Сирек кездесу нарық экономикасының өте маңызды шарты болып табылады. «Сиректік» деген түсінік экономистер үшін өте маңызды методологиялық құрал, әсіресе тауардың пайдалылығын дәлелдеуде қолданылатын. Демек, шекті пайдалылық теориясында «сиректік» деген түсінік негізгі жөне ешқандай түсіндірме тілемейтін, физикалық ақиқат болып табылады. Сиректік мәселелерін зерттеу, белгілі бір тұрғыда кейбір игіліктердің тапшылығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Классикалық мектептің өкілдері Д.Рикардо, А.Смит «сиректік» түсінігін құнмен байланыстырады. Олардын, айтуы бойынша сиректік еңбектің санымен қатар, тауардың құнын белгілейтін маңызды факторларға жатады. Осы замандағы нарықтық қатынастар теориясында «сиректіктің» түсінігі белгілі трансформацияға ұшырап отыр. Егер бұрын сиректікті табиғи және әлеуметтік факторлармен байланыстырған болса, қазір сиректік нарықтың қызмет ету мерзімімен байланыстырылып отыр. Сұранысы мол жаңа игілік бір мезетте және толығымен қажеттіліктерді қамтамасыз ете алмайды. Бүл үшін белгілі уақыт мерзімі қажет. Осыдан тұжырым: сиректігі мол болған сайын, осы игіліктің қажет санын өндіруге соншама мол уақыт керек.
Нарықтық экономика үлгілері
Қазіргі уақытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:
географиялық орналасу;
табиғи ресурстардың бар болуы;
тарихи даму жағдайлары;
халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;
өндіргіш күштердің даму дәрежесі;
қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:
меншіктің әр алуан формаларының болуы;
тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;