«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Үшінші тарау. Нарықты және бағаларды мемлекеттік реттеу



бет17/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   130
Үшінші тарау. Нарықты және бағаларды мемлекеттік реттеу.


3.1.Бағаны мемлекеттік реттеудің мәселелері және мақсаттары.


Мемлекет баға саясатын және баға белгілеу туралы заңдылықтың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Баға саясаты халық шаруашылығында және қызметтер саласында бағаларды реттеуге және олардың орындалуын бақылауды іске асыруға бағытталған мемлекеттік билік органдарының, жергілікті басқару органдарының және баға белгілеу субъектілерінің қызметтерімен іске асырылады. Баға саясаты монополияға қарсы заңдылықпен қарастырылған тәртіппен монополиялық іс-әрекеттің келеңсіз салдарын шектеу арқылы бағалардың мемлекеттік белгіленуін бақылау, реттеу және бағаларды қалыптастыруды талдау арқылы жүргізіледі. Баға саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және нарықтық қатынастар жағдайында маңызды орын алады. Баға саясаты нарықтық қатынастардың дамуына үлес қосады, жеке, мемлекеттік және басқа меншік формаларының қорғау құралы болып табылады, инфляцияның баяулауына және келеңсіз экономикалық әлеуметтік салдарының жеңілдеуіне әкеледі, сонымен қатар бәсекенің дамуына, тауарлар, қызметтер, қаржы құралдарының еркін қозғалуына, экономикалық қызметтің еркіндігіне жағдай жасайды. Әрбір елде баға саясатын қалыптастыратын және іске асыратын органдар қаралған. Қазақстанда бұл органдарға атқарушы билік органдары, яғни Экономикалық даму және сауда министірлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) жатады. Атқарушы биліктің орталық органы бола тұрып, бұл агенттік мемлекеттік реттеуді ғана жүргізбейді, сонымен қатар бағаларды салааралық координациялауды іске асырады.
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі және Қазақстан Республикасында бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) негізгі атқаратын қызметтері:

  • Елдегі бірыңғай баға саясатын жүргізу бойынша ұсыныстар енгізу;

  • Әлеуметтік мәселелерді шешу;

  • Халық шаруашылығында өзгерістерді енгізу мақсатымен баға белгілеу механизмін жетілдіру;

  • Халық шаруашылығында және жеке салаларда баға динамикасын болжау;

  • Реттелетін нарықтық бағаларды белгілеу және қолдану тәртібін жетілдіру;

  • Монополист-кәсіпорындардың өнімдеріне бағаларды реттеу;

  • Шаруашылық субъектілердің мемлекеттік баға белгілеу бойынша заңдылықтардың орындалуын бақылау жүргізу;

  • Шетелдерде және ТМД мемлекеттерінде баға белгілеу тәжірибесін зерттеу және жалпылау.

  • Мемлекеттің субъектілері деңгейінде баға белгілеу мәселелерімен заң шығарушы, атқарушы, жергілікті басқару органдары айналысады. Бұл органдар баға белгілеу бойынша келесі қызметтер атқарады:

  • Жергілікті нарықтарда бағаларды реттеуді іске асырады;

  • Жергілікті нарықтарда баға белгілеу бойынша саясат пен заңдылықтың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

  • Жергілікті нарықтарда өндірілетін және сатып өткізілетін әлеуметтік маңызды тауарларға бағаны жергілікті бюджет есебінен бекітеді және реттейді;

  • Жергілікті нарықтарда бағалардың өзгеруіне бақылау жүргізеді.

Бағаларды мемлекеттік реттеудің тікелей және жанама әдістері қолданылады. Қалыптасқан бағалар деңгейіне мемлекеттің тікелей араласуы – бұл бағалар қозғалысы, құрылымы, деңгейін қалыптастыруға, баға белгілеудің белгілі бір ережелерін бекітуге мемлекеттің қатысуы.
Баға белгілеу процесіне мемлекеттің тікелей араласу формалары:

  • Бағаларды жалпы бір қалыпта ұстау немесе белгілі бір тауар түрлеріне бағаларды қалыпта ұстау;

  • Тұрақты тарифтер мен бағаларды белгілеу;

  • Максималды және минималды баға деңгейінің шегін белгілеу;

  • Рентабельділіктің шекті нормативін белгілеу;

  • Қамтамасыз ету-сатып өткізу және сауда үстемелерінің шекті мөлшерін белгілеу;

  • Биржалық және биржалық емес айналым үшін мемлекеттік сектордағы тауарларға бағаның шекті деңгейін енгізу;

  • Бағаларды декларациялау;

  • Басты өнім түрлері бойынша ұсыныс бағаларын енгізу.

Баға белгілеуге жанама араласу әдістері нарықтағы тауар ұсынысын кеңейтуге, тұрғындар табысын басқаруға, өндірілетін және тұтынылатын өнімдерге салықты реттеуге жағдай жасайтын тәсілдер мен әдістер жиынтығының қолданылуымен қамтамасыз етіледі.
Баға белгілеуді жанама реттеу әдістеріне:

  • Жеңілдік салық салуды қолдану;

  • Жеңілдік несие беру;

  • Мемлекеттік бюджеттен субсидиялау және дотациялау;

  • Бәсеке мен кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау;

  • Тұтыну тауарларын өндіруді, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді кеңейтуді, мемлекеттік бюджет есебінен тұрғын үй құрылысын көбейтуді дамыту бойынша арнайы үкіметтік бағдарламаларды жасау;

  • Жаңа өнім түрлерін өндіруге және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік қаржыландыру;

  • Біріккен кәсіпорындар құру, елге шетел инвестицияларын тартуды мемлекеттік ынталандыру;

  • Елдегі тапшылық тауарларына жеңілдік баж салығын және кеден тарифтерін тиімді пайдалану жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет