«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет22/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   130
Экономикалық тұжырымға сәйкес өндіріс шығындары белгілі бір ресурстарды пайдаланудың барлық мүмкін болатын баламалы бағыттарының ішінен ең тиімдісін таңдау жолымен тауарлардың құны ретінде анықталады.

Кәсіпорын үшін тауар бағасының құрылымындағы негізгі элемент - өнімнің өзіндік құны болып табылады.
Өзіндік құн дегеніміз өнімді өндіруге және сатып өткізуге кеткен шығындардың ақшалай формасы. Өзіндік құнға енгізілетін шығындар құрамы көптеген жағдайда мемлекеттің салық саясатымен анықталады. Шығындардың кейбір түрлері белгіленген тәртіппен бекітілген нормалар шегінде өзіндік құнға енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті ұсынған Бухгалтерлік есептің «Тауарлы – материалдық қорлар» бөлімінің өнімнің (жұмыстардың қызметтердің) өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамын қалыптастыру және жіктеу 7- стандартының әдістемелік ұсынымдарына сай, өнімдердің өзіндік құнын құрайтын шығындардың оңтайлы және біркелкі құрамы анықталынады. Өнімнің өндірістік өзіндік құнын құрайтын жоспарлау, есеп беру және жіктеу кезінде топтастырудың мынадай түрлері қолданылады: 1) шығындар пайда болған жері бойынша, өндіріс, цех, бөлімшелерде топтастырылады; 2) өнімнің жұмыстың және қызметтің түрлері бойынша, өндірістік шығындарға өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құны немесе біркелкі өнімнің топтары кіреді; 3) өнімнің өзіндік құнына енетін әдістері бойынша барлық өндірістегі шығындар өнімнің өзіндік құнының жеке түрлеріне кіреді немесе бірыңғай топтарына енеді. Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына енетін әдістерге байланысты шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей шығындар өнімнің өзіндік құнына тікелей және бөгетсіз енуі мүмкін өнімнің жеке түрлерінің өндірісімен тікелей байланысты, яғни шикізат, негізгі материалдар, сатып алатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар, өндіріс жұмысшыларының негізгі жалақылары және тағы басқалар. Жанама шығындар оларды тарату арқылы өнімнің өзіндік құнына қосылатын өнімнің бірнеше түрлерімен (құралдарды, цехтарды және басқаларды күтіп ұстауға және жабдықтауға кеткен шығыстар) өндіріске байланысты шығыстарды білдіреді. Тікелей шығындар бабы бойынша шығындар тобында тәртіпке сәйкес элементтер кесіндісінде есепке алынады, ал жанама шығындар өндірістік процесінде олардың функционалдық рольдері арқылы ажыратылатын жинақтық баптар құрайды, ол бірнеше элементтер құрайтын шығындардан тұрады. Кәсіпорында нақты бағаны белгілеуде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы кұралады. Калькуляция баптарының тізіміне келесі шығындар енгізілген:

  • Шикізат және материалдар;

  • Қайтарым шығындары;

  • Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың сатып алу бұйымдары, жартылай фабрикаттар және өндірістік сипаттағы қызметтер;

  • Технологиялық мақсаттағы отын және энергия;

  • Өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы;

  • Әлеуметтік мақсаттағы шығындар;

  • Жалпы өндірістік шығындар;

  • Жалпы шаруашылық шығындары;

  • Өнімнің бұзылуынан шығындар;

  • Басқа өндірістік шығындар;

  • Коммерциялық шығындар.

Алғашқы он бап өндірістік өзіндік құнды құрайды, оған өнімді сатып өткізуге жұмсалған коммерциялық шығындарды қосқанда, толық өзіндік құн есептеледі. Коммерциялық шығындардың құрамына қораптау, сақтау, тасымалдау, көлікке тиеу, жарнамалау, көрме, жәрмеңкелерге қатысу және басқа да шығындар кіреді.
Өзіндік құн, әлде айналыс және өндіріс шығындары, бағаның төменгі шегін анықтайды.
Өзіндік құн – бұл бағаның негізгі элементі ғана емес сонымен қатар кәсіпорынның шаруашылықтық деңгейін сипаттайтын көрсеткіш. Сондықтан кез келген кәсіпорын жоспарында өндіріс тиімділігін арттыру және пайданы ұлғайту мақсатында, өнімнің бір өлшеміне есептелінген шығындар деңгейін арзандату көзделеді. Ол негізінен еңбек өнімділігі деңгейін арттыру, өндірістегі материалдық шығындарды үнемдеу, административтік-басқару шығындарын азайту, өндірістік емес шығындарды жою және өндірілетін өнім көлемін арттыру арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет