Бауыржан Момышұлы



бет1/3
Дата18.12.2022
өлшемі18,97 Kb.
#57902
  1   2   3

  1. Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
    Бауыржан Момышұлы

  2. Жастардың оқу - тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
    Ахмет Байтұрсынұлы

  3. Тәрбиенің еркіндігі - еркіндікпен тәрбиелеу.
    Асқар Сүлейменов

  4. Балалар тәрбиесін – үлкендерден бастау керек.
    Максим Горький

  5. Тәрбиеші болу үшін, тәрбиеленген болуың керек.
    Антон Макаренко

    Тақырыбы: Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
    Мақсаты:

1. Тәрбиеленушілерді ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
2. Тәрбиеленушілерді - елжандылыққа, терең ойлауға, өнер сүюге, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты білімін дамыту арқылы нығайту.


«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
М. Жұмабаев
Барысы:
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген болатын. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтанда тәрбиеленушілерді нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Құндылық дегеніміз не? 
Құндылық – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұралар. Оларға: сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, ізгілік, шешендік, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, сынды қасиеттер жатады. Сонымен бірге халқымыздың атадан балаға мирас болып қалған салт - дәстүр, әдет - ғұрыптары және бабаларымыздың ғибратты сөздері жатады.
Тәрбиеші: Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбексүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт - дәстүріне орай іске асырады.Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт - дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Салт - дәстүр, әдет - ғұрып атадан балаға мирас қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі бар. Салт - дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл - ауқат, тұрмыс - тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз. Сондықтан халық дәстүрлерінің дұрыс - бұрысы бар деуге болмайды. Енді салт - дәстүріміздің алғашқы кезегі ойындар түріне қысқаша тоқталып өтейік.
Аударыспақ - бұл ойынға екі ер бала қатысады. Бір - бірін арқалап та немесе ересек балалар болатын болса ат үсінде отырып бірін - бірі аударып аттан құлатуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет