Франциядан тысқа шығып
кетеді. Бұл кезеңнің Ж. Ле Гофф, Ж. Дюби, Э. ле Руа Ладюри сынды
көрнекті өкілдері болды. 80-жылдардан бастап «Анналдар мектебінде»
дағдарыстық кезең орын алады және тарих ғылымы тарихи
антрпологиямен
және
басқа
да
әлеуметтік
ғылымдармен
(әлеуметтанумен, саясаттанумен, экономикамен) жақындасу курсына
көшеді. 1989 жылдан бастап журналдың аты өзгерді. Ол «Анналдар.
Тарих. Әлеуметтік ғылымдар» деп аталды да, пайда болған кезіндегі
бастапқы атауынан экономикалық тарихты көрсететін белгі түсіп қалды.
Өздерінің эпистемологиялық негіздері мен зерттеушілік тәсілдеріне
сенімді болған «интеллектуалдық гүлдену мен оптимизм кезеңінің»
орнына «күмән кезеңі» келген «Анналдар мектебінің» осы тұсын
тарихнамалық төңкерістің екінші кезеңі деп атауға болады. Өткенді
зерттеудің тұжырымдамалық тәсілдеріндегі түбірлі өзгерістер бүкіл
әлемдік тәртіптің трансформациясымен қатар жүрді. Кез келген
идеологияға деген сенімсіздік ұлғая түскен шақта маркстік-веберлік,
құрылымдық теориялардың, сондай-ақ квантитативтік әдістердің
әсерімен қалыптасқан тарихтың үстем парадигмалары өздерінің
құрылымдық қабілеттерін жоя бастады. Зерттеудің алуан түрлі
формаларының дамуы имплицитті келісімге келуге мүмкін болмай
қалды. Сондықтан тарих ғылымы үшін жаңа негіздерді бекіту керек
болды немесе «картаны жаңадан тарату қажет болды» [158, 12 б.].
Анналдар авторларының пікірінше, «тарих өз пәнінің объектілерін
қалыптастырады, соның салдарынан тарихтың объекті одан тыс бола
алмайды». Осылайша кез келген ғылыми практика болмысты
199
болжамдардың
тізбегін
верификациялауға
арналған
негізде
құрылымдайды. Оның үстіне, бұл авторлар мәтін ретіндегі қоғам
метафорасынан шыға отырып, мағына өндірісіндегі оқырманның
белсене қатысуы туралы тұжырымды бекітеді. Бұл тарихтың
постмодерндік жорамалын білдірсе керек.
«Анналдар» мектебінің қызметін түйіндей келе, Франциядағы
әлеуметтік тарихтың қандай да бір жаңа тұтас үлгісі болды деп айта
алмаймыз, дұрысы, үлкен теориялық сезімталдық танытқан қазіргі
гуманитарлық жобалардың жаңа бір белгісі болды деп айта аламыз. 1980
- 2000-ші жылдардың аралығында олар марксизмнің, структурализмнің
немесе функционализмнің объективтік үлгілерінен алыстайды немесе
әлеуметтік нақтылықтарды дара және ұжымдық акторлардың белсенді
өзара әрекеті ретінде құрылымдай отырып, ол үлгілерден мүлдем қол
үзеді. Жаңа жобаларда коммуникация үдерістері мен дара әрекеттердің
басымдылығы қалпына келтіріледі, басқаша айтқанда, көбіне
«дескриптивті», «прагматикалық», «интерпретативті» немесе тіпті
«герменевтикалық» төңкерістер деген терминдермен айқындалатын
теориялық мәдениет қалыптасады. Анналдардың тарихнамалық
үлгісінің
үстем
дәуірінің
аяқталуы
дюркгеймдік
сипаттағы
объективизмнен қаша отырып, өз бойына әлеуметтік ғылымдардың
жетістіктерін сіңіруге ұмтылатын жаңа тарихнамалық рекомпозициялар
мен парадигмалардың бекітілуімен сипатталады. Тарих ғылымы
мұрасын ғаламдық ревизиялаудың қазіргі дәуірінде әлеуметтік
ғылымдармен жаңа альянсқа түсу өзекті, бірақ осы уақытқа дейін басым
болып келген тарихтың философиямен байланысы да өз мәртебесін
жоғалтпайды.
Қазіргі кезде тарихнамалық төңкерістің үшінші кезеңі жүзеге асып
жатқан тәрізді. Оның өзіндік ерекшелігі тарихи-теориялық ой
динамикасының
ұлғая
түсуімен
және
соның
салдарындағы
тарихнамалық
ахуалдағы
бұлыңғырлықтың
күшейе
түсуімен
сипатталады. Орыс зерттеушісі Л.П. Репина әлеуметтік тарихтың
метаморфозасы мен танымдық бағдарлардың алмасуы барысында ірі
табыстармен қатар, көңіл құлазытар тұстардың да болатынын айтады
[159].
Бұрынғы тұғырлардың қирап, болашаққа тиесілі жаңа
элементтердің орнықпай, үнемі өзгерісте болатын мұндай белгілер
барлық төңкерістерге, оның ішінде әдіснамалық, тарихнамалық
төңкерістерге де тән болып келеді. Мұндай жағдай тарих ғылымында
өткен ғасырдың соңынан бері орын алып келеді.
Ресейдегі тарихтың философиясы мен әдіснамалық мәселелерін
зерттеудің томскілік орталығының зерттеушісі С.Г. Ким қазіргі заманғы
тарихи ойдың жалпы дамуы ауқымындағы неміс тарихшыларының
теориялық-әдіснамалық ізденістерін мұқият зерттеудің нәтижесінде
бағдарламалық үндеулердің тарихнамалық практикаға біртіндеп орын
200
беруі барысында өткенді зерттеудің интегралды парадигмасына қол
жеткізудің бекерге шығып жатқанына көз жеткізеді: «Әлеуметтілікті
жаһандық игеруге деген ұмтылыстарға қатысты скептицизмнің ұлғая
түскенін аңғармай қалуға болмайды» [160, 192 б.]. Өзінің пайда болған
кезінде қаншама шу туғызғанымен, бірде бір қазіргі теориялар бұған қол
жеткізе алмай отыр.
Жаңа тарихнамадағы постмодернизмнің келу тарихы мен тағдыры да
осыны дәлелдеп тұр. Ол тарих ғылымында тұтастай кезеңді
қамтығанымен, ғұмыры өте қысқа болды. Модернистердің айтуынша,
атап айтқанда оның негізін қалаушылардың бірі Жак Дерриданың
пікірінше, ешқандай өткен шақ жоқ, болашақ әлі келген жоқ, тек
«бейсаналы осы шақ қана бар» [161, 149 б.]. Постмодерн тарихи
танымның объективті негіздерін де, тарихи шынайылықтың өзін де
өрескел теріске шығарғандықтан да тарихи қауымдастықта тұрақтай
алмады.
Постмодернизм туралы пікірталастар американдық тарихнамада,
дәлірек айтқанда, «Американдық тарихи шолу» деп аталатын ғылыми
басылымда көтерілді. Д. Харланның «Интеллектуалды тарих және
әдебиеттің қайта оралуы» деп аталатын мақаласында «постмодерндік
әдеби сыншылдық тарихтың өзінің тұжырымдамалық негіздері туралы
көптеген қауіпті мәселелерді көтерді және мұны тарихшылар енді
теріске шығара алмайды», деп жазды. Тарихи пәндердің түбегейлі
жаңаруы постмодерндік идеялармен байланыстырылды және бүкіл
тарихи баяндау мен интеллектуалды тарихтың дамуының күре тамырын
постмодерн көрсетіп береді деген сенім болды.
Алайда 1990-жылдардың өзінде-ақ американдық тарихнамада
постмодернизмді сынау үлкен орын алады. Тіпті тарихты постмодерндік
қатерден сақтау туралы да әңгімелер қозғалды. Өйткені «жаңа әдеби
сыншылдықтың» тұжырымдаған зерттеушіден тыс өткен болмыстың
шынайылығын теріске шығару тарихтың ғылымилыққа деген үмітін үзіп
тастайды. Тарихи дискурс өзінің табиғаты жағынан көркемдік
дискурспен теңгеріледі де, соның салдарынан тарихи ақиқат пен
көркемдік қиял арасындағы шекара жойылып кетеді. Ғылыми пән
ретіндегі
тарихтың
өмір
сүруінің
өзін
теріске
шығарған
постмодернизмнің мұндай «шектен шығушылықтары» осының
салдарынан оның әлеуметтік мақсат-міндеттерін де мойындамауға
әкелетіндіктен тарихшылардың заңды қарсылығын туғызды.
Постмодернизмге
деген
қатынас
оның
отаны
француз
гуманитаристикасында анағұрлым салмақты болды. 1987 жылдың өзінде
П. Бурдье әлеуметтік болмысты сипаттаудағы объективтік және
субъективтік антитезаны теріске шығарып, керісінше олардың
байланысындағы құрылымдық сипатына баса назар аударады. Қазіргі
француз тарихнамасының көрнекті өкілінің бірі Р. Шартьенің 1989
201
жылы жариялаған «Көзқарас ретіндегі әлем» мақаласының атауының өзі
тарихи білімнің постмодернистік түсіндірмесін, оның субъективистік-
релятивистік табиғатын айқындайды.
«Өткенді конструкциялау» туралы постмодернистік қағида кейінгі
тарихи әдебиетте біршама таралды. Бұл тарихтың объективті
нақтылыққа емес, ол туралы мұқият ойластырылған субъективті
көзқарастардың белгілі бір жүйесі ретіндегі тарих ғылымы туралы әсер
қалдырады. Мұның бір жаңғырығын ресейлік авторлар И.М. Савельева
мен А.В. Полетаевтың тарихи танымның теориясы мен тарихы
жөніндегі белгілі еңбегінен көрінеді [162]. Олар өткен әлеуметтік
нақтылықты тарихи танудың аналитикалық рационалистік тәсіліне
интуитивті романтикалық тәсілін қарама-қарсы қойып, конструкция мен
реконструкция арасына теңдік белгісін қояды.
Сынның ұшына ілінгенімен, постмодернизмнің тарих ғылымына
позитивті ықпал еткенін атап өту керек. Тіл мен дискурстың
постмодернистік тұжырымдамалары әлеуметтік тарих, мәдени және
интеллектуалдық
тарих
сияқты
субдисциплиналармен
қатар,
әлеуметтанулық, гендерлік зерттеулерде кеңінен қабылданып, жалпы
постмодернизмнің тарихи эпистемологияға деген қызығушылықтың
күрт өсуіне әсер еткенін мойындау қажет. Мысалы, «жаңа тарихи
ғылымның» келесі бір өкілі Л. Стоун тарихи болмыстың объективтілігін
теріске шығару, тарих пен әдебиеттің, айғақ пен қиялдың арасын
ажыратпау
сынды
постмодерндік
«шектен
шығушылықтарды»
сынағанымен, тұтастай алғанда «лингвистикалық бетбұрыстың» тарих
ғылымына игі ықпал еткенін атап өтеді.
Бұл абсолютті ақиқатқа ұмтылған кез келген қатаң априорлы
кестеден және осыдан туындайтын тарихи үдеріспен оның құрамдас
бөліктерін түсіндірудегі қатаң линиялық детерминизмнен бас тартуға
әкелді. Осының салдарынан ой мен қиял еркіндігі, қазіргі ғылымның
даярлаған кез келген зерттеушілік стратегиясына жүгіну, постмодерндік
мәдениеттің, тарихи әдіснаманың көптілділігі, тарихи танымның
диалогиялық формаларының дамуы, өткенді сипаттаудың ерекше
формасы ретіндегі тарихи дискурс ұғымын негіздеу, микротарихи
зерттеулердің көбеюі орын алды. Мұндай құнарлы қойыртпақтың
жиынтығынан тарихтың жаңа парадигмасының да өсіп шығуы ғажап
емес.
Постмодерндік терминология қазіргі ғылымның әдіснамалық
арсеналына дендеп кірді. Жоғарыда аталған «лингвистикалық
бетбұрыспен» қатар, «субъективтілікке бетбұрыс» постмодерннің
тарихқа енгендігін аңғартады. Бүгінгі күні «субъективтілік» тарихи
уақыт ағымындағы адам төңірегінде әлеуметтік-тарихи өткенді
зерттеудің негізқұраушы әдіснамалық тәсілін сипаттайтын ең кең
таралған ұғымдардың бірі болып табылады. Бірақ бұл тарихи үдерістің
202
объективтік негіздерін теріске шығаратын абсолюттік субъективтілік
болмауы тиіс.
Қазіргі заманғы тарихнамалық ахуалдың тағы бір белгісін
мексикандық тарихшы К.А. Аггире Рохас көрсетіп береді және оған
«тарихнамалық және мәдени жаңашылдықтардың пайда болуындағы
полицентризм» деген анықтама береді. Егер, - дейді ол, - 1900 жылы
немістілді тарихнама, 1950 жылы француз тілді тарихнама үстемдік етсе,
онда 1990 жылы немесе 2000 жылы қандай тарихнама жетекшілікке ие
болады деген сұраққа ешқандай деп жауап беруге тура келеді. Өйткені
1990 немесе 2001 жылы енді ешқандай тарихнамалық гегемония
болмайды, итальяндық микротарих та, «Анналдардың» төртінші буыны
да, британдық әлеуметтік тарих та, «әлемдік жүйелік талдаудың» сыни
келешегі де, ресейлік антропология да, латынамерикандық аймақтық
тарих та немесе немістің «жаңа әлеуметтік тарихы» да үстем емес,
әрқайсысы өз бетінше маңызды» [163, 28 б.].
Тарихи таным назары құрылымдардан, әсіресе экономикалық
құрылымнан уақыт ағымындағы адамның ішкі әлеміне, оның әлеуметтік
байланыстарындағы, ойлары мен сезімдеріндегі күнделікті әрекетін
зерттеуге, адами тұлғаны түсінуге ауысты. Ю.М. Лотман мұны, басқаша
айтқанда, күрделі психологиялық және интеллектуалдық құрылым деп
атайды және бұл сана мен әрекеттің дәуірлік, таптық, топтық және
индивидуалды-дара үлгілерінің қиылысуы барысында жүзеге асып,
соның нәтижесінде кез келген тарихи және әлеуметтік үдерістер өздерін
адам арқылы іске асырады [164, 230 б.]. Бұл «антропологиялық
бетбұрыс» пәнаралық (әдіснамалық) синтез мәселесін өзектілендіріп,
оның тарихнамалық практика саласына енуіне ықпал етті.
Бұл синтездің бастапқы кезеңінде тарих ғылымының күні батқаны
туралы да әңгімелер қозғалды. Алайда бұл тарихтағы әдіснамалық
синтез мәселелерін дұрыс түсінбеуден туындап еді. Мәселе
тарихшылардың өз кәсіби дербестігін сақтай отырып, өздерінің
зерттеушілік практикасына көмегін тигізетін әлеуметтік теорияларды
таңдауында болып отыр. Олар нақты зерттеушілік міндеттерді шешу
үшін әртүрлі әлеуметтік теорияларға жүгініп, оларды тиімді пайдалануға
тырысады. Тарихтың өз зерттеушілік міндеттерін шешу барысында
өзіндік әдіснамаға сүйенетін дербес ғылыми пән екені рас, бірақ бұл
міндеттерді шешудің тиімділігі басқа пәндермен ынтымақтасуға,
олардың әдіснамалық құралдарын қолдануға байланысты болып келеді.
Тарихтың зерттеу аймағы қарқынды кеңейген сайын, оның тек
әлеуметтік қана емес, басқа да пәндермен ынтымақтастығы да кеңіп, әр
алуан бола түседі.
Тарихи зерттеулердің қарқыны артқан сайын жаңа гуманитарлық
пәндер де кеңейе түсті. Мысалы, Батыста әлеуметтанудың дамуы
барысында АҚШ-та теориялық тарих қалыптасты. Бұл пәннің
203
анықтамасын осы саладағы көрнекті маман Н.С. Розов береді:
«теориялық тарих өзінің кең мағынасында әлеуметтік және тарихи
ғылымдарды
-
тарихи
әлеуметтану,
тарихи
психология,
макроәлеуметтану, әлемдік жүйелік талдау, әлеуметтік мәдениеттану
және басқаларын білдіреді, ал тар мағынасында бір мезетте екеуіне де
тиесілі ғылымдардың бірі болып табылады» [165, 41 б.].
Теориялық тарихты қалыптастыру дәстүрлі, эмпирикалық тарихтың
(әлеуметтанулық, экономикалық, демографиялық талдау әдістерімен
байытылса да) айғақтық материалдары негізінде әрқилы әлеуметтік
ғылымдардың теориялары мен түсіндірмелік әдістерін пайдаланатын
тарих пен әлеуметтанудың арасындағы пәнаралық синтезге кең
мүмкіндіктер ашады. Бұдан өзінің назарын тарихи диахронияға түсіріп,
сонымен бірге өз жаратылысы жағынан интегративті болатын теориялық
тарихтың пәндік ерекшелігі келіп шығады. Осылайша ол әлеуметтік
өмірдің барлық қырларын зерттейтін мейлінше әр алуан пәндерге жүгіне
алатындай тарихи танымда тиімді пайдаланылатын пәнаралық сипатқа
ие болады.
Мұндай сипат тарихшыны тарих философиясымен жақындастырады.
Бұл тұрғыдан алғанда теориялық тарих дәстүрлі эмпирикалық тарих пен
тарих философиясының арасын байланыстырушы буын болып табылады
немесе оны эмпирикалық тарихтың миы деп бағалауға болады.
Бүгінгідей тарихнамалық төңкеріс заманында теориялық білім қазіргі
тарихнамалық практиканың қажетті компонентін құрайды. Оның үстіне,
тарихтағы әдіснамалық синтез мәселесінің өзі теориялық мәселе болып
табылады.
Тарихшылардың өз ғылымының теориялық мәселелеріне деген
қызығушылығының өсуін өткен ғасырдың 80-ші және 90-шы
жылдардағы ғаламдық (жаhандық) тарих деп аталатын жаңа бағыттың
пайда болуы да дәлелдейді. Тарихи ойдың дамуындағы бұл феномен
Тарихи ғылымдардың XIX Халықаралық конгресінде (Осло, 2000 жыл)
кеңінен талқыланды. Бұл да болса тарихнамалық төңкеріске тән үрдісті,
тарих ғылымында жүзеге асып жатқан интегративті үдерісті аңғартса
керек.
Ғаламдық тарих мәселелеріне өркениеттердің қазіргі теориялары да
мағыналық жағынан жақын келеді. Бұл теориялар да тарих
ғылымындағы сияқты тарихи рухани өзіндік пен өзгелік, жалпылық пен
жалқылық, жалпыәлемдік тарихи даму мен тарихи үдерістің локальды
нұсқасы, микротарих пен макротарих сияқты үлгілерді біріктіруге ұқсас
болып келеді. Осылайша, тарих ғылымының біртұтас тәнін бөліп
қарастыратын бұрынғы оппозициялар шешіліп қана қоймай, оның
тұтастығын әрқилы бағыттар мен әдіснамалық тәсілдерді (классикалық,
постмодернистік, синергетикалық және т.б.) интеграциялау жолымен
қайта қалпына келтірудің бағдарламалары да бой көрсетуде. Осылайша,
204
әдіснамалық синтез мәселесі қазіргі тарихи ойдың негізгі үрдістерінің
бірі болып табылады.
Тарих ғылымы қоғамның рухани интенцияларын білдіргендіктен,
оның ғылым алдындағы да, қоғам алдындағы да жауапкершілігін естен
шығармау керек. Бір уақыттарда Френсис Фукуяманың «тарихтың
ақыры» мен Самюэль Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысының»
сәнге айналғаны бар. Ол ойды жоғарыда аты аталған мексикандық
тарихшы К.А. Агирре Рохас былай деп түйіндейді: «адамзат тарихи
бифуркация нүктесінен өтеді және тек тарихнаманың немесе тіпті
мәдениеттің ғана емес, жаhандық ауқымдағы бүкіл адамзаттың өмір
сүруінің мүлдем басқа тәсілдеріне әкелетіндей өзгерістердің алдында
тұр» [163, 29 б.].
Қазіргі тарихи ойдағы тағы бір үрдіс тарихи мәдениеттану
саласының қарқынды дамуы болып табылады. 2002 жылы көрнекті
неміс тарихшысы Йорн Рюсеннің редакторлығымен «Батыстық тарихи
ойлау. Кроссмәдениеттік пікірсайыстар» деп аталатын іргелі еңбек
шықты. Ол 2002 жылдан бастап Й. Рюсен мен Кристиан Геленнің жалпы
редакциясымен «Тарихқа мән берейік. Тарихи мәдениет пен
мәдениетаралық
коммуникациядағы
зерттеулер»
деп
аталған
басылымдар сериясының бірінші бөлігі. Одан басқа Хейдрун Фризенің
редакциясымен «Бірегейлік: уақыт, айырмашылығы, шекаралары»,
Юрген Страубтың редакциясымен «Наррация, бірегейлік және тарихи
сана», Й. Рюсен мен Клаус Мюллердің редакциясымен «Тарихтың мәні»
жұмыстары жарыққа шықты.
Й. Рюсеннің пікірінше, XXI ғасырдың басында тарихтың ақыры
жарияланғанымен, тарихтың өзегін құрайтын көптеген зерттеулер пайда
болды:
тарихтың
мәдениеттанулық,
әлеуметтік,
саяси
тұжырымдамалары, «өткеннің нарративтерінің» жорамалдары, тарихтың
психологиялық құрылымын қалпына келтіру және т.б. Нәтижесінде
жарияланған тарихтың ақырының өзі өзекті «тарихи феноменге»
айналып, тарихты зерттеудің мәселелері тіпті бұқаралық мәдениет
саласына дейін еніп кетті. Бұл парадокс, Рюсеннің ойынша, тарихи
зерттеудің пәнаралық және кроссмәдениеттік өрісін қалыптастыру
міндетін алға тартатын тарихтың жаңа теориясын қалыптастыруды
талап етеді. Тарихтың ақыры емес, тарихи теорияның дағдарысы орын
алды.
Он
тоғызыншы
ғасырдың
нарративті
стратегияларын
деконструкциялаумен сипатталатын «тарихты сыни зерттеу» бұл тарихи
теорияны қалыптастыра бастады. Бірақ, дейді Рюсен, тарихтың іргелі
теориясының негізін әрқилы мәдени контекстердегі тарихи жадыны
зерттеу ескерілмей қалды. Тарихшылар тарихтың мейлінше жалпы
теориялары мен тарихты талдаудың барынша нақты тәсілдері
адамдардың күнделікті өмірі мен мәдениетке терең тамырлап кеткенін
205
түсінбегенше, олар тарихтың кез келген мәдениеттанулық формаларын
зерттеудің қызық емес нысандары деп қарастыруын жалғастыра береді.
«Тарихқа мән берейік» кітабының сериясы «жаhандық тарихи жады»
феноменінің компаративистік, пәнаралық және кроссмәдени түсінігінің
келешегін айқындау үшін тарихи теория мен нақты тарихи зерттеуді
біріктіруге
ұмтылады.
Нәтижесінде
ғылыми
айналымға
мәдениеттанулық зерттеулердің ерекше формасы енгізіледі және онда
«мәдениет» термині саяси, экономикалық және басқа да қосындылардан
арылып, «мәдени айырмашылық» мәселесі кроссмәдени коммуникация
үшін нақты мүмкіндіктер туғызатын кең тарихи перспективада
қарастырылатын болады. Осылайша, пәнаралық зерттеулердің – «тарихи
мәдениеттанудың» немесе «тарихи мәдениеттердің» жаңа өрісі пайда
болады. Ондағы ең басты мәселелердің бірі – бірегейлік (идентичность)
мәселесі. Бірегейліктің әр алуан формаларының қалыптасуы мәселесін
зерттеу – серияның негізгі тақырыптарының бірі, бірақ мәселе басым
көпшілігінде ұжымдық мәдени бірегейлік пен оның халықтардың тарихи
трансформациясымен өзара байланысы туралы болады. Рюсеннің
пікірінше, тарихи жады мен тарихи сана өте маңызды мәдениеттанулық
функцияны жүзеге асырады – олар өткен шақ, осы шақ пен болашақ
арасында байланысты бекіте отырып, темпоральды келешектегі
бірегейлікті қалыптастырады. Бұл мағынадан алғанда тарихи ойлау
кроссмәдени бағдардың құралына айналады.
Дегенмен, тарихи сананың ең жоғарғы деңгейін білдіретін тарих
ғылымының қазіргі жағдайына біржақты кесімді баға беру де қиын.
Жалғыз панацеямен ғылымда қордаланып қалған барлық мәселені
шешіп тастау мүмкін емес. Мұны үлкен үміт күтілген бір
жаңашылдықтан кейін көп ұзамай-ақ одан күдер де үзілетін өткен
жүзжылдықтың тарихнамалық тәжірибесінен байқауға болады.
Мысалы үшін, тарихи үдерістің экономикалық қырын зерттеу өткен
ғасырдың басында жетекші орында болғаны белгілі. Әлеуметтік-
экономикалық тақырып тарихтың маркстік парадигмасы үстемдік еткен
кеңестік тарихта да, өзге ұлттық тарихнамаларда да (мысалы АҚШ-та,
Дж. Робинс, Ф.Д. Тернер және, әсіресе, Ч. Бирд) және жоғарыда сөз
болған Ф. Бродельдің «жаһандық тарихында» да зерттеулердің өзегін
құрады.
Тарих ғылымының жапсарлас ғылымдарға (экономика, социология,
география, психология және т.б.) жүгінуі де ірі ауқымды макротарихи
құрылымдардан бастап осы «жаһандық тарихқа» деген қажеттілікпен
сипатталып, әр алуан экономикалық теориялардың маңыздылығына
әкелді. Бұл теорияларды тиімді пайдаланудың нәтижесі «жаңа ғылыми
тарих» бағытының қалыптасуына әкелді.
Бірақ, оның дәурені де ұзаққа бармады, тарихнамалық төңкерістің
желі басқа жақтан тұрып, тарихтың сциентизациясы тоқырап қалды.
206
Оның белгісін жаңа «Анналдардың» атауынан оның экономикалық
құрамдасының түсіп қалғанынан көруге болады. Тарихи танымның
доминанты құрылымдарды, әсіресе экономикалық құрылымдарды
зерттеуден адами тұлғаны зерттеуге қарай бұрылды. Зерттеушілік
стратегиялар адамдардың көңіл-күйіне, ақыл-ойына, бейсаналы
әрекеттеріне қарай өзгерді дегенмен, оған әсер ететін объективті
жағдайларды, әлеуметтік-экономикалық құрылымдарды да теріске
шығаруға болмайды. Яғни субъективтілікке бет бұру тарих ғылымы
дамуының трансформациясындағы соңғы сөз емес. Біздің пікірімізше,
өткенді зерттеуде таразының екі басын да теңестіретіндей салмақты
тәсіл, объективті және субъективті бастауларының бірлігіндегі тарихты
тұтастай пайымдауға ұмтылған дұрыс. Қазіргі тарихнамалық ой
дамуының тәжірибесінің өзі сән қуудың, сенсация жасап, ұпай
жинаудың, табыс табудың, өткенді жекешелендірудің дұрыс еместігін
алға тартады.
Тарих ғылымындағы трансформациялық үдерістер үдемелі болған
сайын, оның теориялық-әдіснамалық негіздері тұрақсыз бола түседі,
тарихтың бейнесін қалыптастырудағы басымдылықтар тез құбылады.
Осыдан тарих ғылымының бұлыңғыр болашағын, апокалипсистік
келешегін тудыратын әдіснамалық хаос әсері қалыптасады. Бұл бей-
берекет ретсіздікті пайдаланып, біздің ғылыми және қоғамдық
өмірімізде тарихи көсемсөзден (публицистикадан) айқын аңғарылатын
Достарыңызбен бөлісу: |