«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет15/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   130
7. Дүниежүзілік бағалар сырқы саудада пайдаланылады. Олар импорт және экспорт өнімдері (тауарлар, қызметтер) бағалары болып бөлінеді.
2.3.Нарықтық экономикадағы баға саясатының қағидаттары.


Тауар құнының дұрыс және әділ белгіленуі (анықталынуы) баға саясаты мен баға құрылуына тәуелді. Баға саясаты шаруашылықтық субъектісінің қызметінің барлық негізгі бағыттарын орталықтандыратын және еліміздің жалпы экономикасына, халықтың тұрмыс деңгейіне әсер ететін күрделі экономикалық категория. Баға саясаты өзара әрекеттесетін екі бөлікті біріктіреді. Бұл, бір жағынан бағаның өзі, оның түрлері, құрылымы, шамасы, өзгеру динамикасы, ал басқа жағынан баға құрылу механизмі, яғни ағымдағы бағаларды белгілеу, қалыптастыру және өзгеруінің тәсілі , ережесі (қағидасы) болып саналады.
Мұның ішінде, баға құрылуы механизмі баға саясатының неғұрлым активті бөлігі ретінде, баға шамасын алдын ала анықтап болжайды.
Баға саясатының принциптерін анықтау барысында әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, психологиялық, және жекелеген шаруашылықтық субъектілерінің, жалпы халық шаруашылығы дамуының өзіне тән ерекшеліктері, сонымен қатар олардың түпкі нәтижені алуға ынталылығы (қызығушылығы) ескеріледі. Осыған сүйене отырып, баға саясатының принциптерін анықтағанда әр түрлі факторлар жиынтығының әсері ескеріледі.
Баға саясатының негізгі принциптері төмендегідей
Адамгершілік, шыншылдық қағидаты.
Осы принципке сәйкес халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер бағасы халықтың барлық бұқара топтары тұтынуы үшін арзан болуы және халықтың табыс деңгейіне сай болуы қажет.
Реттеу қағидаты.
Аталған прицип мемлекеттік құрылымдарды бағаны реттеуге және оның деңгейіне дотация көмегімен, дамыған салық жүйесін пайдалану арқылы, неғұрлым пайдалы қызметтер сферасына салық деңгейін арттыру арқылы әсер етуге міндеттейді. Осымен қатар мемлекет халықтың төмен жалақы төленетін бөлігінен алынатын салық шамасын азайтуы қажет, сондай-ақ, сапасы жоғары отандық өнім өндіруді жүзеге асыратын, жаппай көпшілік сұранысқа ие өнімдерді және халықтың салауатты өмірін, салтын қамтамасыз ететін өнімдерді өндіретін кәсіпорындар салық жеңілдіктерімен қамтамасыз етілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет