«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет48/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   130
"Шығындарға қосу" әдісін пайдаланған кезде, нарықтық баға жұмсалған шығындар мен үстеме бағаның сомасы ретінде айқындалады.
Шығындарды айқындау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіруге, сатып алуға және өткізуге жұмсалған шығындар, тасымалдау, сақтау, сақтандыру жөніндегі шығындар және өзге де шығындар ескеріледі. Үстеме баға қызметтің осы саласы үшін қалыптасқан, салыстырымды экономикалық шарттарда рентабельділік нормаларының ауқымы негізінде есептелетін рентабельділік нормасының орташа ауқымын қамтамасыз ететіндей болып айқындалады.
Рентабельділік деңгейі Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика органдары, салық қызметі органдары деректерінің және басқа да ақпарат көздерінің негізінде айқындалады. Трансферттік бағаны толық өзіндік құн негізінде анықтаудың артықшылығы мен қатар кемшіліктері де бар. Оған, мысал ретінде толық өзіндік құнды есепті кезеңнің соңында ғана есептеуге болатындығын жатқызуға болады. Кейіннен өткізу бағасының әдісі - бұл тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық бағасы сатып алушы кейіннен өткізу, яғни қайта сату кезінде осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген және сатып алушы қайта сату кезінде шеккен шығындармен расталған бағаның, сондай-ақ оның маржасының арасындағы айырмашылық ретінде айқындалатын әдіс. Бұл ретте, маржа маржаның ауқымына сәйкес келуге тиіс. Мұнда сатып алушының сатушыдан тауарларды сатып алған бағалары есепке алынбайды.
Пайданы бөлу әдісі мәмілеге қатысушылардың арасында бөлінуге тиіс мәміледен түсетін пайданы айқындайды. Мұндай пайда "қол созу" принципіне сәйкес қабылданған және егер осы компаниялар тәуелсіз болған жағдайда, олар ала алатын пайданың негізінде экономикалық негіздемеге, функционалдық талдауға, келісімдерге сәйкес мәмілеге қатысушылардың арасында бөлінеді. Өзара байланысты және тәуелсіз тараптар арасында қалыптасқан мәмілелер шарттарын салыстыру негізінде, бағалар ауқымын ескере отырып, нарықтық бағаны айқындау үшін қолданылатын принципті "қол созу" принципі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет