Баяндама Орындаған: Кулбаева А.Ә Тақырыбы


Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі



бет14/16
Дата24.04.2022
өлшемі66,44 Kb.
#32108
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
жыныстық жетілу

Ер және қыз балалардың жыныстық жетілуі.

Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады .Бұл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады.4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқынырақ.Бұл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны бір жасқа дейін біркелкі ,бір жастан бастап жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды,оның мөлшері де ұлғаймайды.Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айында және бір жасқа дейін күшті болады сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады.Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11,қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады.Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыздардың өсуі мен дамуы бірдей болады.Олар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілермен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді.

Бұл кезеңде ер балаларда жыныс безінің ұрық жасайтын түтіктері жіңішке,әлсіз және оның өзі де әлі жіктеле қоймаған эмбриондық эпителий клеткаларының бір қабатынан тұрады.Қыз балаларда аналық жыныс безі эмбриондық кезеңде фолликулалардан тұрады.Олардың өсуі өте баяу.Қабықтанған фолликулалардың сан өте аз, ал Грааф көпіршігі мүлде болмайды.Бұл мезгілде ер және қыз балалардың несебінде андрогендік және эстрогендік гармондар біршамада аз болады.Бқл гармондар жыныс безінде түзілмей, тек бүйрек үсті безінің қыртыс қабатында өнеді.

Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады.Осы уақытттан бастап ер балалардың жыныс мүшесі өсе бастайды.Жыныс бездері жетіледі.12 жастан аса көмекші жыныс белгілері- көмекейі өсіп, даусы қатаяды.13-14 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, сондықтан баланың сымбаты өзгереді, әр адамға тән қасаға түктері пайда болады.15 жастан аса қолтығында түктер өседі,сақал-мұрты шыға бастайды,сперматогенез басталады, ұйықтап жатқанда шәуһет бөліне бастайды.

18 жастан аса жігіттің жыныстық жетілуі аяқталады.Ер бала біртіндеп ержетіп, жігіт одан әрі ересек адам болады.

Қыз балалардың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталып, 8жастан-ақ әйел пішіндес қаңқа ерекшеліктері пайда болады.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді.Он жасқа жақындағанда емшегі өседі.13-15 жастан бастап бойы жылдам өсіп, қолтығында,қасағасында әйелдерге тән түктері шығады,етеккір келеді.16-18 жаста бойжеткендер толық жыныстық жетіледі.Бұл өзгерістер қыз баланың организміндегі жыныстық өзгерістердің пайда болуына байланысты.

Жыныстық жетілу мерзімі жалпы алғанда балалар мен жастардың тұқым қуалайтын қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауа райына, ұлттық ерекшеліктеріне т.б. сыртқы ортаның жағдайларына байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет