Шығындар, жанама – шығындарды тарату арқылы өнімнің өзіндік құнына қосылатын өнімнің бірнеше түрлерімен (құралдарды, цехтарды және басқаларды ұстауға және жабдықтауға кеткен шығыстар) өндіріске байланысты шығыстарды білдіреді. Жанама шығындар өндірістік процесінде олардың функциональдық рольдері арқылы ажыратылатын жинақтық баптар (бірнеше элементтер құрайтын шығындардан тұрады) құрайды.
Шығындар, тікелей - өнімнің өзіндік құнына тікелей және бөгетсіз енуі мүмкін өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен байланысты (шикізатқа, негізгі материалдарға, сатып алатын бұйымдарға және полуфабрикаттарға, өндіріс жұмысшыларының негізгі жалақыларына және басқаларға). Тікелей шығындар бабы бойынша шығындар тобында тәртіпке сәйкес элементтер кесіндісінде есепке алынады.
Ішінара бағаны арзандату – баға белгілеу стратегичсы; белгілі тауарларға әлде белгілі сауда маркаларына белгіленген территорияда бағаны арзандату; сауда өкілдерінің өткізу көлемін күрт арттыру мақсатындағы әрекеттері. Бәсекелестікті жою мақсатында қолданылады.
Энгель заңы – заң, осы заңға сәйкес жанұяның табысының өсуі мүмкіндігіне қарай, ең бірінші қажеттілікке шығындалатын табыстың үлесі азаяды да, дәл сол мезгілде табыстың сән – салтанат заттары шығындары үлесі арта түседі.