«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Мақсатты баға стратегиясы



бет34/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   130
4.Мақсатты баға стратегиясы. Аталған стратегия, баға және өткізу көлемі қандай шамаға өзгерсе де пайда жиыны тұрақты шама екендігін көрсетеді. Пайда мақсатты шама болып саналады. Бұл стратегияны негізінен ірі корпорациялар қолданылады.
5.Жеңілдікті баға стратегиясы. Оның мақсаты сатып өткізу көлемін ұлғайту. Бұл стратегия тауардың өмірлік циклының ең соңында пайдаланылады. Мұнда әртүрлі шегерімдер қолданылады.
6.«Көшбасшыға бағытталу» стратегиясы. Мұнда саладағы немесе нарықтағы көшбасшының баға саясаты ескеріледі. Жаңа бұйым бағасы көшбасшы компанияның бағасынан, бұйымның сапалық және техникалық басымдылығына сай ауытқуы мүмкін.


6.2. Баға стратегияларын қалыптастыру кезеңдері

Баға саясаты мен кәсіпорын стратегиясын қалыптастыру көптеген іс-шаралар мен есептеулерді қамтиды:



  • кәсіпорын өнімдерін өндіру және өткізу шығындарының оңтайлы шамасы анықталынады;

  • әлеуетті тұтынушылар үшін кәсіпорын өнімінің пайдалылығы және тауарға белгіленетін баға деңгейінің, оның тұтынушылық қасиетіне сай болуы шаралары негізделеді;

  • кәсіпорын үшін өндірістің неғұрлым тиімділігін қамтамасыз ететін өнімді өткізу көлемі және нарық үлесі шамасы анықталынады;

Баға саясатын және кәсіпорын стратегиясын әзірлеу келесі үш кезеңнен тұрады: түпнегіздік ақпарат жинақтау, стратегиялық талдау, стратегияны тұжырымдау.
1. Түпнегіздік ақпарат жинақтау кезеңін орындау барысында келесі негізгі мәселелер орындалады:

  • Шығындарды бағалау;

  • Тұтынушылар туралы ақпарат.

  • Әлеуеттік бәсекелестер туралы деректер.

  • Кәсіпорынның қаржы мақсаттарын нақтылау;

2. Стратегиялық талдау кезеңін орындау барысында алдын ала жинақталған ақпарат талапқа сай талдауға түседі:

  • Қаржы талдауы;

  • Нарық сегментін талдау;

  • Бәсекелестерді талдау;

  • Мемлекеттік реттеудің ықпалын бағалау.

3. Стратегияны қалыптастыру:
Қорытынды баға стратегиясын белгілеу.
Енді, нарықтық жағдайлар өзгеріске ұшырағанда әлде өз фирмаңыздың жаңа өнімдерін енгізуге даярлық жасаған кезде, бағаны белгілейтін мамандар не істеуі керектігін білуі үшін, жоғарыда көрсетілген кезеңдерге толығымен тоқталамыз.


I. Түпнегіздік ақпарат жинақтау



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет