Бауыр топографиясы Бауыр Бауыр құрсақтың оң жақ жоғарғы бөлігінде орналасады. Оның диафрагмалық және висцералдық беттерін ажыратады.
Диафрагмалық бетінде:
Бауырдың төменгі шеті үшкірлі, ал артқы беті (ішпердеден тыс жері) жұмырланған.
Висцералды бетінде екі ұзынша және бір көлденең сай бар, олар бір-бірімен қосылып, «Н» әрпіне үқсайды. Көлденең сай бауыр қаңпасына сәйкес. Оң жақ ұзынша сайдың алдында өт қабы ойығы, артқы бөлігінде- төменгі қуыс венасының сайы бар.
Бауыр диафрагмалық бетінде орақ тәрізді байламмен, висцералды бетінде сол жақ ұзынша саймен екіге бөлінеді: оң және сол бөлігі. Сол жақ ұзынша сай, бауырдың сол жақ бөлігін оң жағынан шектеп тұрады. Оған бауырдың жұмыр байламы кіреді.
Бауыр скелетотопиясы және проекциясы Дененің алдыңғы бетіне бауырдың проекциясы: бауырдың оң жақ бөлігінің жоғарғы нүктесі, толық дем шығарғанда, бұғана орталық сызық бойында IV қабырға аралықта орналасады. Бауырдың сол жақ бөлігінің проекциясы сол жақ төс маңы сызық бойындағы V қабырға аралықта жатады. Бауырдың төменгі қыры оң жағында, алдыңғы қолтық сызығы бойында X қабырғааралықта жатады; оң жақ бұғана ортасы сызық бойында қабырғалар доғасының шетінде; ортаңғы сызық бойында бауырдың төменгі қыры семсер тәрізді өсіндімен кіндік ортасына проекцияланады. Сол жақ төс маңы сызық бойында V қабырға шеміршегі тұсында, бауырдың төменгі шеті жоғары қарай көтеріледі.
Бауырдың дененің артына проекциялануы: бауырдың жоғарғы шекарасы IX кеуде омыртқасына; төменгі шекарасы XI кеуде омыртқа денесінің ортасына сәйкес жатады. Қабырға доғасының оң жаң төс маңы сызығын кесіп өтетін жер, қабырға доғасы мен құрсақтың оң жақ тік бұлшықетінің латералды қырымен айқасатын жерде өт қабының түбі проекцияланады (холецистит кезінде ауырсыну нүктесі осы арада сезіледі).