Шоқаралық камбий тек өзектік сәулелердің паренхимасын береді. Өзек сирек орналасқан паренхималық клеткалардан тұрады. Олардың да кейбіреулерінде друздар болады.
Қорыта келе атап өткен жөн, қосжарнақты шөптесін өсімдіктердің сабағының қүрылысы, ағаштармен бүталарға қарағанда алуан түрлі болып келеді. Оның өзі шөптесін 121 өсімдіктердің жоғарғы деңгейде маманданғандығының белгісі болып есептелінеді. ІПөптесін өсімдіктердің сабағының құрылысының ағаштардан айырмашылығьш көрсететін ерекшеліктеріне: феллогеннің болмауын немесе оның нашар жетілуін, паренхималық клеткаларының көп басым болуын, камбийдің қызметінің нашарлауын, механикалық ұлпалардың және кейбір өткізгіш ұлпалардың редукцияға ұшырауын жатқызуға болады. Дара жарнакщы жабык, түкрімдылардың сабағының күрылысы. Тамырлары секілді сабақтарының да қүрылысы тек алғашқы болып келеді. Қүрылысыньщ типі шоқты. Сосудталшық шоқтары жабық. Сабақтьщ көлденең кесіндісінде олар, негізгі паренхиманьщ барлық жерінде ретсіз шашылып жатады. Алғашқы қабық қабатымен орталық цилиндрдің арасыңда көп жағдайда айқын байқалатын шекара жоқ. Сабақтардьщ механикалық мықтылығын қамтамасыз ету үшін, склеренхималық шоқтармен бірге, эпидерма мен паренхималық клеткалардьщ қалыңдаған және сүректенген қабықшаларының да қатысы болады. Дара жарнақтыларда камбий түзілмегенімен, олардың кейбіреулеріңде (негізінен ағашты лалагүлділерде) перициклден меристемалардьщ пайда болуына байланысты, екінші ретгік жуандау байқалады. Кррабидайдың сабағының эпидермисінің астында, механикалық үлпаның қабаты орналасады, оны хлорофилл түзетін паренхиманьщ участкелері бөліп тұрады . Оның үстінен, эпидермисте устьица аппараттарын көруге болады. Сабақтьщ алғашқы пайда болған (ескі) участкелерінде, хлорофилл түзетін паренхиманьщ клеткаларының қабықшалары, эпидермистің клеткаларының қабықшалары секілді сүректенеді.
Механикалық үлпаларда, негізгі паренхималардың шекарасьша жақын жерде, кішілеу өткізгіш шоқтары орналасады. Негізгі паренхималарда, біршама үлкен, жабық коллатеральды өткізгіш шоқтары, шахмат тектес екі, сиректеу үш қатар түзіп орналасады. Алғашқы қабық байқалмайды. Сабақтьщ ортасында өзек сақталмайды. Сабақтың жуандауының, клеткалардьщ өсуінің нәтижесінде өзек жыртылады да. оның орнына астық тұқымдастылардың көпшілігіне тән қуыс пайда болады. Мүндай сабақты сабан (соломина) деп атайды. Жүгерінің сабағының қуысы болмайды . Ол түгелімен негізгі паренхимамен жабылады және оның барльщ жерінде өткізгіш шоқтары орналасады. Эпидермистіц астында механикалық үлпаның жүқа қабаты орналасады. Қара бидайдікі секілді алғашқы қабығы болмайды. Өткізгіш 122 шоқтары жабық коллатеральды. Флоэмасында тіндік паренхимасы болмайды, електік түтіктері және серіктік клеткалары көлденең кесіндісінен тор тәрізді болып көрінеді. Ксилемасы 3—5 түтіктен тұрады, оның екеуі үлкен болып келеді. Түтіктердің астында қуысы болады. Ксилемасы флоэманы жартылай қоршап тұрады. Шоқ склеренхиманың қабатымен қоршалған болады.