Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова


Бұл үшін сөйлемдерді ретімен орналастырайық



Pdf көрінісі
бет52/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

Бұл үшін сөйлемдерді ретімен орналастырайық.
I
А – Мұрат
Б – Бақыт

А/Б
– Кейде. Уақытым жоқ, бірақ теңіз суы жып-жылы, сондықтан кешке 
шомыламын, жүземін, менің көптен бері жүзуге қызығатынымды сен білетін 
едің ғой.
– Теңізге барып жүрсің бе?
– Алло, Бақыт сен бе?
– Әлі білмеймін.
– Иә, тыңдап тұрмын.
– Бәрі дұрыс. Тек ауа райы онша жақсы емес. Жаңбыр жиі жауады, таңертең 
жүгіру қиын. Содан кейін біз жабық залда жаттығамыз. Онда ауа райы қандай 
болса да бәрібір. 
– Білемін, әрине. Қашан қайтасыз?
– Өте жаман естіліп тұр.
– Міндетті түрде телефон шал.
– Келістік. Мен саған тағы телефон шаламын.
– Мұрат, мен сені жақсы естіп тұрмын. Жағдайың қалай? Жаттығуларың қалай?
– Билет алғанда, маған хабарлас немесе жаз. Мен сені аэропортта күтіп аламын.
– Сәлем Мұрат.
II
А – Мұрат
Б – Дастан

А/Б
– Мен сені шомылуға шақырайын деп едім. Күн ыстық.
– Сатып аламын. Келістік. 
– Сәлем, Мұрат! Жексенбіде қайда болдың? Мен саған телефон соқтым, сен үйде 
болмадың?
– Өкінішті, Қайрат жеңіліп жатыр. Меніңше, ол жеңе алады. Бұл – күшті команда. 
Келесі жолы бізбен бірге футболға барасың ба?
– Кеше сен стадионда болдың ба? Кеше кім ойнады?
– Иә, сұмдық ыстық. Ай бойы жаңбыр болмады. Керісінше, Еуропада жаңбыр 
көп. Естідің бе? Словакияда, Чехияда, Венгрияда су тасқыны болып жатыр.
Австралия мен Голландия тобы ойнады.
– Есеп қандай болды? Айтшы, кеше олар қалай ойнады?
– Стадионда болмадым, теледидардан көрдім.
– Мен барлық ойынды көруге тырысамын. 


73
– Өткен жолы олар теңбе-тең ойнаған.
– Есеп 5 : 3 болды. Ойын өте қызық болды. 
– Бұл команданың ойыны қазір маған ұнамайды. Мен Германия тобының 
жанкүйерімін. Кеше кім ұтты?
– Иә, ауа райы онша жақсы емес. Алматыда маусымда 20 - 25 градустан аспайтын, 
міне екі үш жыл болды, 35 -40 градусқа барады. Өте ыстық. 
– Жаңалықтарды теледидардан көрдім. Онда тіпті әуежайлар да жабық. 
Пойыздар да жүрмейді.
– Әрине, сенің жақсы көретін командаң жеңді. Құттықтаймын. 
– Қуана барамын, тек маған билет сатып ал. 
– Сәлем Дастан. Біз әкем және інім үшеуміз футболға бардық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет