«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет5/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Баға белгілеу дегеніміз, әрбір нақты уақыт мерзімінде, қоғамдық ұдайы өндірістің қарқыны мен пропорциясын, экономиканың дамуы заңдарының талаптарына сай, қамтамасыз ету мақсатында біртұтас жүйені құрушы бағаның деңгейі, құрылымы, динамикасын құру процесі.
Бұл мәселе, экономиканың макро- және микродеңгейі тұтастығы негізінде шешіледі,өйткені ол ұдайы өндіріске қатысушылардың экономикалық мүддесін жүзеге асыруды көздейді.
«Баға белгілеу» ұғымына өндірістен айналым сферасына енетін тауарларға бағаны анықтау үшін қажет, ұйымдастыру және әдістемелік шаралар жиынтығы жатады.
Баға белгілеу процесі алдымен айқындалған мақсаттарымен сипатталады: олар
неғұрлым мол пайда алу, өтім нарығын жаулап алу, шығындарды арзандату, бәсекелес тауарлармен күрес, өндіріс және өткізу көлемі өсімі.
Баға белгілеудің негізгі қағидаттары: бағаның ғылыми дәлелділігі, бағаның мақсатты бағыттылығы, баға белгілеу үдерісінің үздіксіздігі, баға белгілеу үдерісі мен бағаны бақылаудың бірлігі болып саналады, олар төменде қысқаша сипатталады..
Бағаның ғылыми дәлелділігі қағидаты. Баға белгілеуді экономикалық заңдарды есепке ала отырып жүзеге асыру. Баға белгілеудің ғылыми тұрғыда дәлелді болуына - қазіргі бағалар, өндірістік шығындар деңгейі, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және басқалай нарық факторлары туралы, ақпаратты мұқият жинау мен талдау мүмкіндік туғызады. Мұнда макро- және микроэкономикалық көрсеткіштерді болжау маңызды орын алады. Жалпы, баға белгілеу үдерісінде баға деңгейінің дәлелділігін негіздеуде, ақпаратпен толық қамтамасыз етілгендік тікелей әсер етеді.
Бағаның мақсатты бағыттылығы қағидаты. Кәсіпорын, белгілі бір баға белгілеу тәсілін пайдалану нәтижесінде, қандай экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуі мүмкін екендігін алдын ала анықтауы қажет.
Баға белгілеу үдерісінің үздіксіздігі қағидаты. Аталған қағидат бойынша өнімге, осы өнімді істеп шығарудың әр кезеңінде өз бағасы белгіленеді. Нақты қалыптасқан нарықтық жағдаятқа байланысты, нарықтағы бағалар деңгейі үнемі түзетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет