«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Тауардың жетілу сатысында



бет32/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   130
Тауардың жетілу сатысында нарық тауарлармен толтырылады, басқа фирмалардың нарықтан шығуына байланысты бәсеке азаяды, кейбір фирмалар жаңа өнімдер өндіруге бағыт алады.
Әдеттегі тауар, нарықтық өмірінің көп бөлігін жетілу сатысында өткізеді. Мұндағы баға белгілеу, өнімнің өміршеңдігі үшін тиімді. Әр түрлі фирмалар өнімдерінің ұқсастығы, тұтынушыларға, бәсекелес тауар маркаларын салыстыру және бағалау мүмкіндігін туғызады. Сондықтан, осы сатыда сұранымның баға жөнінен икемділігі өзінің ең жоғарғы шама деңгейіне жетеді. Бәсекелестік, баға белгілеуге әсерін күшейтеді. Жетілу сатысында белгілі бір фирманың сату көлемінің ұлғаюы, басқалай тауар өндірушілерді нарықтан ығыстыру нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Жетілу сатысындағы тиімді баға белгілеу фирманың, компанияның өзінің кез-келген бәсекелестік артықшылығын пайдалануға байланысты болады.
Баға белгілеудің тиімділігін арттыру арқылы фирманың пайдалылық деңгейін сақтап қалу жолдары: кешенді өнімнің жеке бөліктерін сату әлде кешенді қызметтің бір бөлігін ұсыну, сұранымды бағалауды жетілдіру, ресурстарды пайдалану мен шығындарды бақылауды күшейту, өнім ассортиментін ұлғайту және өткізу жүйесін қайта ұйымдастыру және т.б. болып табылады.
Тауардың төмендеу сатысында тауар өзінің нарықта өмір сүруін аяқтайды, яғни баға төмендейді, соның салдарынан сұраныс азаяды, пайда қысқарады, тауар нарықтан шығады. Төмендеу сатысында өнімді өткізу көлемінің ұлғаюы бәсекелестер есебінен және бағаны арзандату арқылы іске асады. Бағаны арзандауының нәтижесі, бұл жалпы бір сала бойынша пайдалылық деңгейінің төмендеуі. Төмендеу сатысында баға саясаты мен стратегиясының негізгі мақсаты осы сатыны неғұрлым аз шығындармен жеңіп шығу. Бәсекелестерді жеңу мақсаты қойылмайды. Басқалай фирмалар, нарық құлдырауын бастан кешу мүмкіндігі, бәсекелестік позицияларын сақтап қалу және мүмкін болса тәжірибе жинақтау мақсаттарын қояды. Осы сатыда үш негізгі стратегия қолданылады: өндірістің қысқаруы, «игілігін көру» және қосылу. Өндірістің қысқаруы стратегиясы фирманың жайғасымы күшті нарық сегменттеріне босаған ресурстарды бағыттау үшін, нарықтың кейбір сегменттерінен жартылай әлде толық шығуы. Бұл стратегияның мәні – фирманың бәсекелестік жайғасымы неғұрлым нашар активтерді жоюы және сол нарықтардан кетуі. Фирма өз табысының бір бөлігін жоғалтқанымен, оның нарықтағы орнықтылығы артады. «Игілігін көру» стратегиясы нарықтан кезең бойынша біртіндеп шығуы. Оның мақсаты өнім өндірісін толығымен қысқартуы. Нарықтан шығатын фирманың баға белгілеудегі мақсаты өзінің нарықтағы жағдайын қорғау болып саналмайды. Оның мақсаты табысты ең жоғарғы деңгейге жеткізу. Стратегияларды таңдау, баға белгілеудің мақсатын анықтау фирманың өз іс-әрекетін жоспарлауына тікелей байланысты.


Бақылау сұрақтары:

  1. «Баға саясаты» дегенді қалай түсінесіз?

  2. Баға саясатын жүзеге асыратын негізгі мақсаттарды атаңыз?

  3. Тауардың өмірлік цикліндегі баға саясаты?

  4. Тауардың өмірлік циклінің сатыларында баға деңгейі қандай өзгерістерге ұшырайды?

  5. «Өнімнің өтімін барынша ұлғайту» мақсаты қандай жағдайда жүзеге асырылады?

  6. Белсенді және пассивті баға саясатын қалай түсінесіз?

  7. Өндірістік шығындар бойынша озат болу стратегиясының мәні?

  8. Тауардың өсу сатысындағы баға саясатының мақсаттары?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет