Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова



Pdf көрінісі
бет127/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

Польша
Египет
Испания
Варшава
Америка
Италья
Германия
Қытай
Қазақстан
София
Будапешт
Рим
Александрия
Париж
Милан
Мадрид


159
Анықтауыштың, меншіктіліктің берілуі
Қазақ киносының тарихы, көркем фильм жанры, көркем әдебиет жанры, американдық 
режиссерлер фильмі.
Кімнің фильмі? Шәкен Аймановтың фильмі
Кімнің шығармасы ? Дулат Исабековтың әңгімесі
Кімнің рөлі ? Төлегеннің рөлі
18. Сіз мұны білесіз бе?
Фильм туралы осылай айтады
Фильм туралы айтқанда, оның режиссерінің атын жиі атайды, мысалы:
Шәкен Аймановтың фильмі,
Эльдар Рязановтың комедиясы,
Ақан Сатаевтың фильмі.
19. Төменде қазақ киносының апталығы туралы хабарландыруды оқыңыздар.
Хабарландыру мазмұны туралы айтыңыз. Осы фильмдердің қайсысын көрдіңіз? Қайсысы 
ұнады?
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 
орай Астанада 2012 жылғы 10-15 желтоқсан 
аралығында «Қазақ киносының апталығы» өтеді.
Қала тұрғындары мен қонақтары бір апта 
бойына Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» 
киностудиясы осы жылы өндірген көркем 
және деректі фильмдерді көре алады. Шараны 
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, 
Мәдениет комитеті және Ш. Айманов атындағы 
«Қазақфильм» АҚ ұйымдастырып отыр.
Апталық аясында «Армандастар» (режиссері
Ерлан Сағынов), «Аңшы бала» (режиссерлері
Ерлан Нұрмұхамбетов пен Бекарыс Елубай), «Шал» 
(режиссері Ермек Тұрсынов), «Жаужүрек мың 
бала» (режиссері Ақан Сатаев ) секілді картиналар 
көрсетіледі. Сондай-ақ келесі кинотуындылардың 
премьералары болады: «Лотерея» (режиссері
Дамир Манабай), «Книга легенд: Таинственный 
лес» (режиссері Ахат Ибраев ) фэнтезиі және «Ер 
Төстік пен Айдаһар» анимациялық фильмі.
Шара барысында Тұрар Рысқұлов, Мәжит 
Бегалин, Әбіш Кекілбаев, Асанәлі Әшімов секілді 
еліміздің жарқын тұлғаларына арналған деректі 
фильмдердің көрсетілімі ұйымдастырылады.
«Қазақ киносының апталығының» көрсетілімдері «Керуен» СО, «Кинопарк-7» кинотеатрларында 
және Оқушылар сарайында өтеді. Кіру тегін.
Фильмдердің таныстырылымдарына режиссерлер, актерлер, продюсерлер, киносыншылар 
қатысады.
(Дереккөз: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі)


160
Театрлар осылай аталады. 
Қазақ театрлары жазушы, актер, режиссер атымен 
жиі аталады.
К. Байсейітова атындағы опера және балет театры.
М. Әуезов атындағы қазақ драма театры.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет