«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Төртінші тарау. Бағаның құрамы және құрылымы



бет99/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   130
Төртінші тарау. Бағаның құрамы және құрылымы.
1. Баға құрамы, дегеніміз -
а) бұл, оның пайызбен көрсетілген жекелеген элементтері;
б)нарықтық факторлар әсерінен, оның құрамына енетін абсолюттік көрсеткіштерінің өзгерісі;
в) бұл, оның абсолюттік көрсеткіштермен көрсетілген, құрамдас элементтері;
г) бұл, пайызбен және абсолюттік көрсеткіштермен сипатталған жеке элементтері.
2. Бағаның құрылымы дегеніміз -
а) бұл, баға деңгейінің сұраныс пен ұсынысқа тәуелділігі;
б) бұл, оның құрамына енетін пайда;
в) бұл, тұтынушы мен тауар өндіруші белгілейтін элемент;
г) бұл, баға құрамына енетін жекелеген элементтердің пайыздық көрінісі.
3.Бағаның құрылымы туралы ақпарат қандай мақсаттар үшін қажет?
а) баға стратегиясы мен тактикасын қалыптастыру үшін;
б) делдалдар мен сауда орындарының қосымша төлемдерін есептеу үшін;
в) негізделген баға деңгейін есептеу үшін;
г) көтерме сауда шығындарын өтеу үшін.
4.Тауарды өткізуден түсетін пайданың барлық шамасы келесі факторларға тәуелді:
а) өндіріс көлемі, еңбек өнімділігі;
б) жалпы өткізу көлемі, құрылымы және тауардың әр түрінің бір өлшемінің пайдалылығы;
в) саудадан түсетін түсім және тауар айналымы;
г) рентабельділік деңгейі және пайдадан төленетін салық мөлшері.
5. Сауда орындарының қосымша үстемелері деңгейі
а) мемлекет тарапынан реттеледі;
б) нарық конъюнктурасына сай сатушы өз бетімен анықтайды;
в) мемлекет тарапынан реттеледі және нарық конъюнктурасына сай сатушы өз бетімен анықтайды;
г) пайда деңгейіне сай анықталынады.
6. ҚР өндірілген тауар бағасының құрамына келесі салықтар енеді:
а) әлеуметтік салық, акциз;
б) акциз, қосымша құн салығы;
в) қосымша құн салығы, акциз;
г) әлеуметтік салық, қосымша құн салығы, акциз.
7. Баға белгілеу кезінде пайда -
а) жалпы өндірілген өнім мөлшеріне анықталады;
б) тауарлы өнімнің барлық мөлшеріне анықталады;
в) өнімнің бір өлшеміне анықталады;
г) тауар айналымы мөлшеріне анықталады.
8. Кәсіпорындағы жалпы пайда мөлшері -
а) тауарлар мен қызметтерді өткізу негізінде қалыптасады;
б) негізгі қорларды пайдалану деңгейіне сай қалыптасады;
в) өндірісті мемлекеттік реттеу негізінде қалыптасады;
г) кәсіпорыннан төленетін салықтарды есепке алу негізінде қалыптасады.
9.Бағаның төменгі шегі -
а) пайда;
б) салық және төлемдер;
в) өзіндік құн;
г) еңбек шығындары.
10.Өткізу бағасының құрамына енетін, акцизделетін өнімді жасаудың жалпы құны (акцизді қоса есептегенде) қандай формула бойынша есептеледі?
а) ЖҚ = (ӨҚх100) : (100 - Т);
б) А = (ӨҚ /100 – Т ) х 100 х Т / 100;
в) А= ӨҚ : (100 + Т);
г) ЖҚ =Т: (100 + ӨҚ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет