Жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебі
БАЯНДАМА:
«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі»
2019-2020 оқу жылы
«Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі»
«Ел болам десең бесігіңді түзе», «Тәрбие – тал бесіктен» деп дана халқымыз айтқандай парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ ұлтымыздың басты құндылығы. Саналы да білімді жас ұрпақ болашағымыздың кепілі. Бала тәрбиесінде ең маңызды рөл атқаратын әрине ол отбасы екені мәлім. Сәби күнінен ананың әлдиімен ақ бесікте тербетіліп, асыл әженің ертегісін тыңдап тәтті ұйқыға батып өскен әрбір қазақ топырағының перзенті жаман болмайтыны анық. Сәби дүние келгеннен бастап салт-дәстүріміз бойынша жоралғыларын жасап, ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңірсек ұлтымыздың ұлы азаматы болары сөзсіз. Тәлім – тәрбие беруде салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды пайдалану ең бір оңтайлы тәсіл. Себебі, баланың қырқынан шығару, ақ бесікке жатқызу тазалыққа, бесік жыры мейірімділікке, тұсау кесер адалдық пен адамгершілікке, сүндетке отырғызу мұсылмандығын тануына өз септігін тигізеді. Сондықтан әр ата – ана балаға тәрбие берумен қатар сол берілген тәрбиенің ұрпақ болашағы үшін маңызды екенін ескерген жөн.
Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.
Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Бала өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата-ана. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы – ата-анасы. Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он, моральдық-психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсінік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |