ІІІ. Қорытынды бөлім
Нәтижелерге сараптама
Бүгінгі күні еліміздің рухани адамгершілік байлығын, мәдени мұрасын зерттеп, оны оқушы- жастар бойына жұғысты қасиет етіп меңгерту, сол арқылы ізгі жүректі, қайырымды, іскер азамат тәрбиелеп шығару жаңа тұрпатты мектептердің алдында тұрған киелі проблема. Ол ағарту жүйесінің мазмұнын жаңарту, оның құрлымдық жүйесіне ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықты кіріктіре отырып игерту бағытында іске асырылмақшы. Оқушы дүниетанымын дамыту мәселесі тек педагогикалық категория тұрғысында ғана қаралатын мәселе емес, ол бірнеше ғылымдар аясында (философия, психология, әлеуметтану, мәдениеттану, этнография, этнология, этика, логика, демография т.б.) әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Бұл адамның тұлға болып қалыптасуы қоғам, табиғат, мәдениет, әлеммен біртұтастыққа жүзеге асатын күрделі үрдіс екендігін корсетеді. Тақырып бойынша жүргізілген педогогикалық тәжірибелік зерттеу жұмысымда мектептерде халық тағылымдары негізінде оқушы дүниетанымын дамытудың жәй- күйі зерттеліп, мына міндеттерді шешуге бағытталған іс- шаралар жүргізген болатынын.
а) Оқушылардың эксперемент кезіндегі халық тағылымдарын меңгеруді көрсетуде бастапқы және соңғы деңгейі анықталды.
б) Мектеп тәжірибесінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың олқылықтары мен себептерін атап көрсеттім.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешуде өз тәжірибемде сыныптан тыс шарада өткізілген жұмыстар негізінде оқушыларға сауалнамалар қою, пікірлесу, танымдық сын сайыстар өткізу, бағдарламалар, әдістемелік құралдарды талдау, т. б. жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |