Bay ake kedey ake 1 Роберт Кийосаки


Арманның үрейге айналу тарихы



Pdf көрінісі
бет15/41
Дата19.01.2023
өлшемі1,48 Mb.
#61899
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Арманның үрейге айналу тарихы
Табанды жұмыс істеуші адамдардың өмірі сценарий бойынша
өтеді. Мысалы, бақытты сауатты жас жұбайлар өз өмірлерін бір тар
бөлмені жалдап, тұрудан бастайды. Бұрын бұл бөлмеде бір-ақ адам
тұрса, енді екеуі тұрады. сөйтіп, оларда кішкене болсада артық
ақшаның пайда болғаны түсінікті болады, бұрын бір адам тұратын
қаржыға, енді екі адамға тұруға болатындығына көздері жетеді.
Əңгіме пəтердің тарлығында. Осыдан кейін ақша жинау керек, -деп
шешімге келеді, үлкен үй сатып алуды жəне балалы болуларын
армандайды. Енді бұларға екі табыс көзі бар, сондықтан уақыттарын
мансап жолына сарп етеді.
Табыстары көбейе бастайды.
Көпшілік үшін шығындардың ең үлкен бабы- ол салықтар.
Жұрттың көпшілігі табыс салығының не екендігіне көңіл аударып
түсінгілері келеді, ал Американдықтар үшін- бұл əлеуметтік қорғау.
Жұмыс істеушіге, əлеуметтік қорғау салығы, дəрігерлер
сақтандырумен қоса, орташа есеппен 7,5 процентті құрайтын сияқты
көрінеді, бірақ бұл шындығында 15 процент, себебі: жұмыс беруші
əлеуметтік қорғауға қанша төленсе, сонша алады.
Істің мəні мынада: өйткені, салық көлеміндегі ақшаны жұмыс
беруші Сізге төлей алмайды. Оның сыртында сіз, өз еңбек ақыңыздың
көлемінен табыс салығын төлейсіз, бұл əлеуметтік қорғауға кетіп, сіздің
- қолыңызға ешуақытта тимейді.
Осыдан кейін пассивтердің бабтары өседі.


Мұның мағынасын жас жұбайлар мысалынан көрсетуге болады.
Олардың табыстары көбейді, сөйтіп олар армандаған үйін сатып алуға
бел шешеді. Солай бұларда мүлік салығы пайда болады. Содан кейін
олар жаңа машина жиһаз, тұрмыстық техникаларды сатып алады.
Ақырында пассив колонкасының (бөлігінің) əртүрлі шығындарды
төлеуге, (үй кепілдігінің төлемі, кредиттік карточкаларды жабу жəне
т.б.) толы екенін аңғарады. Осыдан кейін, олар «егеуқұйрык
жүгірісінің» қатысушылары болады. Дүниеге бала келеді. Ақша үшін,
олар оданда əрі көп жұмыс істеуге тырысады. Процесс (үдіріс)
қайталанады. Жаңа табыстар үдемелі салықтар. Пошта арқылы
кредиттік карточкалар келеді, олар толығымен жұмсалады.
Бір кезде кредиттік компания телефон соғады, бұлардың кредит
алу үшін, кепілдікке қойған үйлерінің бағасы өскенін хабарлап, осыған
байланысты төлем процентінің де өскенін айтып: «Сіздердің
тұтыну қарыздарын төлеуге мүмкіншіліктеріңіз бар», -деп «толық
біріктірілген заңды» алып, берешектерді өтеп тастауға ұсыныс
жасайды. Осының бəрін төлеп, олар сəл тынышталады. Төлемдер бір
шама азаяды, оның себебі: төлеу мерзімін келісім- шарт бойынша 30
жылға созуды, олар табылған ақыл, деп есептейді.
Бір кезде көршісі жаңа заттар сатып алуға шақырады, мерекеге
байланысты, арзан бағалармен тауарлар сату науқаны жүріп жатқанын
хабарлайды. Біршама үнемдеуге болады, - дейді.
Олар өз-өздеріне: «Көруге барайық, бірақ ештеңе де сатып
алмаймыз», деп серт бергендей болғанмен, жаңа кредиттік
карточкасын ала кетеді. Маған осындай отбасылар жиі кездеседі.
Олардың аты - жөндері əртүрлі болғанымен, бірақ қаржылық
дилеммалары бірдей жағдайда еді.
Олар менімен кездесуге келіп, сұрайтындары:
«Бізге қалай көп ақша істеуге болады, соны айтып бере алмайсыз
ба? дейді. Оларға қашанда көп ақша қажет, өйткені олар ақшаны қалай
жұмсау керек екенін білмейді.


Шындығында, олар проблеманың ақшаның қалай табылуында
емес, қолындағы ақшаны қалай оңтайлы пайдалануды білмеушілікте
екенін аңғармайды.
Мəселенің бастысы мынада: ол қаржылық сауатсыздық, соның
салдарынан барып, активтің жəне пассивтің айырмашылықтарын
білмеушілік. Табыстардың өсуі - ақша проблемаларын сирек шешеді.
Проблемалар қашанда ақылдың, ой-өрістің күшімен шешіледі. Менің
бір жолдасым қарызы көптерге: «Егер сен, өте тереңге түскенінді
байқасаң. қазуыңды тоқтат. . .» дейтін.
Мен бала кезімде əкемнен: «Жапондықтар үшін мынандай үш
күш бар: қылыш күші, алтын күші жəне айна күші дегенді қашанда
еститінмін.
Қылыш-
қару
күшін
бейнелейді.
Америка
қарулану
үшін,
миллиардтаған қаржы шығарып, əлемдегі барлық елдерден əскери
баласынан басым ел.
Алтын- ақша күшін бейнелейді. «Алтын кімдердің қолында
болса, заңдарды, ережелерді солар жасайды», - деген ақиқат есінде
болсын. Мұнда үлкен шындық бар.
Айна- өзіңді білу туралы күш. Жапондық қиял бойынша, нақ осы
білім ең мықты билікті береді.
Кедейлер мен орта класс өкілдері ақша күшіне өте жиі тəуелді
болады. Олар əрқашанда, осының қандай да бір маңызы бар ма, жоқ па?
- оны ойланбастан таңертең ерте тұрып жұмысқа барады, Солай, олар
өздері отырған бұлақты шабады. Ақшаның толық мəнін
түсінбегендіктен, оны дұрыс бақылай алмайды. Ақшаның күші- бұл
кісілерге қарсы пайдаланылады.
Егерде олар айна күшін қолданса, онда өздеріне «Осының қандай
мағынасы бар?» деген сұрақты қойған болар еді. Бірақ, көпшілік
жағдайда, өзінің ішкі «даналығына» сенудің орнына, олар көпшілікпен
бірге кетеді. Жұрт не істесе бұлар да соны істейді. Олар
ерекшеленбеушілікті жəне сұрақ қоймаушылықты қалайды.
Ойланбастан өздеріне жиі айтылатын, мысалы, мынандай
пікірлерді: «Ақшаны əртүрлі кəсіпорындарға салындар». «Үй
сендердің ең жақсы капиталдық салымдарың». «Егерде сендердің
табыстарын көп болса, салық аз алынады». «Тұрақты жұмыс табу
қажет, қате жасамау керек, орынсыз қатерге ұрынба» дегендерді өз іс-
қимылдарымен қайталаумен болады.
Көп адамдар үшін, үлкен топтың алдында сөйлеу өлімнен де


қорқынышты деген үғым бар. Психологтардың айтуынша: бұл мазақ
болудан, сынға калудан, остракизмнен туындайтын қорқушылық
көрінеді.
Басқалардан ерекшеленуден қорқушылық, көптеген адамдардың
өз проблемаларын шешуде, басқа жолдарды табуға үлкен кедергі
келтіреді. Міне, сондықтан жапондықтар айна күшіне үлкен маңыз
береді,- деуші еді менің оқымысты əкем. Айна қашанда шындықты
көрсетеді.
Көпшіліктің көп қолданатын «Тəуекелділікке ұрын ба!» дегеннің
негізгі астары сол үрей. Бұл сөз қай салаларда болмасын
қонданылады, мысалы: спортта, адамдардың қарымқатынастарында,
мансапта, қаржыда.
Сол баяғы күлкі болудан қорқушылық, адамдарды ерекшеленіп
оқшауланбаулыққа, қалыптасып басқаларға жалпы қағидалар мен
тенденциялар шүбəланбауға мəжбүр етеді. Көптеген қаржылық
проблемалар: жұрт не істесе, соны істеушіліктің салдарынан
туындайды.
Сондықтан, бір мезгіл айнаға қарап, қорқыныш- үрейге бой
бермей, өзіңнің ішкі дүниеңе, өз даусыңа құлақ салудың
артықшылығы жоқ.
Біз, Майк екеуіміз, 16 жасқа толғанымызда, мектепте проблемалар
басталды. Біз жаман балалар емес едік. Біз көпшілікпен ерекшелене
бастадық. Мектептен кейін, демалыс күндері, Майктің əкесінде жұмыс
істедік.
Жұмыстан кейін, ол кісімен бірге отырып: банкирлермен, заңгерлермен,
бухгалтерлермен, брокерлермен, инвесторлармен, менеджерлермен жəне
кызметшілерімен кездесуіне қатынастынбыз.
Бұл кісі 13 жасында мектепті тастап, енді жоғары білімді мамандарға
бұйрық беруде. Олар оған сөзсіз бағынып, қаймығатын. Бұл кісі,
кепшілікте қалыптасып басқаларға қағидаларға жанаспайтын, қарсы
қимыл жасайтын. Ол өз ойына сенетін. «Көпшілік калай істесе, біз
солай істейміз».- дегенді мойындамайтын. Сонымен бірге «істей
алмаймын» дегенді де жек көретін.
Ол кісі тарапынан бірдеңеге, қол жеткізу керек болса, оған: «Сіз, мұны
істей алады, деп күмəндəнам» десеңіз-ақ жеткілікті. Сөйтіп, оның
жүргізген жиналыстарынан, кездесулерінен, Майк екеуіміз, мектеп пен
колледжде басқаларға білімдерімізден артық білім алатын
едік. Майктің əкесінде қалыптасқан білім жоқ еді, бірақ қаржылық
білімді игергендіктен, үлкен дəрежеге жеткен еді.
Ол: «Ақылды адам, өзінен де ақылды адамды жалдап алады»


дегенді қайталап айтатын. Сондықтан, бізге бірнеше сағат бойы
ақылды адамдарды тыңдап, үйренуге мүмкіндік жасайтын. Осынын
нəтижесінде, біз мұғалімдердің стандартты кеңестерін қабылдай
алмайтын болдық. Бұл біраз проблемаларды туғызды.
Мұғалім: «Егерде сендер жақсы бағалар алмасаңдар, өмірде
ештеңеге қол жеткізе алмайсыңдар» дегенде, біз Майк екеуіміз
кекесіннен күлетінбіз.
Бізден қалыптасқан алгоритм бойынша белгіленген ережелерді
Мүлтіксіз орындалуын талап еткенде, мектеп адамның
творчествовалық бастамасын түбірінен құртатынына көзіміз жетті.
Енді біз бай əкенің: мектеп жұмыс берушілерді емес, тек қана
жұмыс істеушілерді дайындайды, деген сөздерінің мағынасын түсіне
бастадық. Кей уақытта, біз мұғалімдерге, басқаларға білімдерімізді
тəжірибеде калай пайдалануға болады? немесе ақша жəне оның
принциптері туралы неге оқымаймыз? ден сұрақ қоятынбыз. Екінші
сұрақка, олардың жауап бергендері маңыздылық ақшада емес, егер
сендер жақсы оқысаңдар қалғандары өз-өзінен шешіледі,- дейтін. Біз
неғұрлым ақша күші туралы, тереңірек біле бастаған сайын, солғұрлым
мұғалімдер мен құрбыларымыздан алшақтай бастадық.
Менің оқымысты əкем, мектепте алған бағаларым үшін ұрыспайтын.
Рас, соңғы кезде біз ақша туралы талас жүргізе бастадым.
Мен 16 жасқа толғанымда, менің қаржы жөніндегі білімім өз ата-
анамнан əлде қайда артық еді.
Сөйтіп, мен бухгалтерлік есепті жүргізе алатын болдым, салық
Инспекциясының бухгалтерлері мен түрлі компаниялардың
адвокаттарымен қозғалмайтын мүліктерді сатушы агенттермен.
инвесторлармен жəне т.б. кездесіп əңгімелессе алатын болдым. Менің
əкем тек қана мұғалімдермен кездесетін.
Бір күні əкем, маған біздің үйіміз- ең жоғарғы капиталдық салым
деді. Мен шыдай алмай, үй жақсы капиталдық салым бола алмайды.
деп айтқанымда, екеуіміздің арамызда ыңғайсыз ерегіс туды.
Келесі схемада бай жəне кедей əкенің өз үйлерін қалай əртүрлі
бағалайтынын көресіздер.
Біреуі үйді актив деп есептесе, екіншісі-пассив дейді


Есімде бар, əкеме ақшаның қалай қозғалатындығы жөнінде
тағыда бір схема бойынша көрсеттім. Оның сыртында үй жаңа
шығындарды қалай талап ететіндігін суреттеп бердім. Үй үлкен
болған сайын, оны үстау үшін, шығындар да түседі, сөйтіп ақша
ағымы шығындар колонкасы (бөлігі) арқылы кетеді.
Пассив
Кейбіреулер менімен осы уақытқа дейін, үй капиталдық салым,-
деп таласады. Көптеген адамдар үшін, бір орындалмаған арман
секілді. Ештеңе болмасада өз үйіңнің болғаны жақсы: Осы кең тарап
кеткен ұғымның мəнін түсінудің, баламасы түрінде сіздердің
назарларыңызға жəй қарап шығуға өз пікірімді ұсынам.
Егерде, біз «əйеліміз екеуіміз зəулім үй аламыз, - деп шешім
қабылдасақ, мүның актив емес, пассив екенін білер едік, себебі: мұндай
капиталдық салым ақша түсіруді емес, керісінше ақша
шығаруды талап етеді.
Оған менің дəлелдерім мынандай. Мұның бəрін барша жұрт
қабылдайды деуден аулақпын, себебі-жақсы үйдің болуы эмоциалық
көз қарастан келетін болсақ, бұл қуанышты сезім. Ал, эмоцияның
əсерінен, қаржылық көрегендік тез əлсірейді. Өзімнің жеке
тəжірбиемнен білем, ақша кез келген эмоциялық шешімге
ықпал етеді.
1. Біз үй жөнінде əңгіме қылғанда, ерекше айтарым, жұрттың
көпшілігі өзіне қарамайтын үй үшін, ақша төлеу мақсатында ғұмыр
бойы жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, көпшілік біраз уақыт өткеннен
кейін жаңа үй сатып алады, бұрынғы алған, бірақ əлі төленіп болмаған
кредиттік төлемін қоса есептеп, тағыда 30 жылға созып төлемдік
кредит алады.
2. Тіпті, кепілдікке қойған үйдің төлемдерін төлеу, салық


мөлшерін азайтқанмен, бұл салықтың бір бөлігін төлегенге дейін,
салық еңбек ақыдан ұсталып қалады. Үй үшін алған кредитті
өтегеннен кейінде, бұл солай жалғаса береді.
3. Меншік салығы. Менің əйелімнің, əке-шешесінің тұратын
үйінің салығы айына 1 мың долларға дейін көтерілгенде, олардың
зəре-құттары қалмады. Бұл жағдай олардың зейнетке шыққандарынан
кейін болған еді. Салықтың бұлай көтерілуі зейнетақыларына сəйкес
келмегендіктен, басқа үйге көшуге мəжбүр болды.
4. Үйлер əрқашан қымбаттамайды. Менің бір жолдасым үй үшін, 1
миллион қарызы бар, қазір 1997 жылы, ондай үйдің құны 700 мың
доллардан аспайды.
5. Ең үлкен шығын-ол айырылып басқаларға мүмкіншіліктер.
Егер сіздің ақшаңыз үйге салынған болса, онда сізге бұрынғыдан да
көп жұмыс істеуге тура келеді , себебі: ақша активтер колонкасын
(бөлігін) өсірудің орнына, үнемі шығыстар бабына статьясына жетеді.
Мұндай схема орта класс өкілдеріне тəн. Егерде жас жұбайлар ең
Басынан
ақшаны
көбірек
активтер
колонкасына
(бөлігіне)
салғандарында, келешекте, əсіресе балалары оқуға колледжге
барғанда жеңілірек болған болар еді. Сөйтіп, олардың активтері өскен
болар еді де, қиналмай шығындардың бір бөлігін жапқан болар еді.
Өкінішке орай, көп жағдайларда үнемі өсіп отыратын шығындарды
жабу үшін, үй кепілдікке қойылып сауда алу құралы болады.
Осының бəрін жинақтап, қорыта айтатын болсақ, ең соңында
үйді сатып алушылық шешімі, инвестиция жасаудың орнына, кем
дегенде мынандай 3 қолайсыз жағдайларға əкеліп соқтырады:
1. Уақыттың жоғалуы. Бұл уақытта басқа активтердің бағасы
көтерілуі мүмкін.
2. Капиталдың жоғалуы. Бұларды салымдардың басқа бір
түрлеріне салудың орнына, үйді ұстауға байланысты шығындарды
төлеуге кетеді.
3. Білімнің жоғалуы. Жұрттың көпшілігі үйді, үнемділікті, зейнетақы
қорларын өздерінің активтері, - деп есептейді. Оларда
инвестицияға қаржы болмағандықтан, ешқайда ақша салмайды, яғни
инвестиция жөнінде білімсіз (қараңғы) болып шығады. Сөйтіп, бұлар
«тəжірбиелі» инвесторлар бола алмайды. Ал ең жақсы инвестициялар
қашанда «тəжірбиелі» (бүл жөнінде білушіліктері мол) инвесторларға
тиеді, содан кейін олар оны тəуекелге бармайтын, сақ адамдарға
қымбат бағамен сатады.
Менің оқымысты əкемнің қаржы есебі «егеуқұйрық жүгірісінің»
қатынасушыларына ұқсайды. Оның шығыстары табыстарына дəлме-


дəл еді, сондықтан онда активке инвестиция салуға ақшасы
қалмайтын. Соның салдарынан пассив (үй кепілдігінің төлемі,
кредиттік карточкалар бойынша қарыздар) активтен басым болатын.
Мына схема мың сөзге тұрарлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет