«Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» КММ
Баяндама
Тақырыбы
Әдебиет пәнін оқытуда критерилі бағалаудыңтиімділігі
Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы
АвторыДадашева Гүлстан Рысбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Шолаққорған
2017-2017
Жоспар
І Кіріспе
1. Жаңа тәсіл-жаңаша оқыту негізі
2. Бағалау дегеніміз не?
ІІ Негізгі бөлім
Критерийлі бағалау дегеніміз не? Дискриптор не үшін қажет?
Критерийлі бағалаудың мақсаттары мен міндеттері.
Критерийлі бағалауды қалай жүзеге асыруға болады?
ІІІ Қорытынды
1.Критерийлі бағалаудың тиімділігі.
«Терең білім - Тәуелсіздігіміздің тірегі,
Ақыл-ой – азаматтарымыздың алдаспаны».
Н.Ә.Назарбаев.
І.1.Жақсы мұғалім – кәсіби деңгейі жоғары, интелектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға.Тұлғаның адам болып қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. ХХІ ғасырдың оқушылары жаңаша білім беруді талап ететіні белгілі. Қазақта «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» демей ме? Сондықтан да баланың талабына сай білім беру бүгінгі таңдағы мұғалімнің негізгі міндеті. Ж. Аймауытов бір сөзінде былай дейді: «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер»[1.48] Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. (Hattie, 2009) Сындарлы оқыту технологиясы бүгінгі таңда бірден-бір тиімді әдіс болып саналады. Мен де өз тәжірибеме өзгеріс енгізу мақсатымен сындарлы оқытудың 3-деңгейлік бағдарламасы бойынша 3 айлық курстан өттім.
Бұл Бағдарлама құзырлы мұғалімдердің алдына оқушының жан дүниесін түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңаша немесе сыныптағы түрлі дереккөздерінен, алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылыалынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімдісіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады.
Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда оқушыларды сабақта бағалай жүріп көптеген қиындықтарға тап болатынмын. Мені бағалау қатты толғандыратын. Оқытудың Кембридж әдістері негізіндегі бағдарлама бойынша бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде білім алып, бағалаудың да бірнеше түрлерін меңгердім. Сындарлы оқытудан алған білімдерімді жинақтап мектептегі іс-тәжірибені жүйелі жоспарлауды бастадым. Жаңа әдістерді өз сабақтарымда пайдалана жүріп, көптеген жетістіктерге жеттім.
3 айлық деңгейлік бағдарламада бізге білім берудегі 7 модульді таныстырып, сол модульдер бойынша жан-жақты талдаулар жасатқан болатын. Себебі «Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылған жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Бұл жеті модуль оқу барысында аралас түрде қолданылады.
Бағдарламаның модульдері:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту.
Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Осы модульдер ішіндегі оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.модулі маған бағалау туралы толғандырған мәселелерімнің шешімін табуға көмекетесті. Сабақтарымда оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды үйрету өте маңызды қадам болды. Оқушылар жаңа бағалауға қызыға қарады. Білімдерін жаңа тәсілдер арқылы бағалау оқушылардың таңғалысын тудырды.Себебі бұрын мұғалім ғана бағалап келген, енді оқушылар бір-біріне баға қоя алатындарын білгенде қызығушылықпен қарады. Оқушылар бір-бірінің жұмысына талдау жасап, оның жақсы, жаман жағын айтып, баға қою оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтты. Бағалауда оқушылар өз-өздерін критерийлер арқылы топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгере бастады.
І.2. Жалпы бағалау дегеніміз не соған тоқтала кетсем:
«БАҒАЛАУ» термині – «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес. [5.177]
Александер бағалау туралыбір сөзінде былай деген. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес . Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.[3.56]
Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Бағалау– оқушықажеттілігін бағалау, оқушылардың жеке және бірлесіп жұмыс жасауын марапаттау, оқу барысын бақылау, қаншалықты түсінгенін тексеру және тақырып мазмұнын қаншалықты мағыналы түсінгеніне қарай марапаттау, түсінгенін демонстрациялау (түсінгенін практикада қолдана білуге жағдай жасау),оқушылардың оқу жетістігінің нәтижесін көру, білім деңгейін анықтау, пәнге деген ынтасын күшейтіп, күш-жігерін қалыптастыру және нығайту,өзіне деген сенімділігін арттыру.
Бағалау әдістері:
– оқу тапсырмалары арқылы бағалау (пікірталастар, күнделіктер, оқытуды дамыту үшін қолданылатын барлық материалдар);
– топта, жұпта, сыныпта талқылау жұмыстары арқылы бағалау;
– өзін-өзі және бірін-бірі бағалау;
– оқушы портфолиосы (оқушы жинаған бағалар, марапаттар, жетістіктер т.б.)Осы бағалаудың ең биігінде тұрған критерийлі бағалау.
Бағалаудың негізгі мақсаты әр мұғалімнің бағалауды қандау мақсатта және кім үшін қалай өткізу керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған.
Оқытудың қиындықтарын анықтау. Орта мектептерде мысалы, сауаттылық және математика саласындағы проблемаларды анықтау үшін тестілер өткізілуі мүмкін; одан кейін өзіндік түзету және тестілеу жұмыстарын қайталап өткізуге болады.
Жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Мұндай кері байланыс «әсердің» бейресми бағалануынан бастап ресми жазбаша тестілерге дейін түрленуі мүмкін, бірақ негізгі мақсат оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму, мысалы, білім, түсіну, және дағды туралы хабарлама беру болып табылады.
Уәж. Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады. Ынталандыру ретінде тестінің немесе емтиханның өткізілуі әдетте кейбір оқушылар мен мұғалімдердің ойларын жинақтап, әрекет етуге итермелейді. Мұндай сыртқы ынталандыру оқыту үшін мадақтауға негіз болуы мүмкін, бірақ мұқият бақылау жүргізілмесе, мәжбүрлеу құралына айналуы да ықтимал.
Болжау және сұрыптау. Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы мұғалімдер олардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжайды. Мемлекеттік емтихандық жүйенің нәтижелері, көбінесе сұрыптау мақсатында, атап айтқанда бұдан арғы оқыту немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік үшін қолданылады. Мектеп шеңберінде әдетте топтар мен сыныптарға бөлінгенге дейіінгі бағалаудың белгілі нысаны болады.
Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін, ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы, «біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген кепілдіктер болу қажет. PISA (Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама)
Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екені кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.
Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтауы қажет.
Қазіргі кезде елімізде сабақтың сапасын арттыру негізгі мәселеге айналды. Ал сабақтың сапасы оқушының білімді алуымен қоса оны бағалаумен де өлшенеді. Жоғарыда айтып өткендей бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда бағалау тек сабақты оқушының өзінен сұрап, басқа оқушыларға сұрақ қойдырып, менің баға қоюыммен жүзеге асатын. Мұндай жағдайда оқушы кейде өз бағасына қанағаттанбай ренжіп те қалатын. Өзін-өзі бағалауда бала тосылып қалатын. Өзара бағалауда түрлі кикілжіңдерге тап болатын. Сабақтың сапасын арттыру мақсатында мен қазір өз сабақтарымда критериялды бағалауды қолданып жүрмін. Нәтижесінде оқушы өзін-өзі бағалау кезінде неге сүйеніп бағалайтынын біліп отырады. Өзара бағалауда ешқандай кикілжің тумайды.Топтық бағалауда шынайы білімдерінің бағасын алады. Бала өз білімінің сапасын өзі біліп тұрады. Сіздің сабағыңызда оқушы не үшін баға алғанын біледі. Критериялды бағалау дегніміз не? Сол жөнінде толығырақ айта кетейін.
ІІ.1. Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет]
Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]
ІІ.2. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектептеоқытусапасынжоғарлату
Мектеп бітірушілердіңбілімін халықаралықстандартқасәйкестендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |