Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
БАЯНДАМА Тақырыбы: Инклюзивті білім беру мектептеріне балаларды қабылдау алгоритмі
Орындаған: Абилова М.С.
Тексерген: Бегежанова Р.К.
Қостанай қаласы, 2022 ж
Инклюзивті білім беру мектептеріне балаларды қабылдау алгоритмі
Инклюзивті білім беру негізіне баланы кез келген дискриминациядан құтқаратын, барлық адамға бірдей қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білімділік қажеттілікті талап ететін балаларға арнайы жағдай жасайтын идеология салынған.
Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Болашақта инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда қойылған міндеттерді шешу үшін:
· мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламаларын,
· мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесін әзірлеу жоспарлануда,
· әртүрлі бұзушылықтары бар балалар үшін интеграция нысандары анықталуда, қашықтықтан білім беруді ұйымдастырылуда,
· мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін санитарлы бөлмелер және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылу жоспарда бар.
· Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
· Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.
нымен бірге, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.
Педагогикалық білімді нақты қайта құру көп жағдайда гуманитарлық үрдістер мен қазақстан қоғамының әлеуметтік-гуманитарлық кезеңдеріне байланысты. Жалпыадамдық құндылықтарды қоғам түсінігінде бекіту, ең алдымен дамуына проблемасы бар балаларға деген көзқараспен, оларды әлеуметтендіру, кіріктіруде немесе инклюзивтік білім беру сұрақтарын шешумен байланысты.
Инклюзивтік оқыту деген не? Және де бүгінгі күні даму мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивтік оқыту неге өзекті мәселеге айналып отыр? Ағылшын тілінің тәжірибесінде «inclusion» - «енгізу» деген ұғымды білдіреді. Инклюзивтік білім беру – барлық балаларды жалпы білім процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын барьерлерді жоюға; отбастарын белсенді қатыстыру, баланың түзетім-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Ол мәселені баладан емес, жүйеден көреді. Барлық балалар оқытуға жатады және мүгедектіктің әлеуметтік моделін қабылдайды. Бұл оқыту түрі оқу жоспарын және білім беру жүйесінің методологиясына икемді болуға, әр баланың қажеттілігін ескеруді айтады. Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Толық кіріктіру жас ерекшеліктері сай келетін және дендері сау құбылыстарымен оқуға психологиялық дайын балалар үшін нәтижелі болуы мүмкін. Мұндай балалар (1-2 адам) жәй сыныптарға қосылады. Мектептер (балабақшадағы топтар) жергілікті оқыту бөлімдерінде (тілдерінде мүкістік бар балалар-логопунктерде) арнаулы балабақша мен мектептердегі қысқа мерзімдегі топтарда немесе аудандық (қалалық) психологиялық-педагогикалық түзетім кабинеттерінде немесе денсаулық сақтау жүйесіндегі құрылымдарда (есту қабілеті бұзылған балалар емханалардағы сурдологиялық бөлмелерге) және т.б. міндетті түрде түзетім көмектерін алулары тиіс. Инклюзивтік оқыту сыныптары білім беру ұйымдарының бұйрығымен әр балаға оқытудың сай түрлерінің қажеттілігі туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестерімен ашылады. Ақыл және дене дамуының кемшілігінің байқалу дәрежесіне байланысты әр балаға өз екпінінде даму құқығы берілуі керек. Ерекше қажеттіліктегі балалар жалпы білім мектептерінің бағдарламасын толық немесе толық емес ауқымды алулары керек. Мүмкіндіктері шектелген барлық балалар проблемаларына сай мамандармен жеке сабақтарда қосымша көмек алулары қажет. Ол үшін мүмкіндіктері шектеулі балаларға түзетім қолданудың қосымша құрылымдары жасақталу керек:
· қалалық және аудандық психологиялық-педагогикалық және түзетім орталықтары (кабинеттер);
· мектепаралық логопедиялық бөлімше;
· арнаулы (түзетім) білім мекемелерін оқу-әдістемелік нұсқау беру бөлімшелері;
Білім беру ұйымдары мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін «өмірлік орнын толтырудың» тәрбие институты болуы керек. Оны оқуға, жазуға, есепке, еңбектенуге оқыта отырып, бірлестік қарым-қатынасын, мәдени тәртіп ережелерін үйренуін, әртүрлі әрекетте икемдерін қалыптастыру маңызды болып табылады. Сонымен қатар баланың жеке бас дамуы мен психикасының дамуының бөлімдерін, жастан жасқа өтуде байқалатын психикалық жаңа құрылымдарды, бала үшін «өзекті аймақтан» жақын даму аймағына өту үшін ұйымдастырылған арнайы оқыту ролін ескеру қажет. Баламен және оның ата-аналарымен бірлестік, білім алу орталарын ұйымдастыруда психологиялық жайлылыққа жағдай жасау инклюзивтік оқытудың ең басты шарты.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім мазмұны дидактикалық талаптардан белгілі бостандық алулары, яғни, оқыту дифференционалды, балаға түсінікті, психологиялық-педагогикалық құралдар қолданылған және баланың жеке дамуының әлеуметтік-мәдениетін ерте дамытатын болуы керек. Инклюзивті оқыту білім беру ұйымдарының педагогтарына басқаша дайындықты, жоғары мамандандырылуды, шығармашылықты және тәжірибені талап етеді. Өйткені баланың психикалық даму, мәселесіне сауатсыздықпен қарау оның жеке басына қосымша кемістіктер пайда болуына себепкер болуы мүмкін. Сондықтан инклюзивтік оқыту тек білім беру ұйымдарының педагог мамандардың арнайы дайындықтары мен қайта даярлықтары бар болған жағдайда ғана нәтижелі болмақ.
Мұндай дайындықтардың мақсаты білім беру ұйым педагогының дене және ақыл-есінің дамуында кемшілігі бар балаларды толық біліммен қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудің негізгі әдістерін игеруі болып табылады.
Инклюзивтік оқыту жағдайындағы арнайы түзетім көмектерін беретін педагог-дефектологтар жалпы білім беретін мектептердің тәрбиешілері мен мұғалімдеріне нұсқаушылар болулары керек.
Мүгедек және дамуларында шектеушілік бар балаларды инклюзивтік оқыту практикаға мамандандырылған мамандарды даярлау, оларды жалпы түрдегі мекемелерде оқыту үшін жағдайлар жасау және қоғамның мүгедек балаларға деген көзқарастарын өзгертумен бірте-бірте енгізілуі керек.
Қазіргі кезде білім беру ұйымдарында кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт-бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына үш түрлі міндет қойылады:
· Баланың мектепке дайындығын анықтау
· Тәрбиесіндегі кемістігін жою
· Сабақты жүйелі жоспарлау.
Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын олардың қабілеті бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындығын байқау керек. Белгілі психологтар Д.В.Эльконин, В.В.Давыдов, Р.С.Немов зерттеулері бойынша баланы жүйелі оқыту үшін психологиялық дайындығына ерекше назар аудару керек дегенді атап айтады. Қазір мектептерде коррекциялық сабақтар жүргізіле бастады. Коррекция дегеннің өзі «түзету» деген мағына береді. Бұның басты мақсаты – бала бойындағы, тәртібіндегі кемшіліктерді түзету. Ол баланың өзінің төмендегі әдістерді қабылдауы арқылы жүзеге асады:
· сенім;
· көз жеткізу;
· кеңес беру;
· психоанализ;
· логотерапия;
· аутотренинг.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаға сабақ беретін мұғалім алдымен баланың даму ерекшелігін анықтайтын тесттер арқылы ойынның, қиялының, зейінінің тұрақтылығын анықтап алу керек. Ол үшін «Дөңгелек қию», «Лабиринт», «Танграм», «Көру әдісі», «Есту әдісі» тәрізді тесттерді қолданып, баланың шама-шарқын анықтап алады.
Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын, саусақтарының моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыру
қажет. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК-ң ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуға толық құқылары бар. Ол үшін жалпы мектептер ПМПК-ң қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы мұғалімдер болмаған жағдайда мұғалімдерді мүмкіндігі шектелген, кемтар, мүгедек балаларды инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Жалпы білім беру ұйымдарына төмендегі мүмкіндігі шектеулі балалар қабылданады:
· ата-аналары үйде тәрбиелегісі келетін мүмкіндігі шектеулі балалар;
· туғаннан үш жасқа дейінгі дамуында бұзушылықтары бар балалар;
· көру, есту, сөйлеу бұзушылықтары бар;
· ақыл-ойында кемістігі (интеллектуалдық бұзушылықтары) бар;
· тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар;
· күрделі кемістіктері бар балалар.
ІІІ. Қорытынды
Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту үшін жалпы білім беретін мектептерге ұсынынысым:
· Мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім
беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі білім басқармасының ұсынысымен әзірленсе.
· Мектепте мүгедек балалар үшін санитарлық бөлмелерде көтергіш құралдар, пандустар, арнайы құрылғылар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылса.
· Мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалса (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық алып жүрудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы).
· Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техника мен компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етілсе.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 27.07.2007ж. №319. www.edu.gov.kz.
2. Қазақстан Республикасы президенті Н.А.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ » URL: http://akorda.kz
3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген.// "Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 529-532 (26375)
4. Инклюзивное образование. Настольная книга педагога, работающего с детьми с ОВЗ: Методическое пособие – М.: Гуманитарный изд. центр ВЛАДОС, 2012. – 167 с.