«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Бағаның экономикалық классификациясы



бет12/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   130
2.2. Бағаның экономикалық классификациясы.


Бағалар жекелеген белгілері бойынша классификацияланады. Қолдану саласына байланысты алты негізгі баға түрі бөлінеді. Оларға көтерме сауда , бөлшек сауда, сатып алар баға, құрылыстың сметалық бағасы, қызметтер тарифтері, дүниежүзілік бағалар жатады.
Баға классификациясының негізі ретінде қандай белгі алынуына байланысты, бағалар әр түрлі топтарға бөлінеді.
1.Қызмет көрсету айналымының сипатына байланысты келесі баға түрлері бөлінеді:
Көтерме сауда бағалары өнеркәсіп және басқалай кәсіпорындарда өндіріс көлемін және өткізілген өнім мөлшерін анықтау мақсатында және қажетті пайда алу үшін пайдаланылады.
Қағида бойынша олар заңды тұлғалар арасында өнім өткізу барысында қолданылады. Кәсіпорынның көтерме сауда бағасы өзіндік құн мен пайдадан тұрады.
Кәсіпорынның көтерме сауда бағасы= Өзіндік құн + Пайда.
Сонымен қатар, өнеркәсіптің көтерме сауда бағасы да қолданылады. Ол өнімді делдалдар ( жабдықтап-өткізу, дайындау кәсіпорындары, ұйымдар, көтерме сауда базалары) арқылы өткізгенде пайдаланылады.
Сонымен, делдалдар көтерме сауда бағаларына, өз шығындарын өтеу үшін және қажетті пайда алу үшін, жабдықтап-өткізу үстеме бағасын қосады.
Өнеркәсіптің көтерме сауда бағасы = Кәсіпорынның көтерме сауда бағасы + Жабдықтап-өткізу үстеме бағасы.
Тауарлар мен қызметтердің барлық түріне қосымша құн салығы салынады,
Яғни, көтерме сауда бағасы және қосымша құн салығы қосындысы негізінде көтерме сауда (сату ) бағасы пайда болады.
Көтерме сауда (сату ) бағасы = Көтерме сауда бағасы+ қосылған құн салығы.
Сатып алар баға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне белгіленеді.
Бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар халыққа өткізіледі. Бөлшек сауда бағасы көтерме сауда (сату ) бағасы мен сауда орындарының үстеме бағасынан тұрады.
Бөлшек сауда бағасы = көтерме сауда (сату ) бағасы + сауда үстеме бағасы.
Сауданың үстеме бағасы сауда орындарының шығындарын өтеу үшін және қажетті пайда алу үшін тағайындалады.
Тарифтер өндірістік және өндірістік емес сипаттағы қызметтерге белгіленеді. Мысалы, киім, аяқ киім, трикотаж бұйымдарын тапсырыс бойынша тігу – бұл өндірістік сипаттағы қызметтер. Тауарларды жалға алу, анықтама-ақпараттық қызмет, шаштараз қызмет көрсетуі өндірістік емес сипаттағы қызмет түрлері. Тарифтер қызмет түрлеріне қойылатын бағалар екендігін атап көрсеттік. Дегенмен, оның ерекшелігін де атап өткен жөн. Өйткені, қызмет түрлерінің нақты табиғи-заттық формасы болмайды. Қызмет көрсетілген кезде көбінесе, өндіріс кезеңі тұтыну кезеңіне дәл келеді. Тарифтер транспорт тарифтері, тұрмыстық қызмет тарифтері, байланыс қызметі тарифтері және т.б. ажыратылады. Сонымен, олардың деңгейі тұтынушыға, яғни заңды тұлға және халық, болуына байланысты дифференцияланады. Заңды тұлғаларға белгіленген тарифтер көтерме сауда бағасы тобына, ал халыққа арналғаны – бөлшек сауда бағасына жатады.
Құрылыстың сметалық бағасы құрылыс-монтаж жұмыстарында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет