Баяндама Шағын жоба


БАҚ пен сыбайлас жемқорлықтың қандай байланысы бар?



бет3/5
Дата12.07.2023
өлшемі40,71 Kb.
#104238
1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат Философия (копия)

БАҚ пен сыбайлас жемқорлықтың қандай байланысы бар?
Ең алдымен, қоғам мәселелері осы БАҚ-та қаралып, шешіліп отырады. Сыбайлас жемқорлық немесе қандай да болмасын мәселелер осы жаңалықтар мен БАҚ бірлестігі арқылы оқырманға жетіп отырады. Демек, сыбайлас жемқорлықты да қоғамның басты мәселелесі ретінде алып, оны БАҚ құралдарымен байланыстыра өтуіміз бұл жерде дұрыс шешім. Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі заманғы проблемалары мен әртүрлі аспектілерін ашық талқылау қажет. Мемлекеттік органдар мемлекеттік даму бағдарламаларында бұқаралық ақпарат құралдарының мәртебесін арттыру үшін бар күшін салады, бұқаралық баспасөз бен журналистік қоғамдастықты қолдау бойынша шаралар қабылдайды. БАҚ қызметін көтермелеу жөніндегі іс-шаралар өткізіледі, журналистер арасында үздік жарияланымдарға арналған жыл сайынғы конкурстар, құқық қорғау органдарының басшылары мен баспасөз қызметтерінің құқық бұзушылықтың ірі фактілерін айқындау мәселелері жөніндегі брифингі ұйымдастырылады. Тәуелсіз журналистік тексерулерге жағдайлар жасалады. Бұқаралық ақпараттық құралдар мен әлеуметтік желілер қоғамдық топтардың және жекелеген адамдардың сыбайлас жемқорлық фактілері мен заңсыз қызмет туралы ақпарат беруі, қазіргі проблемаларды талқылау, оларды шешуге сындарлы шаралар ұсыну үшін белсенді алаң болып табылады.
Қазақстанда БАҚ-қа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін ақпаратты белсенді пайдалану мүмкіндігін беретін оған еркін қол жеткізу туралы нақты жұмыс істейтін нормативтік құқықтық актіні қабылдау туралы мәселе пысықталуда. Барлық мемлекеттік органдарда журналистер мен блогерлерді міндетті мемлекеттік аккредиттеу енгізілді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың ресми сұрау салуларына ғана емес жарияланған және жан-жақты таратылған ақпаратқа да жауап беру міндетін білдіреді. Ашықтық деңгейін арттыру жөніндегі қызметте шұғылдыққа, жалпы қол жетімділік пен ашықтыққа ықпал ететін Интернет желісі ресурсы маңызды рөл атқарады. Халықаралық сараптама комиссиясы еліміздің бұл бағыттағы жұмысын оң бағалайды. БАҚ-та жарияланатын жыл сайынғы есептерде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында белгілі бір жұмыстар жүргізілетіні, озық әлемдік тәжірибеге және БҰҰ Конвенциясының талаптарына негізделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа шаралары қабылданатыны атап өтіледі
Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып саналады. Біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет