Міндеттері:
Еңбек артельдерін құру.
Кедейлерге жер беру.
Еңбекшілердің саяси сана-сезімі мен мәдени деңгейін көтеру.
1921–1922 жылғы жүргізілген жер реформасының маңызы:
Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды.
Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді.
Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті.
Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.
қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер (1921–1928 жж.)
1921 жылы уездер мен губернияларда Кеңестер съезі болып өтті. Көптеген қызметкерлер жаңа экономикалық саясаттың мәнін түсінбеді, бұрынғысынша «әскери коммунизм» әдістерімен жұмыс жасады. Кеңестерді құрып, нығайту жұмысы мақсатты түрде жүргізілді. Оған белсене қатысқан қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы С. Мендешев, орынбасары Ә. Жанкелдин, Ішкі істер халық комиссары Ә. Әйтиев және басқалары Кеңестердің жұмысын жандандыруға елеулі еңбек сіңірді.
1921 жылы 4–10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті. Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қорытындылары шығарылды.
1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті. Олардың құрамын жергіліктендіру іске асырылды. Бөкей, Орал, Ақтөбе, Семей губернияларында болыстық атқару комитеттері сайлауынан кейін, депутаттардың жартысынан астамы қазақтар болды.
ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә. Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты. 9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37 ауылында, сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды. Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды.
1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық бірінші съезі Кеңестердің Социалистік Республикалар Одағы құрылғанын жариялады. Басқа да автономиялық Кеңес республикалары сияқты Қазақ АКСР-да Кеңестік Ресей Федерациясы құрамында Одаққа кірді.
Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық-мемлекеттік жағынан 1924 ж. жүргізілген межелеу республика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межелеуі нәтижесінде Түркістан АКСР-інің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері Қазақ АКСР-іне қарайтын болды. Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шақырымға, ал халқы – 1 млн. 468 724 адамға өсіп 5 230 мыңға жетті. Тұрғындары негізінен орыстар болып табылатын Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді. Республиканың астанасы Қызылордаға (Ақмешіт) көшті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Zharar.kz қазақша ақпараттар порталы
Қазақстанның жаңа және қазіргі тарихы