«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Тауар бағасындағы шегерімдер мен қосымша төлемдер



бет24/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   130
4.3. Тауар бағасындағы шегерімдер мен қосымша төлемдер.

Бөлшек сауда бағасы – тауарларды халыққа өткізу бағасы. Бөлшек сауда бағалары мемлекет тарапынан реттелетін және еркін бағалар болып бөлінеді. Еркін бөлшек сауда бағалары сұраныс пен ұсынысқа сай сауда кәсіпорындары және ұйымдарымен белгіленеді. Бөлшек сауда бағасы құрамына тауардың көтерме (сатылар) бағасы, сауда шегерімдері әлде сауда үстемесі енеді.


Сауда шегерімдері және сауда үстемесі шығындарды өтеу үшін және саудадан қажетті мөлшерде пайда алу үшін тағайындалады. Бөлшек сауда ұйымдарының тауарларды өткізуге қатысты шығындары сауда үстемелері арқылы өтелінеді.
Белгілі бір тауарды өндіру және өткізуді ұйымдастыру шығындары тауар қозғалысы жүйесіндегі әрбір сатыдағы делдалдар үшін белгісіз шама болуына байланысты, бағаны есептеуде сауда шегерімдері пайдаланылады. Шығындардың белгісіз шама болуы, нарықтық экономикада шығындар туралы ақпараттың коммерциялық құпия болуымен байланысты.
Баға деңгейін сауда шегерімдері арқылы есептеу формуласы:
Р = Рса / 1 – r
мұндағы, Р – тауарды сату бағасы; Рса - тауарды сатып алу бағасы; r – шегерім, үлес бірлігі өлшемі.
Сауда шегерімдерін пайдалану екі түрлі коммерциялық жағдайды шешуге мүмкіндік туғызады. Бірінші жағдай түпкі сату бағасына шектелім қойылмаған кезде туындайды. Бірақ, мұнда жеткізуші бағасы берілген және сатушы қандай мөлшерде сауда шегерімін алғысы келетіндігін біледі.
Сауда шегерімінің деңгейі тауар қозғалысы үрдісіне қажетті шығындар шамасына сай, рентабельділік деңгейіне, тауарды өткізу көлеміне байланысты анықталынады.
Сауда үстемесі, бұл сатушының, тауарды өткізу бағасын, ол тауарды өзі сатып алған бағамен салыстырғанда арттыратын ақшалай сомасы. Сату бағасы келесі формуламен есептелінеді:
Р = Рса х ( 1 – а ),
мұндағы, а – сатып алу бағасына есептелінетін сауда үстемесі, үлес бірлігі өлшемімен.
Сауда үстемесінің құрамына бөлшек сауда сатушысының шығындары, соның ішінде жабдықтаушыдан тауарды жеткізуге қатысты транспорт шығындары кіреді.
Ол келісім шартта көрсетілген тауар өндірушінің еркін өткізу бағасына қарастырылған франко түріне және тауарды жеткізу шығындарына тәуелді. Сауда үстемесінің құрамына бөлшек сауда ұйымының тауарды сатып алу мен өткізуге байланысты басқалай шығындары, сонымен қатар пайда және қосылған құн салығы енеді. Сауда үстемелері еркін бөлшек сауда бағаларын қалыптастыру барысында қолданылады.
Ол төменде көрсетілген:
Еркін бөлшек сауда бағасы = Еркін көтерме (сатылар) баға + Сауда үстемесі;
Еркін көтерме (сатылар) баға = Еркін көтерме баға + Акциз;
Сауда үстемесі = Сауданың айналыс шығындары + Сауда пайдасы;
Қосылған құн салығы еркін бөлшек сауда бағасына қолданылады. Сондықтан, еркін бөлшек сауда бағасы тауардың еркін көтерме (сатылар) бағасынан, сауда үстемесінен және қосылған құн салығынан тұрады. Өз кезегінде, сауда үстемесі айналыс шығындары және пайдадан тұрады. Айналыс шығындары әлде сауда шығындары бухгалтерлік есепке алу әдістемелік сипаттамасына, бухгалтерлік есеп стандарттарына сай анықталынады.
Сауда үстемелерінің келесі түрлері ажыратылады: шекті, мемлекет тарапынан реттелетін;еркін үстемелер.
Сауда үстемелерінің нақты мөлшерін сауда ұйымдары белгілейді, бірақ мемлекет тауарларға шекті сауда үстемелерін белгілеген жағдайда, оның деңгейі шекті деңгейден аспайды. Еліміздің әрбір аймағында әлеуметтік маңызды тауарларға белгіленген реттелетін сауда үстемелері нарықтық жағдаятқа сай әр түрлі болады.
Қазақстан Республикасының сауда қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарын реттейтін акт нөмірі №544, 12.04.2004 жылы қабылданған «Сауда қызметін реттеу туралы» заңына 2011.01.26 №400 – IV толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Осы заңның 9 – бабында « Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларын беру шарттарын жасасқан кезде шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуі тиіс. Осы талап бұзылып жасалған мәміле жарамсыз болады.» деп нақты түрде талап етілген. Мұның өзі халықты әлеуметтік қорғау мәселесін жүзеге асыру мақсатында және халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру мақсатында қолданысқа енгізілген заң бабы.
Сауда шегерімдері және сауда үстемесі қатарынан саудада жалпы табыс алу көзі болып саналады.
Мысалы, дүкенге жеткізушіден азық-түлік тауары түсті:
Кесте 2



Көрсеткіштер

Есептелген көрсеткіштер

1

Көтерме сауда бағасы:1000 теңге х 10кг

10 000теңге

2

ҚҚС мөлшері: 12% х 1000тенге х 10кг

1 200 тенге

3

Көтерме(сатылар) баға: 1120тенге х 10кг

11 200тенге

4

Көтерме сауда бағасы бойынша
калькуляцияланады 1000тенге х 10кг

10 000тенге

5

Сауда үстемесі (20%) көтерме сауда
бағасына: 200тенге х 10кг

2 000тенге

6

Еркін бөлшек сауда бағасы(жол4+жол5):
1200тенге х 10кг.

12 000тенге

7

ҚҚС мөлшері: (200 х 12% ):100%=144тенге х 10кг

1 440тенге

8

. Еркін бөлшек сауда бағасы:(6жол+7жол)
(1200+144) х 10кг

13 440тенге

9

Бюджетке төленетін ҚҚС сомасы:
(жол7-жол2)

240тенге



Алдыңғы үш жол тауарды жеткізіп берушіден алынған тауар сомасын құрайды.


Көтерме сауда бағасына салынған сауда үстемесі сауданың жалпы табысын көрсетеді.
Бөлшек сауда бағасы бойынша өткізілген тауар сомасы сауда кәсіпорынының бөлшек сауда тауар айналымы деп аталынады. Оған қосылған құн салығы есептелінетін болса, ҚҚС есептелінген бөлшек сауда тауар айналымын құрайды. Сауда пайдасы төмендегідей анықталады:
Сауда пайдасы = Жалпы табыс – Айналыс шығындары.
Тауарларға еркін бөлшек сауда бағалары сауда кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтану, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету және басқалай халыққа тауар өткізетін кәсіпорындарда қалыптасады. Мұнда баға қалыптастыруда, айналыс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, тауар сапасы, бәсекелестер бағасы және кәсіпорынның баға саясаты ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет