Айсәуле Жамбылқызы: – Мен 22
________________ едім. Ол кезде әлі тұрмысқа шықпаған едім.
– ___________________________________________________________________________________________________________ .
Рахман: – Мен 9 жаста болатынмын. Мен көрші Дәулетпен жиі ойнайтынмын. Ол да тоғыз
________________ болатын.
Қайсар: – Мен 11
________________ болатынмын. Менің інім дүниеге келді.
– _____________________________________________________________________________ .
33. Интернетте сіз танысуға ұсынған мынадай сөйлемдерді кездестірдіңіз: а) Танысуды кім ұсынып жатыр?
Оның аты кім? Оған қандай қаратпа айтуға болады? Ресми ме, ресми емес пе? Ол қанша жаста?
б) Сіз кімге жауап бересіз? Неге? Мұны ресми танысу деп айтуға бола ма?
34. а) Егер өзіңізді таныстырғыңыз келсе, мекенжайыңызды айтқыңыз келсе немесе телефон нөмірін, факсты айтқыңыз келсе, нені айту керегін есіңізге түсіріңіз: б) нені білуді есіңізге түсіріңіз:
– адамның аты-жөні, (ресми жағдайда, ресми емес жағдайда);
– оның жас мөлшері;
– оның мекенжайы;
– оның телефон нөмірі, факсы, электронды поштасы.
Жеңіс
Жеңіс 12.07.2018, 11:23
Сәлем!
Менің атым – Жеңіс.
17 жастамын. Спортты жақсы көремін, гитарада ойнаймын.
Жазыңыздар. Жауап күтемін.
Назым
Назым 12.07.2018, 12:28
Менің атым Назым.
Менің интернетте «Тайбурыл» атты клуб ұйымдастырғым келеді. Мен
жүйрік аттарды жақсы көремін. Менің атам сыйлаған бір тайым бар.
Егер, сіз де тұлпарларды жақсы көрсеңіз, маған жауап беріңіз.
Данабек
Данабек 12.07.2018, 15:33
Қазақ ғарышкерлерімен танысқыларыңыз келсе, маған
хабарласыңыздар. Менің атым Данабек. 22 жастамын. Менде суреттер
мен кітап, материалдар көп.