«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Шығынға негізделген тәсіл



бет27/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   130
1. Шығынға негізделген тәсіл:
Өнім→Технология→Шығындар→Бағалар→ Құндылық → Тұтынушылар.
2. Құндылыққа негізделген тәсіл:
Тұтынушылар→Құндылық→Бағалар→Шығындар→Технология → Өнім.
Баға белгілеудің шығынға негізделген тәсілі, бұл - фирманың тауарларды өндіру және өткізуге жұмсалған нақты шығындарын, баға белгілеу саясатында қолдануы.
Құндылыққа негізделген баға белгілеу – бұл, «құндылық / шығындар» ұтымды ара қатынасы негізінде, неғұрлым мол пайданы қамтамасыз ететін баға деңгейін қалыптастыру.
Баға белгілеу тәсілдері өзіндік құн негізіндегі баға белгілеу жүйесіндегі кемшіліктерді және құндылық бойынша баға белгілеудің жүйесін көрсетеді.Өзіндік құн негізінде баға белгілеуде өнімді басқарады. Конструкторлық және өндірістік бөлімдер өз ойларынша «жақсы» болып саналатын өнімді жасап, жарыққа шығарады. Одан кейін, олар тауардың қосымша сипаттамаларын қамтамасыз ету және оған қызмет көрсету үшін қосымша шығындар жұмсайды. Сонан соң ол шығындар сомасы мақсатты бағаны анықтау үшін қолданылады. Егер, өзіндік құн негізінде анықталған баға әділетсіз болса, аталған мәселені шешу үшін тауарлардың үстеме бағаларының деңгейін өзгеріске ұшыратады. Бұл тактика қысқа уақыт мерзімінде нарықта қажетсіз шығындар жасамауға сақтандырады, бірақ бұл ақырғы шешім емес. Өзіндік құн негізінде белгіленетін баға мәселесін шешу, тез шегерімдерді белгілеумен шешілмейді, ол үшін барлық баға белгілеу үдерісін толығымен қайта қарау қажет.
Құндылық негізінде баға белгілеуде мақсатты баға деңгейін анықтау, тұтынушы үшін тауар құнын бағалауға негізделеді. Бұл мақсатты баға, одан кейін өндіріске қажет болатын шығындар туралы шешім қабылдауға әкеледі.
Қазіргі кезеңде көптеген фирмалар өзіндік құнға негізделген әдістердің пайдаға қолайсыз әсер ететіндігін мойындайды. Олар нарықтық жағдайларды ескеретін баға белгілеуге мұқтаж екендіктерін жете түсінеді. Құндылық негізінде баға белгілеудің мақсаты –аса жоғарғы деңгейдегі құндылықты қамтамасыз ете отырып, неғұрлым мол пайданы қамтамасыз ететін баға белгілеу. Мұнда, өткізілетін өнім көлемін ұлғайту арқылы пайда табу көзделмейді. Егер де, көлем мен құндылық мәселелері алмасып кететін болса, бұл тауар іс жүзінде қаншама құнды болып табылады деп ойлаудың орнына, тұтынушылар тауарға қанша төлеуі мүмкін деп ойлайтын болсаңыз... баға белгілеудің тұзағына түскеніңіз... Дегенмен, аталған шешім қажетті өткізім көлемін мүмкін жасағанымен, ұзақ мерзімге рентабельділік деңгейіне зиян келтіруі мүмкін.
Ұзақ мерзімде пайданың барынша мол деңгейін қамтамасыз ететін, пайда мен нарық үлесін қисындастыру жолын іздеу, баға белгілеудің негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Көбіне, бәсекелестерге қарағанда фирманың нарықтағы үлесін елеулі түрде шектейтін баға, неғұрлым тиімді болып табылады. Мысалы: айталық ірі өнеркәсіптік компания баға деңгейін 8%-ға ұлғайта отырып, нарықтағы үлесін 20%-ға жоғалтты. Бұл компанияның кейбір өндірістік қуаттары өндірістік үдеріске қамтылмай қалғанымен, баға деңгейін ұлғайту табысты 70%-ға арттырды. Осының негізінде аталған компания, өз өнімдерін тұтынатын тұтынушылардың бесеуінің төртеуі өнімді бұрынғы бағаға қарағанда 8%-ға артық бағалайтындығын анықтады. Компания осы құндылықты, өзінің нарықтағы шамадан тыс үлесін құрбан ете отырып, сақтап қалды.
Құндылыққа негізделген стратегияның мақсаты – тұтынушылар үшін жасалынған құндылықпен, компания шығындарының арасындағы айырмашылықты барынша көбейту болып саналады. Осы стратегия аумағындағы баға белгілеудің мақсаты – бұл фирманың табысы түрінде қалыптасқан құнның ауқымды үлесін алу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет