«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет16/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   130
3.Төлеу қабілеті қағидаты.
Осы принцип бойынша, баға шаруашылық субъектілеріне келісім шарттардың міндеттемелерін орындауға, заңмен белгіленген салықтарды төлеуге, ұдайы ұлғаймалы өндірісті қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогрес жаңалықтарын енгізуге және қызметкерлерді материалдық игіліктермен, тиісті еңбек және демалыс жағдайларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызуы керек.
4. Пропорционалдық қағидаты.
Аталған принципті іс жүзінде қолдану, белгілі бір өнімді өндіруге қатысатын барлық әрекет өрісі (сферасы) арасында табысты пропорционалды бөлу есебінен , халық шаруашылығының әр түрлі салаларының бір қалыпты дамуына мүмкіндік туғызады. Бұл принцип еліміздің экономикасын ауыл шаруашылығы өндірісі, қайта өңдеу өнеркәсібі және қызмет көрсету өрісін приоритетті дамытуға бағыттайды.
5.Паритеттік қағидаты.
Бұл принцип шикізат, материалдар, халық тұтынатын тауарлар, құрал-жабдықтар, ең алдымен қажетті бұйымдар, әдемі бұйымдар және тағы басқалай өнімдерге уақытына сай шамалас, өзара байланысты, өзара келісілген бағаларды қолдануға мүмкіндік туғызады. Мысалы, дәннің бағасы инфляция жағдайында нан, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын құрал жабдықтар, материалдарға өсірілген баға дәрежесіне дейін өсірілуі қажет.
6. Мобильділік қағидаты.
Нарықтық экономика жағдайында бағалар тұтынушының сұранысы мен ұсыныс аралығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуі керек. Сонымен, мұнда ұсыныс көлемі тек халықтың қажеттілігін қамтамасыз етіп ғана қоймай, ол еліміздің азық түлік қауіпсіздігіне кепіл болатындай қажетті қорды жасауға жеткілікті болуы қажет.
Нарықтық экономика жағдайында барлық бағалар, оларды қалыптастыру механизімімен қоса қарастырғанда бірыңғай баға саясаты ретінде қарастырылады. Тиімді баға саясатын жасауда маңызды орынды баға құрылуы факторларының жиынтығы алады. Нарықтық баға құрылуы факторлары үш топқа біріктіріледі:
1. Ұсыныс жағынан әрекеттегі факторлар (өнімді өндіру ерекшеліктері);
2. Сұраныс жағынан әрекеттегі факторлар (өнімді тұтыну ерекшеліктері) - бұл сұраныс көлемі және құрылымы, сұраныстың баға мен табысқа қатысты икемділігі;
3. Нарық сыйымдылығы; нарық деңгейі (бәсекелестік, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, монополизация деңгейі, тауардың орнына қолданылатын алмастырушы тауарлардың болуы).

Бақылау сұрақтары:



  1. Баға жүйесі дегеніміз не

  2. Баға жүйесін сипаттайтын қандай негізгі параметрлерді білесіз

  3. Бағаның экономикалық классификациясы

  4. Транспорттық шығындарды ескеретін баға түрлері

  5. Баға саясатының негізгі принциптері

  6. Мемлекет тарапынан әсер етуге байланысты бөлінетін баға түрлері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет