Бауыржан Момышулы. Ушкан уя



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата08.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#135372
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Ұшқан ұя. Бауыржан Момышұлы (1)

Біз келдік айдын көлден ашу көріп,
Аққудан таңырқайтын таптым көрік.
Ауылдан құс боп ұшып шығып едік
Бастаған бəрімізді бақ күнге еріп.
Үбиан əпкем жымиып езу тартты. Өзге қыздар беттерін алақанымен
бүркесіп ұялған болады. Оңал əнін жалғай берді.
Адаспай алты ай жүрдім, жете алмадым,
Аққуға жетпей қайтып кете алмадым.
Ақыры алдыңызға келіп қалдық,
Арқалап еліміздің көп арманын.
Жиналғандар ду күлісті. Оңалдың тапқырлығына риза болысып жатыр.
Өйткені осы ауылдың арасы небəрі бес шақырым еді. Оңал əнін қайта
айтты. Енді тікелей Үбиан əпкеме арнап отыр.


Жол жүріп алты ай бойы көз ілмедім,
Ісімнің оңаларын сезіп едім.
Армысың, Үбианжан, бақ иесі
Сондағы іздегенім өзің едің.
Үбиан əпкем өрттей қызарып кетті. Қасындағы құрбысына басын сүйеп
сылқ-сылқ күліп алды да, орнынан тұрып Оңалға ізет көрсетті. Құрбысы
екеуі қосылып жауап айтты.
Толқу мен отырған бұл кезімізде,
Құрбыжан, біз не дейік сөзіңізге.
Аққуға теңедіңіз, рахмет
Өзгелер ұқсап берсін өзіңізге.
Оңал бұл сөздің астарын түсіне қойды. Əпкем зіл тастап отыр екен.
Енді Оңал жалтарып, Тінəліге тиісе бастады. Қыздарды одан қызғанатынын
айтып əндетті.
Жаңылсақ елдің өзі-ақ кінəлі дep.
Танытқан жан бар ма еді шүбəлі жер.
Ашу деп əрқашан-ақ мадақтайын,
Қудалап жүрмесе егер Тінəлілер.
Жұрт тағы ду күлісті. Оңалдың қиып салма ақындығына таңырқасып
жатыр.
Үбиандар орнынан тұрып, үлкен шəлі орамал ұсынды. Орамалдың
шетіне екі-үш күміс сақина, бір-екі білезік, ақша түйілген екен. Оңал
орамалды мақтанышпен қолына алып, тершіген мандайын сүртіп қойды.
Ал түйілген бұйымдарды қасындағы серіктері талап алды.
Жұрт «той басталды, той басталды!» десіп гуілдесіп кетті. Кенет


төбемізге өрік, тəтті, бауырсақ жауып кетті. Əркім жабыла теріп, «тойдың
тəбəрігі ғой» десіп алып жатыр.
Осылайша той басталды. Той дастарқаны жайылып, үсті алуан асқа
толды. Қыз-жігіттер əр тұстан қос-қостап əріптесін тауып айтысып жатыр.
Əр үйден түн жарымына дейін ойын-күлкі арылмады. Бұл кеште
бұрынғыдай біз сияқты балаларды қудалаған жоқ. Бастан-аяқ қызыққа
қарық болып отырдық. Əр үйге бір кіріп, армансыз-ақ араладық.
* * *
Мені Əлиман жұлқылап оятты. Сəске болып қалған екен. Ел түгел
жиналыпты. Палуан күрес басталған сəтке дөп тұрыппын. Елдің бəрі ығы-
жығы жайғасып, орталарына палуандарын шығарыпты. Екі жақтың
палуаны белдеріне орамал байлап, білектерін сыбанып шарт та шұрт айқаса
кетеді. Бірін-бірі сынап, бірін-бірі бағдарлап, бірін-бірі тексеріп топ
ортасында алшаңдап жүріп алды. Иыққа иық тіресіп, білектері сіресіп
сілкілесіп, біраз жүрген соң біреуі қарсыласын жерден тік көтеріп алды.
Басынан асыра лақтырмақ еді, анау балтырдан шалып, қармақ жұтқан
балықтан бұлқынып тұрып алды.
Сонан соң екеуі де қайтадан əдіс аңдып біраз жүрісті. Жұрт гулесіп бол-
болдың астына алуда. Кейбіреуі шыдай алмай, өз палуандарына тəсіл
айтып айқайлайды. Айқайға құлақ салар сəт пе. Тек күш ырқына, айла-
шарыққа ғана бағынып анау екеуі аңдысумен жүр. Ақыры біреуі жеңді-ау.
Жеңген жақ палуанының аяғын жерге тигізбей дедектетіп, той ортасына
жасырып та үлгерді. Елінің ақсақалы келіп бəйгесін алды.
Бəйге де аз емес еді. Шапан киіп, ат мініп, атлас орамал алып жатыр.
Палуан күресін балалар аяқтады. Осылайша қызықпен жүріп бұл күннің де
аяқталғанын сезбеппіз...
Ертеңіне таң азанмен қалыңдықтың отауынан Үбианның сыңсыған
даусы естілді. Жеңгелері қыздың қызыл көйлегін шешіп, аппақ көйлек
киіндіріп жатыр екен. Қыз дəуренінің соңғы нүктесі қойылғандай сезе ме,
əпкем булыға жылады. Жар-жарға ұқсас бір əнді созып жылайды.
Осылайша жаңаша киіммен безеніп Үбиан отаудан шықты. Жеңгелері
қолтықтап алыпты.


— Айналайын, бикешжан, бағыңды ашсын, — дейді біреуі. Екіншісі:
— Ата жолы осындай, еркежан. Ата-енеңнің жоралғысын жасап
жатырмыз, айыптама, алтыным, — деп қояды.
Бір қарасам, Үбианның үйін жығып, түйеге артып жатыр екен. Тағы бір
түйеге жасау жайғасыпты. Бір жігіт Үбиан мінетін сəйгүліктің тізгінін
ұстап тұр.
Əкем соның бəріне алыстан қарап тұрып, көзіне жас алды. Үбиан болса
сыңсуын үдетіп барады.
Біз Əлиман екеуміз əкеміздің жанында тұрғанбыз. Өкіріп жіберуге сəл-
ақ қалып тістене берем.
Бұл кезде жасау артылып, жұрттың алды атқа қона бастаған екен.
Үбианның да сəйгүлігін əкелді. Сол кезде əпкемнің даусы бұрынғыдан да
зарлы шығып еді. Ауыл əйелдері бəрі құшақтап көрісіп, жақсы тілегін
жаудырып жүр.
Елдің ең соңында əкем келді. Ол қызын бауырына басып тұрып иіскеді.
Даусы қалтырап батасын берді де, көз жасын көрсеткісі келмей, тез
бұрылып кетті.
Сол-ақ екен, Аюбайға еріп келген жетеудің ішінен екі күйеу жолдасы
əпкемнің қолтығынан лып еткізіп көтерді де, атқа қондыра қойды. Ер
үстінде ауытқып отырған əпкемді бірі сүйемелдеп, бірі ат тізгінін жетелей
жөнелді.
Сол сəтте Əлиман да сыңсып жіберді. Əлдебір келіншек əпкемнің
басына көлдей ақ сəлкешті бүркей қойды. Құдды қара күрең толқын
үстіндегі ақ желкендей теңселіп əпкем ұзай берді.
Əжем, мен жəне сыңсыған əпкем үшеуміз жеті жігіттің жетегінде
Аюбайдың ауылына қарай бет алдық.
Біраз жол жүрген соң Үбиан жасын тыйды.
Жарым жолға келгенде бір ауылдың тұсынан өттік. Бұл ауылдың қыз-
келіншектері алдымыздан шығып, жігіттері арқан керді. Сый-сияпатын


алған соң, енді ауыл келіншектері жол шетіне дастарқан жайып сусын
берді. Өздері жасау-жабдықтарды қызықтасып жатыр. Көп кідірмей бұл
жерден де жүріп кеттік.
Күйеудің ауылына жақындағанымызда, бір топ қыз - келіншектер
алаөкпе боп жүгіріп алдымыздан шықты. Үбиан аттан түсіп, иіліп ізет
көрсетті. Біз əжем екеуміз отырған күйме тікелей ауылға тартты. Бізді ауыл
шетінде елдің игі жақсылары күтіп тұр екен. Орталарында елтіріден тымақ
киген, түйе жүн шекпенді желбегей жамылған қарт кісі бар. Таяққа
сүйеніп, еңкіш денесін əзер игеріп тұр. Мұрты қияқтанып, аппақ сақалы
желбірейді. Əбден тарамыстанған салалы саусақтарымен сақалын
дамылсыз тараштайды екен. Сөйлегенде иегі дірілдейді.
Осыншама кəрілігіне қарамай, тістері əлі бүтін көрінеді. Денесінің
сіріңке қаралығын аппақ сақал ерекше айқындап тұр. Айналасындағының
бəрі «ата-аталап!» елпілдеп жүр. Бұл біздің бас құдамыз — Аюбайдың
əкесі Майлыбай ақсақал екен.
Бізді үлкен үйге Майлыбайдың өзі бастап кірді. Əжем екеуі қатарласа
жайғасып, маған əжемнің сол жағынан орын берді. Өзге ағайындары
жасына қарай, құрметіне қарай қатарласып отырды. Үйде бір сəтке
тыныштық орнап, бəрі де бір-біріне жылы шыраймен қарасады. Əлден соң
Майлыбай əжеме бұрылып амандық сұрады. Мен шалдан көз алар емеспін.
Ол сөйлеген кезде, тамағы бейне бір қымыз толы сабаның бүлкіліндей
тербеледі екен. Əжем де амандық-есендік сұрасып жатыр.
Мұнан кейін Майлыбай бізді үйде отырған құдалармен таныстыра
бастады. Үлкен ұлының сақалына да ақ кіріп қалған кісі екен. Ортаншысы
қою қара сақалды, толық кісі көрінді. Одан кейінгі екеуі де жігіт ағасы боп
қалғандар. Кенжесі Аюбай жездем боп шықты.
Үбиандар бөлек отауда отыр. Тап қазір ол жақта не боп жатқанынан
хабарсызбын. Қасындағы əр қыз «жеңешелеп» сəлкешінің шашағын
тартқылап отырған шығар.
Біз отырған үйге енді елдің қадірменді аналары, қарт кемпірлер келе
бастады. Бəрі де əжеммен емірене амандасады. Майлыбай ол кісілердің
жақындық жағын айтып таныстырып отыр.
— Ал, қара жігіт, — деді бір аппақ кемпір жас кезіндегі əдетімен, —


кемсеңдеген шағында кенжеңе де отау тігіп, көңілің орнықты ма. Ақ
түйенің қарынын ақтаратын кезің енді келді.
— Иə, жеңеше, бұған да шүкір. Біз екеуміздің соңғы қызығымыз осы
шығар, бəлкім, — деп Майлыбай кəрілігін мойындай сөйледі.
— Жо-жоқ, жаман сөзді жаман адам ауызға алады деуші еді. Айта
көрме, қара жігіт. Мен əлі талай тойды көріп, талай қызыққа куə болам.
Асықсаң өзің бара бер ол жағыңа, — деп күлді əлгі кемпір.
— Бес ұл, он бес немере сүйіпсің. Не арманың бар. Енді ол дүниеге
ойланбай аттана берсең де болады. Əйтпесе жұмақтың төрінде жарықтық
əке-шешең алаңдап отырған шығар, — деп қалжыңдады тағы бір кемпір.
— Аллаға шүкір, — дейді Майлыбай сақалын салалап, — Алланың
мұнысына тоба. Баладан да, бақтан да тарықтырмапты. Асарымызды асап,
жасарымызды жасап болған шақта балаларымның алдында алса, тəңірге
ризамын. Бірақ мынау кенже келінімнен — Момыштың қызынан бір
перзент иіскегенше асықпаңдаршы тым болмаса, — деп жалбарынғандай
сөйлейді.
— Болды, болды! Немене сонша, бізді нақ бір жан алғандай көріп
жалынғаның. Тілеуіңе жет. Бір емес, бірнеше немере сүй, лайым.
Кейін ес білгенде аңғарсам, осынау кəриялар өлімнен қорықпай, қайта
оны əзілге айналдырып, керемет ұстамдылық, батылдық жасап отыр екен
ғой!..
Майлыбайдың үйі сегіз қанат екен. Кереге, уықтары сүйекше
жылтырап, əбден мүйізденіп бітіпті. Басқұр, уық, баулар үзік-үзік болса да,
бояуы оңа бастаған өрнектері көз тартады. Кезінде керемет шебер жасалған
үй екені көрініп тұр.
Тыста абыр-сабыр үдеп барады. Біздің ауылдағыдай мұнда да əр үйдің
алдында самауыр қайнап, ошақтың түтіндері аспанға будақтайды. Жұрт
беташар мен некеқияр қызығын күтіп тағатсыз торуылдайды.
Майлыбай мен əжемнің ортасында ақ сəлделі жирен молда отыр.
Кірпігін сүрмелеп алыпты. Бəрі соны «тақсыр» деп тəжім етеді. Ол ауыл
адамдарының кез келгенін «жұртым» деп кішірейтіп айтады. Оны пір


санайды екен.
Бірақ дəл бүгін елдің бəрі өзге қызықты аңдып, өзге біреуге табынғалы
отырғандай сезіледі.
Айтқандай-ақ жұрт:
— Өтеп келді, Өтеп келді, — десіп шу ете қалды. Ішке орта бойлы,
тығыншықтай келбетті кісі кірді. Жұрт жабыла қолтықтап ортадан орын
ұсынып жатыр. Ол өзгелерден ерекше, биіктеу көпшікке келіп жайғасты.
Өтептің қақпақтай кең жауырыны мені көлегейлей берген соң, мен əжемнің
иығына сүйеніп тұрып, қызыққа көз салдым.
Бір əйел қызыл шоқ салған таба əкеліп Өтептің алдына қойды. Өтеп
болса, екі жеңін түрініп, шоққа алақанын қыздырды да, қолын созды. Сол
кезде оның оң қолына оқтау ұстатты. Оқтаудың басына шеті түйілген
орамал байлапты.
Өтеп иек қағып еді, үлкен үйдің есігі ашылды. Ішке екі келіншек
қолтықтаған Үбиан əпкем кіріп келеді екен. Басына төгілтіп орамал
бүркепті. Əлгі екі келіншек босағадан аттай бере иіліп сəлем берді. Əпкем
соны қайталады.
— Қадамың құтты болсын, қарағым! Үлкен босағадан, киелі босағадан
аттадың. Атаңа құрмет көрсет, — деді отқа жақын отырған бір кемпір.
Əпкем иіліп сəлем салды. Сонан соң екі қадам жасады да, Өтептің
алдына келіп тұрды. Бүркеншектің шашағы жер сызып, əпкемнің аяғына
дейін көміп тұр.
Кенет Өтеп даусын бір кенеп алды да əндете жөнелді.
— Э-э-э-эй!— дегенде үйдің іші қыбыр етпей тына қалды. Өтеп
тақпақтай жөнелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет