«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Баға құрамындағы тікелей және жанама салықтар



бет25/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   130
4.4. Баға құрамындағы тікелей және жанама салықтар.

Баға құрамындағы маңызды орынды салық алады. Ұйымдастыру-экономикалық мәні жағынан салық - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.


Баға арқылы іске асырылатын салықтар, оған маңызды әлеуметтік-экономикалық роль атқаруға мүмкіндік туғызады.
Біріншіден, салықтар баға құрамында мемлекеттік бюджеттің қалыптасуының негізгі көзі болып саналады. Екіншіден, өндірістің дамуына әсер етеді, яғни өндірістің қолайлы өсімі немесе керісінше өндірістің қысқаруы. Үшіншіден, ол баға деңгейін реттеу факторы, баға қозғалысына, яғни инфляция әлде арзандауына әсер ететін құрал. Төртіншіден, салықтар активті әлеуметтік әрекет етеді, ол әлеуметтік әділдік деңгейін анықтай отырып, халықтың әр түрлі бұқара топтарының табыстарына әсер етеді.
Бағаның құрамына салықтың келесі түрлері енеді: әлеуметтік салықтар, қосылған құн салығы, акциз және бағаның құрамында дербес элемент ретінде маңызды орын алмайтын пайдаға салынатын салық.
Әлеуметтік салықтардың шамасы кәсіпорындағы еңбек ақы шығындарымен тікелей байланысты, оны сандық жағынан өлшеуге болады, ол өнімнің өзіндік құнының элементі. Әлеуметтік салықтар мақсатты міндет артылған салықтар болып саналады, сондықтан оларды арнайы салықтар қатарына жатқызады.
Салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Экономикалық мәні бойынша қосылған құн салығы тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады. Қосылған құн салығының ставкасы 12 пайызға тең және ол салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады. Дегенмен, жекелеген жағдайларда салық төлеу тәртібі төмендегідей: егер, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдар, тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, бір мезгілде келесі талаптарға сәйкес келетін болса салық бойынша жеңілдіктер қолданылады. Егер, аталған ұйымдардың, қоғамдық жылдық жиынтық табысының кемінде 90 процентін келесі қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижесінде алынуға тиіс табыстар құрайтын болса, бұл ұйымдарда есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.
Олар: ет және ет өнімдерін өндіруді; жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді; өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді; сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді; ұн-жарма өнеркәсібі өнімдерін өндіруді; жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді; нан өндіруді; балалар тағамын және диеталық тағам өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын ұйымдар.
Қамсыздандырылуы төмен азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында, тауарлар мен қызметтерге қосылған құн салығын есептеуде белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған. Егер, коммерциялық емес ұйымдардың көрсететін қызметі балаларды, қарттарды, соғыс және еңбек ардагерлері мен мүгедектерді қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде қызмет көрсетумен байланысты болатын болса ,олар қосылған құн салығынан босатылады. Сонымен бірге қосылған құн салығынан келесі тауарлар мен қызметтер босатылады: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі, орта, қосымша жалпы білім беру, театр-концерт қызметін жүзеге асыру, бастауыш, орта және жоғарғы оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім беру; қайта даярлау және біліктілігін арттыру, дәрі дәрмектік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және т.б..
Барлық мемлекеттерде де жекелеген тауарлар мен қызметтер үшін қосылған құн салығынан босатылған, жеңілдетілген салық және нөлдік ставка бойынша салық салу қолданылады. Мұндай жеңілдіктердің болмауы аталған тауарлар мен қызмет түрлеріне баға деңгейінің қымбаттауына себеп болады, бұл дүние жүзінде әлеуметтік түсінік жағынан қарастырғанда қажетсіз құбылыс болып табылады.
Әлеуметтік мәні жөнінен қосылған құн салығы түпкі тұтынушыға кейінді ықпал етеді. Белгілі бір шегерімдер мен қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктердің болмауы табысы аз тұтынушылардың, ауқатты бұқара топтарына қарағанда өз табыстарының неғұрлым көп бөлігін төлеуіне мәжбүр етеді. Мысалы: табысы 40 мың теңге отбасы және табысы 400мың теңге отбасы 10мың теңге тұратын тұрмыстық тауарды сатып алды , соның ішінде қосылған құн салығы 12 процент, яғни 1071,42теңге. Аталған екі отбасы да осы жанама салықты төлейді. Бірінші жағдайда қосылған құн салығының айлық табысқа қатынасы 2,7 пайыз құрайды, (1071,2 : 40 000 х 100% = 2,7%), ал екінші отбасы үшін ол –тек 0,27 пайыз, ( 1041,2 : 400 000 х 100% = 0,27%), яғни 10 есе аз .
Бірінші кезектегі тұтыну заттары болып саналмайтын, деликатес бұйымдарға және сән-салтанат заттарына жататын тауарларға акциз салынады.
Акциз - тұтынушыдан алынатын, тауардың бағасының құрамына енетін жанама салық. Ол жекелеген тауарларға, қызметтерге және жекелеген минералдық шикізаттарға салынады. Акцизделетін қызмет түрлеріне: ойын бизнесі, лотереяны ұйымдастыру мен өткізу жатады. Акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлерінің тізбесі: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, сыра(құрамындағы көлемдік этиль спирті 0,5 проценттен көп емес), темекі бұйымдары, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, жеңіл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқаратын автомобильдерден басқа), шикі мұнай, газ конденсаты, т.б. акцизделетін тауарлар.
Салық кодексінің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға:
Кесте 3.

Рет
N




1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0-2710 11590 0)

Дизель отыны
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0)

1

2

3

4

1.

Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

4500

540

2.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

0

0

3.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

5000

600

4.

Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

500

60

5.

Импорт

4500

540

Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болып табылса, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
М = V х 0,730 / 1000
М - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) тоннадағы көлемі;
V - өткізілген бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) литрдегі көлемі;
0,730 - бензиннің (авиациялық бензинді қоспағанда) барлық түрлері үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткізген кезде көлемнің өлшем бірлігі литр болып табылса, литрден тоннаға көшіру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
М = V х 0,769 / 1000
мұнда:М - өткізілген дизель отынының тоннадағы көлемі;
V - өткізілген дизель отынының литрдегі көлемі;
0,769 - дизель отыны үшін тығыздық көрсеткіші, кг/литр..
Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және ол тауар құнына процентпен, яғни адвалорлық және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада, яғни тұрлаулы түрде белгіленеді. Акциз ставкалары адвалорлық акциз ставкасы және тұрлаулы акциз ставасы болып бөлінеді. Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді.
Адвалорлық акциз ставкалары, белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы болып табылады. Акцизделетін тауарларға қосылған құн салығы, акцизді баға құрамында есепке ала отырып, белгіленеді.
Абсолюттік сомадағы акцизді есепке ала отырып баға қалыптастыру төмендегідей есептеледі:
Кесте 4.










1

Акцизделетін тауардың көтерме сауда бағасы

100

2

Акциз ставкасы

50

3

Акцизді есепке алғандағы өткізу бағасы(1жол+2жол)

150

4

есептелінетін ҚҚС 12%, акцизді есепке алғандағы
өткізу бағасына (3жол х 12%/100%)

18

5

ҚҚС есепке алғандағы көтерме сауда(өткізу) бағасы (3+4)

168

Егер акциз ставкасы процентпен бекітілген болса, баға қалыптастыруды есептеу төмендегідей жүзеге асады:


Кесте 5.

1

Акцизделетін тауардың көтерме сауда бағасы

1000

2

Акциз ставкасы 10 %

100

3

Өткізу бағасы, акцизді есепке алғанда
(1жол х 100%) : (100% - 2жол)

1111,1

4

есептелінетін ҚҚС 12%, акцизді есепке алғандағы
өткізу бағасына (3жол х 12%/100%)

222,2

5

ҚҚС есепке алғандағы көтерме сауда(өткізу)
бағасы (3жол+4жол)

1333,3

Акциз сомасын есептеу формуласы:


А = (ӨҚ /100 – Т ) х 100 х Т / 100,
мұндағы, А – акциз сомасы; ӨҚ – акцизделетін өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны (аталған кәсіпорында өндіріліп, алдағы кезеңде акциз салынбайтын тауар үшін қолданылған жағдайда), немесе акцизделетін тауардың бір өлшемінің өткізу бағасы; Т – кәсіпорынның (ҚҚС есептемегендегі) өткізу бағасына салынатын пайызбен берілген акциз ставкасы.
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі, саны ретінде айқындалады. Акцизделетін тауарларға акцизді есепке ала отырып, қосылған құн салығы салынады, бұл аталған тауарларға екі есе салық салуға әкеліп соғады, яғни акциз сомасы қосылған құн салығы салынатын салық базасына енеді. Салықтың аталған екі түрі де баға қалыптастырушы факторларға жатады, сондықтан олар баға деңгейінің өсуіне мүмкіндік туғызады. Көптеген жағдайларда, бұл тұтынушылар табысына әсер ете отырып сұранысты ынталандырмайды.
Басқа жағынан қарастырғанда, ол шикізат, материалдар, және сатып алынатын бұйымдар комплектісінің бағасына ене отырып, жасалынатын тауарлардың өзіндік құнын арттырады, қымбаттатады, мұның өзі кәсіпкерлікті ынталандырмайды және өндірісті тоқтатады.
Қосылған құн салығы, акциз ставкалары шамасы экономикалық реттеуіш болып саналады. Баға құрамындағы қосылған құн салығы, акциз деңгейін арзандатудың орынды белгісі ретінде икемді ұсыныс деңгейі, және кәсіпорынның алға ұмтылуы мен даму мүмкіндігі болуы қажет.

Бақылау сұрақтары:



  1. Бағаның құрамына қандай элементтер енеді?

  2. Бағаның құрамында өзіндік құн қандай роль атқарады?

  3. Өзіндік құн құрамына қандай салықтар енеді?

  4. Баға құрамындағы қосымша құн салығының алатын орны?

  5. Сауда үстемесі (шегерімдері): мәні, есептелуі?

  6. Бағаның құрамында пайда мен рентабельділік деңгейін жоспарлау?

  7. Баға құрамындағы жабдықтау - өткізу үстемелері мен шегерімдері?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет