«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет33/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   130
Алтыншы тарау. Баға саясатының негізгі стратегиялары.



    1. . Баға стратегияларының мәні, түрлері.



Кәсіпорынның баға саясаты баға құрылу стратегиясын қалыптастырудың негізі болып саналады. Баға стратегиялары кәсіпорын дамуының жалпы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Баға құрылуы стратегиясы – бұл кәсіпорын өндіретін өнімдердің нақтылы түрлеріне нарықтық баға белгілеу жағдайында негізге алынатын факторлар мен әдістер жиынтығы.
Баға стратегияларының негізгі түрлері төмендегідей:
1.Жоғары деңгейдегі баға стратегиясы.
Осы стратегия мақсаты - неғұрлым жоғары деңгейдегі құндылығына байланысты, сатып алынатын жаңа бұйым үшін, оның әдеттегі нарықтық бағасынан қымбат төлем төлеуге даяр тұтынушыларға, «қаймақ қалқу» принципі бойынша жоғары бағаларды тағайындау арқылы, лезде шамадан тыс мол пайда алу. Бұл стратегия қымбат тауарды талап ететін сұраныс болған жағдайда қолданылады.
Ол біріншіден, патентпен қорғалған, нарыққа алғашқы рет жаңадан шыққан, яғни «өмірлік циклдың» бастапқы сатысындағы тауарларға қолданылады.
Екіншіден, сұранысы баға динамикасына тәуелсіз, тек тауардың сапасы, сиректігі қызықтыратын бай тұтынушыларға бейімделген тауарларға пайдаланылады.
Келесі жағдайларда жоғары баға стратегиясы қолайлы болады:

  • жақын арада нарықта едәуір бәсекелестік деңгейі болмаған жағдайда;

  • жаңа нарықты игеру шығындары бәсекелестер үшін өте қымбат болған жағдайда;

  • жаңа бұйымды өндіру үшін қажет шикізат, материалдар және т.б. шектеулі мөлшерде болған жағдайда;

2.Орташа деңгейдегі баға стратегиясы (бейтарап баға құрылуы) тауардың өмірлік циклының жойылу сатысынан басқа барлық сатыларында қолданылады. Пайда алуды ұзақ мерзімді саясат ретінде қарастыратын кәсіпорындар үшін тән стратегия. Бұл стратегия бөлінген қаржыға әділ пайда алу мүмкіндігін тудырады.
3.Төмен деңгейдегі баға стратегиясы. Бұл тауардың өмірлік циклының кез келген сатысында жарамды, әсіресе бағаға қатысты сұраныс икемділігі жоғары болған жағдайда тиімді. Ол нарыққа ену, өндірістік қуаттарды толық пайдалану, банкроттыққа ұшырамау, ұзақ уақыттық пайда алу мақсатында қолданылады..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет