Баяндама. Тақырыбы: Құндылықтарға бағытталған физикалық білім



бет4/4
Дата04.10.2022
өлшемі32,74 Kb.
#41374
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама2

Физика пәнін құндылықтарға бағытталған білім бағдарламасы негізінде оқыту.
Қазіргі білім беру жүйесі ерекшелігі –өскелең ұрпақты біліммен ғана қаруландырып қоймай, өз бетінше білім алуын жетілдіре отырып, жетістікке жетуіне қажеттілік жасауға негізделген. Бiлiм беру жүйесінде инновациялық жаңашыл үрдiстерді жүзеге асыру мұғалiмдерден негізгі өзіндік ұстанымдарын, өзіндік мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Еліміздің болашағы жас өскелең ұрпақ . Оларға сапалы білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің негізгі ауқымды мәселесі болып отыр. Елімізде жалпы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында білім берудің құрылымы мен мазмұнына көптеген өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділіктерін арттыру, білімге деген кызығушылықтарын ояту білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу –әрбір ұстаздың негізгі міндеті. 
Жаратылыстану ғылымдары жүйесінде физика терең философиялық және ғылыми – техникалық мазмұнымен ерекшеленеді, негізгі рөлге ие болады. Мұғалім мектепте білім алушыларға физиканы үйрету арқылы олардың дүниеге көзқарасының алғы шарттарын қалыптастырады. Қазіргі физиканың мазмұны осы күнгі теориялық зерттеулер бойынша кванттық, релятивистік және статистикалық заңдылықтардың жалпылама заңдарына жақындауда. Бүгінгі мектеп оқушысы физиканы осындай үрдісте білуі қажет.
Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады.

«Физика» пәнін оқытуда қолданылатын мұндай стратегиялардың мысалына төмендегілерді келтіруге болады:


— зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру және қорытындылары мен нәтижелерін тәжірибе жүзінде растап отыруды алға тартатын логикалық ойлауды дамыту;
— өз бетінше жұмыс істеу біліктілігіне және жағдаяттар ағымына қарай бейімделуге, атап айтқанда, аса қиын проблемаларды шешуге, проблемаларды шешу үдерісінде пайда болған жаңа ақпараттарға жауап беруге және бейімделуге үйрету;
— теориялық модельдердің жұмысын түсінуді жақсарту үшін ойындар мен модельдерді қолдану;
— оқушылардың өз тәжірибелерін жобалауы мен жоспарлауы арқылы физикадағы мәселелерді зерттеу;
— физиканың қазіргі заманғы проблемалары туралы (әртүрлі дереккөздерден алынған) ақпаратты сұрыптау және оқушылардың алынған ақпаратты синтездеу, бағалауы мен қорытындылауы;
— мәшинетану, жылутехника, электротехника мен радиотехника, электроника, аспап жасау сияқты бірқатар техникалық ғылым мен пән мәліметтерін пайдалану;
— жаратылыстану құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау.

Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру мұғалім үшін өте маңызды. Ол үшін сабақты көрнекілік құралдармен қамтамасыз ету, физикалық эксперименттер жасау, сабақтың ғылымилығын жоғарылату, проблемалық жағдаяттар туындату, оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, т.б. белсенді оқу әдістерін қолдануға болады.




Уақыт ағымына сай мемлекеттік ұстаным білімді ұрпақ өсіру болып саналады. Мақсат – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін пән мұғалімдері проблемалық және зерттеу арқылы оқыту тәсілдерін қолданады. Негізі оқушының еңбегін ба­­ғалау оқыту мен оқудың м­а­ңызды бір бөлігі болып табы­ла­ды. Қалыптастырушы тарау бой­ы­н­ша жиынтық, ішкі, сырт­қы жиынтық бағалауы оқу­шыға оқу мақсаттарына сай белгілі бір дағдыны жүзеге асы­ру­ға, өз білі­мінің қай деңгей­ге кө­те­­ріл­генін анықтауға мүм­кін­­­­дік береді. Мұ­ға­лім мен оқу­­­­шы ара­сын­дағы бай­ланыс оқу­­шы­ның өзі­не деген се­нім­ін нығай­тады. Оқу барысын­да пікірімен санас­атынына, мәсе­ле­ні шешуде пікірлері есепке алы­натындығына көздерін жет­кі­зеді. Өзіндік білім алу дең­гейін анық­тайды. Бірлесіп тал­қылауға бо­латын сұрақтар ауқымын ке­ңей­ту, оқушының мектеп пен оқу­ға деген жағымды көз­қа­ра­сын қа­лыптастырады. Оқушылардың оқу дағ­ды­ларының дамуына ықпал ету үшін түрлі әдебиеттерден, ға­лам­тор көздерінен шағын мә­тін­дер алынады. Оны талдау арқылы оқу­шылардың ком­муникативтік дағдыларын же­тілдіріп, игерген білімдерін өмір­де қолдануға үйретеміз. Физика­лық құбы­лыс­тар­ды ғылы­ми тілде баяндауға жат­­тық­­­тырамыз.
Мысалы 7-сы­нып­­та «Физикалық шамалар және өлшем­дер» бөліміндегі «7.1.1.1 фи­зикалық құбылыстар, фи­­зи­ка­лық шамалар және өл­шем бірліктерге мысалдар кел­тіру» оқу мақсаты бойынша қа­­лыптастырушы ба­ға­лау жүр­гізу үшін оқушыларға Жер ту­ра­лы шағын мәтін ұсы­на­­мыз. Оқу­шылар мәтінді оқып, он­­­да­ғы физикалық ша­малар, құ­­бы­лыстар мен ұғымдарды та­­ба­ды. Мысал ретінде қа­лып­тас­­тырушы бағалау ұсынамыз. Ай­талық, Жер – Күн жүйесіндегі Күн­нен әрі қа­рай санағанда үшін­ші ғаламшар адам­­заттың тір­шілік ететін бесігі. Жер эллипстік (собықшалы) орби­та бойымен секундына 29,765 км жыл­­д­амдықпен 149,6 млн км орта­ша қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет ай­налып шығады.
Оқушылардың білу және тү­сі­ну дағдыларын қалып­тас­ты­­руға бағытталған, құбылыс, зат, дене, физикалық шамалар, өл­шем бірліктері бойынша тү­сінік­терін ажырата білуге ұсын­ған осындай үлгідегі тапсыр­ма­лар тестік тапсырмаларға қа­ра­ған­да, игерген білімдерінің жат­тан­ды болмай, қолданбалы сипатта болуына жақсы мүм­кін­дік береді. Қазіргі заман мектептерінің тү­лектеріне жоғары дәрежедегі құ­зыреттілікке ие болу, өз беті­мен өмір сүру және кәсіби шы­ғар­­­­машылық тұрғыдан дайын бо­­­­лу талабы қатаң қойылады. Сон­­­­­дықтан түлектерге мектеп қа­бы­­рғасында алған дағ­ды­лары кез кел­­ген жағдайда та­бысты болуға кө­­мектесуге қыз­мет етуі тиіс. Мек­теп түлектерінің ада­­ми құндылықтары жоғары бо­­лып, өздерін елінің патриоты ре­­тін­де таныта білулері қажет. Олар – үйлесімді дамыған, дені сау, өзін өзі дамытуға және шы­ғар­ма­шылыққа ұмтылған, сын тұр­ғысында ойлайтын және про­блемаларды шеше алатын азаматтар. ХХІ ғасырдың жа­һан­дану жағдайында оқу­шы­лар­дың проблемаларды шешу­де, талдамалық, танымдық дағ­ды­ла­рын дамыту, сыни тұрғыда жә­не шығармашылық ойлауын, білім­де­рін өз бетінше үйлестіре білуін жә­не ақпараттық кеңістікте бағ­дар­лануын дамыту маңызды болып табылады. Тәу­ел­сіздігіміздің тұғыры биік болып, мемлекетіміздің өркендеуі біз­дің қазіргі шәкірттеріміздің бі­лім дәрежесіне байланысты бо­латыны тағы анық. Сондықтан ұстаздар қауымы оқушылардың сапалы білім алуына, ғылым жетістіктерін меңгерулеріне өз үлесімізді қоса бермекпіз. 


Ұлы педагог Ушинский «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,ал оқуды, іздеуді тоқтатса мұғалімдігі де жойылады» деген болатын.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты –міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бір әдісі-жаңа технология негіздері болып табылады, яғни инновациялық технологиялар. Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты-білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп,олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне кеңінен енгізу жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алудың бірден-бір шарты болып табылады. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихитанымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Әрбір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып педагогикалық технологияларды, инновациялық әдістерді кеңінен пайдалануы тиіс.Ол заман талабы. Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. М.Жұмабаевтің «Педагогика» деген еңбегінде «Сабақ барысында мұғалім оқушыға тақырыпты жеткізу үшін алдымен балаға жаңа беретін білімді жат күйінше емес, баланың бұрынғы таныс біліміне байлап берсін»делінген. Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерді бала бұрынғы өзі білетін нәрсенің ерекшеліктерін саралап, оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа білімді алуға ұмтылады.

Құндылықтарға бағытталған физикалық білім беруде қолданылатын әдістер:


«Шахмат»әдісі Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, кейін ой бөліседі.
«Шеринг»әдісі. Барлығы шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.
«Тепе-теңдік дөңгелегі» әдісі. Шеңберде бірнеше бөлік болады. Әрбір идея 0-ден 10-ға дейін балл арқылы анықталып, белгіленеді. Кейін нүктелер қосылып, баланс шыққаны-шықпағаны талданады.
«Галереяны шарлау»әдісі. Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды. «Кинометафора»әдісі. Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.
«Екі дұрыс,бір бұрыс»әдісі. Өткен тақырып немесе үй тапсырмасы бойынша екі дұрыс, бір бұрыс жауабы бар тест құрап жұптық жұмыс немесе топтық жұмыс жасауға болады. «Ұшақ»әдісі.Бұл әдіс үй тапсырмасын тексеру кезеңінде қолданылады. Ұшақтың бір қанатына есеп жазылып әкелінеді де сыныптасына ұшырылады. Ол өз кезегінде есепті шығарып, үшінші оқушыға ұшырады. Ол шығарылған есепті тексереді.
«Өрмекші торы»әдісіПостерге физикалық шамалар мен ұғымдар жазылады. Оқушылар бір ұғымға қатысты шамаларды біріктіреді.
«Туннель»әдісі. Оқушылар туннель құрып тұрып, туннельден өтушіге өткен сабақ ұғымдарын түсіндіреді. Туннельден қайтқан бала түсінгенін айтып береді.
«Демонстрациялы күнделік»әдісі. Парақтың бір бетінде физикалық тәжірибе суреті тұрады, екінші бетіне тәжірибені орындап, нәтиже жазылады.


Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға оқушыны бейімдеп тәрбиелеу ұстаздар қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет