«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет20/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   130
біріншіден - мемлекеттiк реттеу енгiзiлген өнiмдер, тауарлар және көрсетiлетiн қызметтер түрлері бойынша, баға деңгейiн растайтын негiздемелiк ақпарат , босату бағалары туралы жазбаша түрде ақпарат негізінде іске асырылады.
екіншіден - алдағы уақытта тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге бағалардың өсетiнi және оның өсу себебiн растайтын негiздемелiк материалдар негізінде жүзеге асырылады.
Бағалардың өсу себептерi туралы ақпарат кемiнде күнтiзбелiк отыз күн бұрын жазбаша түрде хабарлама ретінде мемлекеттік органға беріледi.
Бағалардың алдағы көтерiлуi туралы хабарламаға мыналар қоса берiледi:
1) көтеру себептерiн растайтын құжаттар, яғни шикiзат, материалдар, қызметтер құнының өсуiн растайтын тиiстi шарттардың көшiрмелерi;
2) қызметтiң әрбiр түрi бойынша баға жобасы;
3) бухгалтерлiк теңгерiм;
4) пайдалар мен залалдар туралы есеп;
5) еңбек және жалақы жөнiндегi есеп;
6) өндiрiстiк-қаржы қызметi туралы есеп;
7) негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердiң болуы және олардың қозғалысы;
8) тұтастай кәсiпорын және әрбiр түрi бойынша жеке шығындар баптары бойынша таратып жаза отырып, бағалардың жобасын есептеу үшiн қолданылатын табыстар мен шығыстар туралы жиынтықты деректер;
9) еңбекақы төлеудiң қолданылып отырған жүйесi туралы мәлiметтер;
10) шикiзат және материалдар шығысының қолданылып отырған нормалары, қызметкерлердiң нормативтiк саны туралы деректер;
11) егер бар болған жағдайда есепке алу саясаты, инвестициялық бағдарламалар;
13) ағымдағы және күрделi жөндеуге және негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келмейтiн басқа да жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
14) негiзгi құралдар құнының өсуiне алып келетiн күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзуге бағытталған шығындардың жылдық сметасы;
15) негiзгi құралдарды пайдалану мерзiмiн көрсете отырып, амортизациялық аударымдарды есептеу;
16) өткiзудiң жоспарланған көлемiн растайтын құжаттар - ниет етiлген хаттамалар, шарттар, өндiру (жеткiзу) көлемдерiнiң есептемелерi, жобалық қуаттылығы және оны iс жүзiнде пайдалану туралы деректер, сондай-ақ өндiрiс (жеткiзу) көлемiн төмендеткен жағдайда негiздеме ұсынылады;
17) дебиторлық және кредиторлық берешектiң таратылып жазылуы.
Мемлекеттік органдар қалыптасқан бағаның негiздiлiгiн қараған кезде, белгілі бір өнімге жоспарланып отырған бағаны сол тауар нарығында немесе салыстырмалы тауар нарықтарында белгіленген бағалармен, немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi, ұқсас тауарларға белгiлеген бағалармен салыстырады. Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын қалыптастырушы шығындарға да ерекше мән беріледі. Бағалар өсімі туралы ақпарат берілген өнiмнiң, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiр бiрлiгiн шығаруға арналған шикiзат, материалдар, отын, материалдық ресурстар энергиясы шығысының нормаларын салалық нормалармен салыстыру жолымен талдайды.
Өнім өндірісіндегі материалдық ресурстардың жылдық нормаларын тиiстi немесе салыстырмалы реттелетiн нарықтарда қызметтер көрсететiн субъектiлер қолданатын нормалармен салыстыру арқылы да баға өсімі сарапталады.
Сонымен бірге, реттелетін нарық субъектісінің персоналына еңбекақы төлеуге арналған шығыстарды салыстырмалы реттелетiн нарықтарда қызметтер көрсететiн нарық субъектiлерiнiң еңбекақы төлеу шығындарымен салыстыра отырып баға деңгейі негізделеді.
Реттелетін нарық субъектiнiң өнімдерінің бағаларының ұлғаюына елеулi әсер ететiн басқа да шығыстарға салыстырып талдау жолымен сараптама жүргiзіледi. Баға сараптамасының нәтижелерi бойынша мемлекеттік орган реттелетін нарық субъектісіне:
1) бағаны көтеруге тыйым салу;
2) қолданыстағы немесе жобаланған бағаны баға белгiлеу тәртiбiне сәйкес негiзделген баға деңгейiне дейiн төмендету туралы дәлелдi қорытынды жiбередi. Соның негізінде реттелетін нарық субъектісі өз өнімдеріне баға белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет