«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет23/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   130
4.2. Баға құрамындағы пайда.

Кәсіпорын үшін өзіндік құннан басқа маңызды элементтердің бірі – пайда болып табылады. Пайда деңгейі кез келген кәсіпорын жұмысының сапасын анықтайды.


Шаруашылықты жүргізу тәжірибесінде пайда үш экономикалық функцияны атқарады. Біріншіден, ол кәсіпорынның шаруашылықты жүргізу қызметінің тиімділігі және сапалық сипаттамасы көрсеткіші болып табылады. Екіншіден, мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қаражаттарды алу көзі болып саналады. Үшіншіден, ол кәсіпорында әр түрлі қорларды, инвестицияларды қалыптастыру көзі (даму, ынталандыру, тұтыну, қорлану және т.б.).
Пайда – бұл белгіленген баға бойынша тауар сатып өткізілгеннен кейін алынатын табыс формасы. Салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын таза пайда алады. Сондықтан, әр өнімнің бір өлшемінің баға құрамында пайда мөлшерін дұрыс анықтау, кәсіпорынның жалпы пайда сомасына әсер етеді.
Таза пайда акционерлер жиналысының шешімі бойынша белгілі бір ара-қатынаста жинақталу қоры және тұтыну қорына бөлінеді.
Жинақталу қоры есебінен кәсіпорын әртүрді инвестициялық жобаларды, кадрлардың дайындығын және қайта дайындығын іске асырады.
Тұтыну қоры есебінен кәсіпорын қызметкерлерге еңбек ақыны, әлеуметтік төлемдерді көбейтуге және әлеуметтік саладағы мекемелердің қызметін тұрақтандыруға қаржыландыруды жүргізе алады. Кез-келген кәсіпкер максималды мүмкін болатын пайда алуға мақсатталуы тиіс. Пайда мөлшері кәсіпорын меншігі иелерінің және оның менеджерлерінің мүддесін қанағаттандыруы қажет.
Мемлекет кәсіпорын пайдасын көбейтуге мүдделі, себебі әрбір кәсіпорын мемлекеттік бюджетке салық төлеу арқылы мемлекет қаржысын толықтырады.
Пайда тұрақты баға жағдайында өзіндік құн динамикасына тәуелді болады.
Сондықтан өзіндік құн мен пайданың байланысы өндірістің экономикалық тиімділігін сипаттайды, кәсіпорын табыстары мен мемлекеттік бюджеттің көбеюін қалыптастырады.
Бағаны, тарифтерді қалыптастыру барысында пайда шамасы әлде рентабельділік деңгейі ескеріледі. Егер, еркін бағаларды, тарифтерді қалыптастыруда өнімнің бір өлшеміне есептелінген пайда шамасы, рентабельділік деңгейі айналыс шығындарына және аталған тауарға (өнім, қызмет) қалыптасқан сұранысқа тәуелді болса, баға мен тарифтерді мемлекеттік реттеу барысында олардың шамасы келесі жағдайларды беркіткенде белгіленеді:

  • тіркелген, беркітілген (орнықты) бағалар;

  • шекті бағалар;

  • рентабельділіктің шекті деңгейі.

Бағаны қалыптастырғанда пайда өнімнің бір өлшеміне есептелінеді. Өнімнің бір өлшеміне белгіленетін пайда мөлшерінің шегі ретінде:

  • нарықтық баға мөлшері алынады, егер аталған өнім нарықта болса;

  • өнімнің бір өлшеміне есептелінген шығын мөлшері алынады, соның ішінде, шартты – тұрақты және шартты - өзгермелі шығындар қарастырылады.

Кәсіпорындағы жалпы пайда мөлшері тауарлар мен қызметтерді өткізуден қалыптасады. Пайда сатудан түскен сома ретінде абсолютті, және өнімнің өзіндік құнына, тауар айналымына, негізгі қорларға пайыздық есеппен алынғанда салыстырмалы болады. Салыстырмалы пайда кәсіпорынның қаржы жағдайын дәл бейнелейді. Пайданың абсолютті сомасы бойынша кәсіпорын жұмысын бағалау қиынға соғады. Пайда деңгейі баға деңгейіне, өзіндік құнға, шаруашылықты жүргізудің тиімділігіне тәуелді.
Баға құрамына енетін пайда мөлшерін анықтау үшін әр түрлі әдістер қолданылады, мысалы, баға белгілеудің шығынға негізделген әдістерін қолданғанда, шығын мөлшеріне пайданың абсолютті шамасы немесе рентабельділік нормативі қолданылады. Рентабельділік нормативі мен пайданың абсолюттік шамасы белгіленген әлде өзгермелі болуы мүмкін.
Өнімнің бір өлшемінің бағасын, белгіленген рентабельділік нормативі негізінде есептеу, өнімнің бір өлшеміне есептелінген шығынды рентабельділік коэффициентіне көбейтуге негізделеді. Аталған коэффициент келесі әдістер негізінде анықталынады:
- саудадан түскен пайданың жалпы сомасын өзіндік құнға бөлу арқылы;
- саудадан түскен пайданың жалпы сомасының сату бағасына қатынасы арқылы.
Әр нақты тауардың бағасына пайданың жеке сомасын кірістіру мақсатты баға белгілеу әдісіне жатады. Бұл әдістеме өндірістің зиянсыздығын есептеуге негізделеді және әр түрлі деңгейдегі сату көлемінен мүмкін болатын түсімдерді шығындармен салыстыруды көздейді.
Пайда кәсіпорынның ұзақ мерзімді аспектідегі баға саясатының мақсаты бола алады. Мысалы, кәсіпорын жаңа нарықты игергенде әлде нарықтағы өз үлесін арттыруға талпынған кезде, бағаның неғұрлым мол пайда алуға бағытталуы кәсіпорынды айтарлықтай табысқа жету мүмкіндігінен айырады. Мұндай шапшаң баға шешімдерін қабылдау жағдайында, пайда шешуші критерий ретіндегі ролін жояды. Бірақ, кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму стратегиясын жасау барысында пайдаға қатысты рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері, күрделі шығындарды өтеу көрсеткіштері маңызын жоймайды.
Пайданың қатысты мөлшері ретінде рентабельділік қарастырылады. Рентабельділіктің көптеген түрлері бар: шығындар рентабельділігі, сату рентабельділігі, мүлік рентабельділігі, жарғылық капитал рентабельділігі. Баға белгілеудің күрделі мәселелерінің бірі табиғи монополиялардың бағаларына енгізілетін пайда мөлшерін анықтау болып табылады. Қазіргі уақытта «Табиғи монополияларды реттеу» туралы Қазақстан Республикасы Заңы қабылданған. Бұл заң табиғи монополия субъектілерінің қызметін келесі салалар бойынша реттейді:
- магистралды құбырлар желісі бойынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау;
- магистралды құбырлар желісі бойынша газды тасымалдау;
- электр және жылу энергияларын жеткізу бойынша қызметтер;
- теміржол тасымалдауы;
- көлік терминалдары, порт, аэропорт қызметтері;
- электр және пошталық байланыс қызметтері.
Баға деңгейі, мемлекет тарапынан реттелген жағдайда, бағаның құрамындағы пайда шамасы реттелмейді. Негізгі реттелетін элементтердің бірі өнімнің рентабельділік деңгейі. Өйткені, пайданың абсолюттік шамасы рентабельділік деңгейіне тікелей тәуелді болады. Өнімнің рентабельділік (пайдалылық) деңгейі біртектес өнімдер өндірісінің нәтижесін салыстыруда және өнімнің бәсекелестігін бағалауда маңызды роль атқарады. Өнімдер мен тауарларды нарықта еркін бағалар бойынша өткізгенде рентабельділік нормативі ескерілмейді. .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет