«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет49/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   130
Таза пайда әдісі тәуелсіз тараптар, салыстырымды экономикалық шарттарда, осы мәміледен ала алатын таза пайданы айқындауға негізделеді.
 Таза кіріс бухгалтерлік есеп деректері бойынша қалыптасқан мынадай көрсеткіш-
тердің бірі:
1) активтердің қалдық құны;
2) өткізу көлемі;
3) шығындар ескеріле отырып айқындалады.


Бақылау сұрақтары


1.Баға белгілеу әдістері дегеніміз не?
2.Баға деңгейін есептеудің негізгі жалғаспалы кезеңдері?
3. Баға белгілеудің шығынға негізделген әдістері?
4.Шығынға негізделген әдістердің артықшылығы және кемшіліктері?
5.Бағаны анықтаудың нарықтық әдістері?
6.Баға мен сұраныс аралығындағы тәуелділік мәні?
7.Сұраныстың икемділік коэффициентінің қандай мәнінде, тауар өндіруші үшін тауар бағасын арзандату (қымбаттату) тиімді?
8.Нормативтік – параметрлік әдістер?
9.Балл арқылы баға белгілеу әдісінің мәні?
10.Трансферттік баға және оны анықтау әдістері?


Бөлім 3
Баға белгілеудің салалық ерекшеліктері
Сегізінші тарау. Нарықтық жағдаят түсінігі, көрсеткіштері және оны баға болжамында пайдалану.



    1. Экономикалық жағдаят: түсінігі, мәні.

Экономикалық жағдаят толық мағынада, анық уақытта нарықта қалыптасқан экономикалық жағдайлардың жиынтығын білдіреді. Бір жақты мағынасы түрлі жағдайлардың салдарын, өте-мөте қиын әлде дағдарыс жағдайды білдіреді. Жағдаят түсінігі экономиканың бір күйден басқа күйге ауысуын анықтайтын өзара байланысты жағдайлар жиынтығын айқындайды.
Экономикалық жағдаятқа келесі сипаттамалар тән:

  • Біріншіден жағдаятқа тұрақсыздық, өзгергіштік, жиі ауытқулар тән.

  • Екіншіден жағдаятқа айрықша қарама-қайшылықтылық тән.

  • Үшіншіден жағдаятқа әркелкілік тән.

  • Төртіншіден жағдаяттың қарама қайшылығына қарамастан, ол қоғам капиталының ұдайы өндірілуі үдерісінде пайда болатын қарама-қарсылықтардың бірлігі болып саналады.

  • Бесіншіден жағдаят ұдайы өндірілу үдерісін тікелей нарықтық тұлғалауда қарастырады.

Жалпы шаруашылықтық жағдаят және экономиканың жекелеген салаларының әлде жекелеген тауар нарықтарының жағдаяты бөлінеді. Жалпы шаруашылықтық жағдаят барлық дүниежүзілік шаруашылықтың жай-күйін, әлде қандай болса да бір елдің, әлде аймақтың экономикасын дәл осы уақытта әлде басқа уақыт кезеңінде сипаттайды.
Тауар нарықтарының жағдаяты, жалпы шаруашылық жағдаятқа қарағанда, дара нақты тауарлардың өндіріс саласы және өткізу аясындағы ағымдағы өзгерістер мен ауытқуларды зерделейді. Нарықтың жұмыс істеуі, оның ұлғаюы және қысқаруы, сұраныс пен ұсыныстың, тауар бағаларының деңгейінің өзгеруі жағдаятқа тәуелді. Жалпы шаруашылықтық және тауарлық жағдаят қозғалысының негізін экономика дамуының кезеңділік заңдылықтары құрайды. Нарықтық жағдаятты ғылыми талдау экономика дамуының кезеңдік заңдылықтарын, соның ішінде әр кезең фазасына тән белгілерді және оның бір фазадан басқа фазаға өту жағдайларын білуді талап етеді, өйткені жағдаят қозғалысының негізгі өзгерістері осындай өтпелі кезеңдерде болады. Мысалы, жағдаяттың бір түрі дағдарысқа тән болса, тіпті басқасы - өрлеу кезеңіне тән. Нарықтың кезеңділігі дегеніміз, нарықтың, терең экономикалық және әлеуметтік үдерісіне байланысты. қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тұрақты ауытқуы.
Жағдаяттың дамуына кезеңдік заңдылықтардан басқа факторлар да әсер етеді, олар кезеңдік емес факторлар. Кезеңсіз факторларға, табиғатына сай дамуы кезеңдік сипатқа ие болмайтын барлық процестер мен себеп-салдар жатады. Жағдаятқа ықпал ету сипатына байланысты жағдаятты қалыптастырушы кезеңсіз факторлар тұрақты күші бар және тұрақсыз әсер ететін факторлар болып бөлінеді.
Тұрақты күші бар факторларға: ғылыми-техникалық прогресс, өндіріс пен капиталды шоғырландыру, инфляция, өндіріс пен тауарларды тұтынудағы маусымдылық жатады. Кезеңдік емес тұрақсыз әсер етуші факторларға: әлеуметтік шиеленістер, стихиялық апаттар, алыпсатарлық жасау факторлары; халықаралық және ішкі саяси дағдарыстар, және т.б. жатады. Жағдаяттың қалыптасуына аталған екі факторлар тобы (кезеңдік және кезеңсіз) бір мезгілде, тығыз араласып, бір –бірін толықтырып, күшейтіп әсер етеді, және керісінше әрекеттестік күшін өзара әлсіретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет