«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет36/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   130
II.Стратегиялық талдау
Стратегиялық талдау кезеңінде барлық ақпарат бағаланып, баға стратегиясының қорытынды вариантын жасау үшін қолданылады.
5. Қаржы талдауы. Қаржы талдауын алдын ала болжанған төмендегі деректер көмегімен жасайды:

  • бағаның мүмкін болатын варианттары жөніндегі ақпарат;

  • өнім және оны өндіруге жұмсалатын шығындар туралы ақпарат;

мүмкін болатын нарық сегментін таңдау жөніндегі ақпарат, яғни мұнда фирма тұтынушыларының мұқтажын толық қанағаттандыра отырып, оларды жаулап алатындай жағдайы бар. Немесе, осы нарық сегментінде фирма үшін, орнықты бәсекелестік басымдылығын қалыптастыруға, артықшылық мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, өсетін шығындарға негізделген қаржы талдауы, фирмаға нарықтың қандай секторы тиімді екендігін анықтауға көмектесе алады. Ол үшін келесі мәселелер қарастырылып, қорытынды жасалынады:
- бәсекелестерге қарағанда клиенттерге неғұрлым жоғарғы деңгейде қызмет көрсету үшін қосымша шығындар жасау керек пе, әлде
- өз әрекетін жетілдіру, соның негізінде аз шығын жұмсай отырып клиенттерге бәсекелестер сияқты деңгейде қызмет көрсеткен қолайлы ма?
Нақты қорытындыны, төмендегі сұрақтарға берілген жауаптарға сүйене отырып жасауға болады:

  • қолданыстағы баға бойынша фирманың аталған өнімді өндіруден (өткізуден) алатын үлесті және жалпы ұтысы қандай?

  • баға төмендеген жағдайда, фирманың ұтысының жалпы шамасы ұлғаю үшін, өткізу көлемі қандай деңгейге дейін артуы қажет?

  • баға көтерілген жағдайда, фирманың жалпы ұтысы қалыптасқан деңгейге түскенге дейін, өткізу көлемін, қандай деңгейге дейін азайту мүмкіндігі бар?

  • талданатын баға шешімін іске асыру барысында туындаған өсімтал тұрақты-шартты шығындардың орнын толтыру үшін, өткізу көлемінің қандай өсімі қажет?

  • нарыққа жаңа тауарды енгізгенде қажет, шартты-тұрақты шығындарды ақтау үшін, өткізудің қандай көлеміне қол жеткізу керек?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет