Бауыржан момышүлының ҚАҺармандық жолы әлібек С. Н., Қосанбаев С.Қ



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі74,48 Kb.
#5632

БАУЫРЖАН МОМЫШҮЛЫНЫҢ 

ҚАҺАРМАНДЫҚ ЖОЛЫ

Әлібек С.Н., Қосанбаев С.Қ.

Шымкент ц.,  Қазацстан

Қазақ  қазақ  болып  егемендігін  алып  еңсесін  тіктеген  күннен 

бастап жоғалған жауьарлары мен танылмаған тұлғаларын түгелдеп, 

олардың  бай  мұрасын  зерттеп,  талай  тағдырлар  мен  соқпақты  өмір 

жолдарын  үңіле  қарап,  халқымен  қайта  қауыштыруды  көздегені 

анық.  Сондай  халық  сүйген  санаулы  ердің  бірі  -   «халық 

қаьарманы» Бауыржан Момышүлы еді.

Қазақтың  қаьарман  перзенті  батыр  Бауыржан Момышүлы  1910 

жылы  Жамбыл  облысы,  Жуалы  ауданындағы  Мыңбұлакта дүниеге 

келген.  Жамбыл  облысы,  Жуалы  аудандық  қаржы  бөлімінің 

маманы  қызметін  атқарған  қазақтың  қарадомалақ  ұлынан  бүкіл 

дүниені  бас  идірген  кэнігі  қолбасшы  шығатынын  ешкім  де 

болжамаған  болар.  Дарабоз  даналығымен,  бекзаттық  болмысымен, 

қайталанбас  қаьармандығымен,  шынайы  шығармашылығымен 

шежірелі 

һ э м  

шер-шеменді 

заманның 

өзінде-ақ 

шенді- 

шекпенділерге  шекесінен  қарап,  Махамбетше  айтсақ  «ақырып 



теңдік сүраған»  бірбеткей мығым мінезді Момышүлының ғибратты 

ғүмыры,  өнегелі  өмірі  азаматтыққа  қолы  жеткен  айбынды  елімен 

мэңгі  бірге жасай  бермек.  Басқасын  былай қойғанның  озінде,  бүкіл 

он  бес  «туысқан»  республиканың,  бетке  түтарлары  бодандықтың 

боз  қамытын  мойындарына  іліп,  биліктің  жүгіртек  баласына 

айналып,  бас  шүлғумен  күн  өткеріп  жүргенде  бозаңға  біткен 

бәйтеректей  бір  өзінің  Момышүлы  боп  жүруі  әкімшіл-әміршіл 

жүйенің  әпербақан  саясатына  эсте  үнамағаны  анық.  Шодырлау 

мінезімен,  үлтшылдық  үлық  қасиетімен,  «бетің  бар,  жүзің  бар» 

демей,  қара  қылды  қақ  жаратын  турашылдығымен  туғанына 

жақпаған  жампоз  үлдың  көптің  қанжығасында  кеткен  «Кеңестер 

Одағының  Батыры»  атағынан  шет  қалуы  да  кэрі  тарих  алдындағы 

кешірілмес  күнэ  ғой  есептеді  ме,  1990  жылы  ғана  қүландай 

жүйіткіген  қаншама  уақытты  артқа  салып  барып  даралық  белгісі 

дауылпаз  перзентіне  қайтарылды.  1936  жылы  әскер  қатарына 

қабылданған  Баукең  взвод,  рота  командирі  қызметтерін  атқаруда 

жоғары үйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түсіп, өзінің даңқ 

даңғылын  бағындыру  баспалдағының  алғашқы  сатысынан  өктем 

мінезімен ешкімге үқсамайтын ерекше екпінмен өте шықты.


Орыс  тілді  орашолақ  ойлылар  «Человек  без  фамилии»  деп 

тыжырына  таңдағанымен,  «ов»,  «ев»  бар  кұйрығы  жалған 

жалғаулардың  қанша  жабуласаң  да  қоңыр  үнді  қазақы  қалыпқа 

сыймайтындығын  айтөбел  тұлға  бар  болмыс-бітімімен  -   ақ  сол 

кезде  түсінген  болар.  Әкесімен  емін-еркін  эңгімелесуге  көп 

адамның жүрегі  дауаламайтынын  баласы  Бақытжан  Момышүлы  да 

өзіиің  «Восхождение  к отцу»  атты  мемуарлық романында айрықша 

атап  көрсетеді.  Бауыржан  туралы  жазғаи  басқа  жазушылардың 

өміршең  еңбектерінен  оқ  бойы  озық  түрган  бүл  тағылымы  тамаша 

дүииеде  батыр  мінезінің  қалтарыс-бүлтарыстары  қалтқысыз  шебер 

баяндалады.  Шығармаиың  маңыздылығы-шыиайылығыида  екеиіи 

тағы  да бір  дәлелдеген Бақытжаиға «бэрекелді!»  демеске  лажыңыз 

қайсы?  1941  жылы  жазда  Алматы  қаласында  қысқа  мерзім  ішінде 

генерал-майор  И.В.  Панфиловтың  басшылығымен  316-атқыштар 

дивизиясы 

(кейінірек 

8-гвардиялық 

дивизия) 

қүрылганы 

козіқарақты  оқырман  қауымға  белгілі  болар.  Осы  дивизияның 

алдыңғы  шебінде,  яғни,  авангарды  есебінде  қазақтың  қарапайым 

баласы  бар  қарым-қабілетін  көрсетіп,  қаьармандықтың  кұзар 

шыңына  шыққандығы  тарихтан  белгілі.  «Тэртіпке  бас  иген  кұл 

болмайды»  деп  өзі  айтқандай,  қысылтаяң  шақтарда  сары  майдан 

қыл  суырғандай  қырағылықпен дұшпанның  кұрсаулы  қоршауынан, 

қан  татыған  темір  шеңгелінен  қүтылудың  жолын  сан  мэрте  тауып, 

саптағы  сарбаздарының  саны  кемімеуіне  септігі  тиіп,  үмітсіз, 

үрейлі  оқиғалардың  өзінен  олжа  табуы  да  совет  (кеңес  -   деп 

түсініңіз  авторлар)  сарбазың  жүрегіне  темірдей  тэртіп  пен 

табандылық  гүлін  байқампаз  бағбандай  асқан  ыждаһаттылықпен 

еге  білуінде  болар.  Баукең  жайлы  жазылған  «Волоколамское 

шоссе»  романының  алғашқы  тарауын  «Страх»  деп  атапты,  эйгілі 

жазушы Александр Бек.

Бүл  романды  автор  батырдың  қасында  «қу толағай жастанып», 

«түн  үйқыдан  безініп»,  оқ  пен  оттың  ортасында  қан  кешіп  жүріп, 

сирек болатын белгісіз демалыстарда батырдың өз  аузынан шыққан 

эрбір  сөзді  қағып  алып,  ақ  параққа  түсірген  ғой.  Әдеби 

шығармасының  деректі  дүниеден  бір  мысқал  да  кеш  шықпағаны 

сондықтан  болар.  Александр  Бектің  «Волоколамское  шоссесінің» 

алғашқы  тарауының  «Страх»  деп  аталуының  да  коп  мэн-маңызы 

бар.  Жауынгердің  бойындағы  үрыс  алдындағы  қорқынышты  кэнігі 

атбегіндей  көрегенділікпен  коре  алатын  қасиет  еді  «Соғыс



психологиясы»  кітабында жазғанындай  қырағы  қолбасшының  ғана 

қолынан келеді.

Ал  оны  жеңу  жолдары  мен  жауынгерлік  рухты  көтеру  әдістері 

осы  кітапта  әдемі  келтіріледі.  Осы  шығарманы  эскери  оқу 

орындарында оқу  кұралы  ретінде  пайдаланып жүргендердің қатары 

бүгінде  көбею  үстінде.  Белгілі  жазушы  Александр  Бек  өзінің 

«Арпалыс»  повесінде  оқырмандарға  панфиловшылардың  ерлігін 

паш  етіп,  Момышүлының  ұрыстағы  қаьармандығына  эділ  баға 

берді.  А.  Бектен  алғашқы  кездесулерінің  бірінде  Момышүлы  оған 

салған жерден шарт қояды:  «Тек шындықты  ғана жазатын боласыз, 

егер  олай  шықпаса,  мына  мен  өзім  Сіздің  қолыңызды  шарт  кесіп 

тастаймын»  дейді.  «Әлбетте  мен  тек  ақиқатты  жаздым,  сондықтан 

қолым кесілмей аман қалды» деп кейін еске алады  [1].

Белгілі мемлекет жэне қоғам қайраткері Асанбай Асқаров «¥лы 

Тұранның  ұлдары»  атты  кітабында  Баукең  туралы  былай 

толғаныпты:  «Біздің ұзак-сонар  эңгімеміз түн  ортасына ұласты.  Ол 

соғыс  туралы  көп  айтты.  Қираған,  өртенген  қалалар,  оққа  ұшкан, 

мүгедек  болған  ерлер,  жесір  қалған  қосақтар  мен  жетім  қалған 

балалардың  көз  жасы, 

шашын  жайған 

ана, 

белі 


бүгіліп 

бейнеттенген  кемпір-шал,  тыл  мен  майдан  арасы  көзіме  елестеді». 

Қорықпайтын пенде болмайды,  өлім кімнің денесін түршіктірмейді. 

Ажал  мен  айыптан  қобалжып  қорқу  айып  емес.  Тірі  жанға  арын 

ардақтап 

үстай 


білмегендік 

айып-деді 

Бауыржан 

соғыс 


психологиясынан  сыр шертіп.  Сонда сөз  арасында өзін үлтшыл деп 

жөнсіз  жала  жауып  қаралағанда  естудің  қаншалықты  ауыр 

екендігін  айтты.  Сондай  жаламен  қаьармандығы  үшін  «Кеңес 

Одағының  Батыры»  деген  атақ  та  кезінде  берілмегені  рас. 

Бауыржан  бос  мақтауға,  жағымпаздық  мәймөңкелікке  жаны  қас 

болды.  «Шын  айтпай,  сын  айтпа»  деп  ақиқатты  бетке  айтатын 

турашыл түлға еді.  Бауыржан өте терең  білімді  ерекше туған түлға: 

қолбасшы,философ,  ақын, әдебиетші, онертанушы эскери психолог. 

Бірақ осыған дейін қазақ қолбасшысының үлкен тәрбиелік мэні зор 

еңбегіне коңіл бөлінбей келді.  Абзалы  сол, талай рет Бауыржанның 

табыстырған тағдырыма дэн ризамын»  [2].

Асыл  дүниенің  іздеушісі  аз  болды  десек  те  қаьарман  үлдық 

қайсар  мінезі  мен  қаьармандық  омір  жолы  кейінгі  үрпаққа  үлкен 

өнеге.


Тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Қ.С.  Қаражанның 

жетекшілігімен  шыққан  «Қазақстанның  жаңа  жэне  қазіргі  заман



тарихы»  еңбегінде  мынадай деректер  келтірілген:  «Әсіресе  Москва 

түбіндегі  шайқаста  қазақстандықтар  үлкен  кұрметке  ие  болды. 

Саяси  жетекші  В.  Клочков  басқарған  болімше  28  панфиловшылар 

жаудың  50  танкісіне  тойтарыс  беріп,  асқан  ерлік  көрсетті.  1941 

жылы  17  қарашада  дивизияға  8-ші  гвардиялық  деген  атақ  беріліп, 

кейінірек  Қызыл  Ту,  Ленин  ордендерімен  марапатталды.  28 

панфиловшылар  сонымен  қатар  Волоколамск  түбінде  үлкен  ерлік 

көрсетіп  қаза  тапқан  талантты  қолбасшы  қаьарман  командир  И.В. 

Панфиловке  Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  берілді.  Панфиловшы 

аға  лейтенант  Б.  Момышүлы  Москва  түбіндегі  шайқаста  өз 

батальонымен  жау  қоршауын  үш  рет  бүзып  шықты.  Соғысты  Б. 

Момышүлы  полковник  лауазымымен,  9-шы  гвардиялық  атқыштар 

дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады»  [3].

Ал  Мырзатай  Жолдасбеков,  Қойшығара  Салғарүлы,  Ақселеу 

Сейдімбектердің  авторлығымен  шыққан  «Елтүтқа»  кітабында 

Баукең  туралы  былай  делінген:  «Б.  Момышүлы  соғыс  кезіндегі 

жеке  басының  қаьармандық  ерлігімен  жэне  үрыс  жүргізудегі 

әскери  шеберлігімен  ерекше  козге  түседі.  Бірнеше  рет  жау 

қоршауынан  жауынгерлерін  аман-сау  алып  шығады.  Москва 

түбіндегі  шайқастағы  ерлігі  сол  кездің  өзінде  Одақ  көлеміне  аңыз 

болып  жайылады.  Соғыстан  кейін  Бауыржан  Совет  Армиясы  Бас 

штабының 

Жоғары 

әскери 


академиясын 

бітіреді. 

Әскери- 

педагогикалық  жүмыспен  айналысып,  Совет  Армиясы  әскери 

академиясында  дэріс  оқиды.  1956  жылы  полковник  атағымен 

отставкаға  шыққан  Бауыржан  біржола  шығармашылық  жүмыспен 

айналысады»  [4].

Осы  жолдардан  байқағанымыз,  сонау  сексен  екінші  жылға 

шейін  ғүмыр  кешіп,  Қызыл  Ту  секілді  көптеген  ордендер  мен 

медальдарға  қол  жеткізген  стратег  эрі  соғыс  психологиясы  мен 

маневрлерін теориялық 

һ э м  

практикалық түрғыдан терең меңгерген 

маманның  аяқ  астынан  елу  алтыншы  жылы  керек  болмай  қалуы 

тоталитарлық  жүйенің  «тектек»  талаптарды  өзінше  «тэубаға» 

түсіргенсымағы  болатын.  Көкіш  Рысбайүлы  өзінің  «Қазақстан 

Республикасының  тарихы» 

атты 

еңбегінде 



«316 

атқыштар 

дивизиясының  40%  -  қазақтардан,  30%  -  орыстардан,  25%  - 

украиндардан,  5%  -  басқа  үлттар  өкілдері  -  өзбек,  қырғыздардан 

қүралғандығын айтады»  [5].

Демек,  1943  жылы  отыз  үш  жасында  8-гвардиялық  дивизияны 

басқарып  жасындай жарқылдаған  Баукең  сан  түрлі  таным  тәрбиелі


сан  ұлттың  баласын  бауырына  тартып  темірдей  тэртіпке  үйрете 

білген.  Батыр  Бауыржанның  семсердей  өткірлігі  мен  бірбеткей 

өжеттігіне  бабалар  дэстүріне  дақ түсірмеген  оғлан  деп  баға  берсек, 

асыра  мақтап,  артық  сөйлемегеніміз  шығар.  Сонымен  қатар  өзінің 

өрнекті  ойларының  бірінде:  «Мен  өзге  ұлттарды  сыйлайтын  жэне 

өз 


үлтымды 

сүйетін 


адаммын... 

Мен, 


өмірімде 

аямай 


гитлершілдермен  шайқастым,  нацизмді  жан-тәніммен  жек  көре 

отырып,  Кеңестік  Отанымды  барша  жүрегіммен  сүйдім»  деп 

ағынан жарылады  [6].

Баукеңнің 

осы 

пікірінен-ақ 



үлтшылдықтан 

«үлттар 


лабораториясын»  күштеп  қүрып,  жасанды  достық  пен  жалған 

үрандарды  жалаулатқан  Кеңестер  Одағының  неге  шошығанын 

түсінгендей боласың.  Бас-басына би болып,  өз түтінін түзу үшырып 

жүрген  үлттар  пролетариаттарының  басын  біріктіреміз  деп  түптің 

түбінде  теңселмейтіндей  көрінген  тоталитарлық  жүйенің  тоз-тозы 

шыққанын кеше ғана көзіміз көрді емес пе?

Қорыта  айтқанда  В.  Блюхердің  қолынан  алтын  сағат  алып, 

Багратионға  да,  Чапаевқа  да  үқсағысы  келмеген  кемел  дарын 

иесінің  ортаймас  ойларынан  дархан  даланың  иесі  мен  бабалар 

мүраға  қалдырған  «батырлық»  дейтін  жауьар  қүндылықтың 

жүпары  аңқып  түратын  сияқты.  «Дархан  дала  түлпарының  соңғы 

түяғы» дегіміз келмесе де,  «Екі Кенен тумайды, Алатауға енсең де» 

деп Кенен Әзірбаев толғағандай екі Бауыржанның да болмайтынын 

бар  болмысымыз  бен  түйсініп  болашақ  үрпаққа  батырлық  үлгісін 

кеңінен  насихаттап  жүрегіне  қүю  азаматтық 

һ ә м  

перзенттік 



парызымыз.

Пайдаланган әдебиеттер тізімі:

1.  А. Асцаров  ¥лы  Туранның үлдары. Алматы,  1998.  178-бет.

2.  Сонда.  179- бет.

3.  Қ.С. Қаражан.  Қазацстанныц жаңа және цазіргі заман тарихы. 

Алматы, 2005.  193-бет.

4.  М.Жолдасбеков.,  Қ.Салзарүлы,  А.Сейдімбек.  Елтүтца.  Астана,  2001. 

325-326 беттер.

5.  Көкіш Рысбайүлы.  Қазацстан Республикасыныц тарихы. Алматы,

1999.  237-бет.

6.  Әлібек С.Н.  Бауыржан Момышүлы -  цазацтың цанармандыц 

дәстүрінің  жалгасы.  Туган  өлкеніц  тарихынан.  (Ғылыми  мацалалар 

жинагы) -  Алматы:  «Тацбалы» баспасы,  2011.  -  240 бет.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет