Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова



Pdf көрінісі
бет3/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

11. Қалай нақтылауға болады?
Үлгі: 
– Менің досым кеше мектепте ән айтты.
– Кім дедің? Досым дедің бе? Даусы жақсы ма? 
– Сіздердің жаңа мұғалімдеріңіз қазір сыныпта болды.
– Біздің жаңа оқытушымыз кеше мектепте болды.
– Менің жаңа құрбым қазір лекцияда.
– Менің жаңа достарым да қазақ тілін оқып жатыр.
– Сенің жаңа сөздігің өте жақсы.
– Сіздердің жаңа оқулықтарыңызды кітапханадан алуларыңызға болады.


9
Қайда?
Жатыс септігінің мекендік мағынаны білдіруі
 Үстелде, сөздікте, лицейде, сабақта, бөлмеде, ауылда, лекцияда, дәптерде.
12. Сіз не деп жауап бересіз? Қарсылық білдіріңіз, немесе растаңыз.
(Топта үш адамнан жұмыс істейміз: біреуміз сұрақ береміз, ал екеуі жауап береді)
Мысалы:
- Сіз мектепте оқисыз ба? 
- Иә, мектепте оқимын.
- Жоқ, гимназияда оқимын.
– Сіз университетте оқисыз ба?
– Сен училищеде оқисың ба?
– Сіз институтта оқисыз ба?
– Сіз лицейде оқисыз ба?
– Сіз колледжде оқисыз ба?
– Сіз мектепте жұмыс істейсіз бе?
– Сіз курстарда оқисыз ба?
– Сіз гимназияда жұмыс істейсіз бе?
– Олар мектепте оқи ма, гимназияда оқи ма?
– Сіз академияда жұмыс істейсіз бе?
– Олар колледжде оқи ма?
13. Осылай ма, әлде басқаша ма? ( Қалай жауап бересіз?)

 Сіз кеше сабақта болмаған сияқтысыз? (болмадыңыз)
– Иә, дұрыс айтасыз. Кеше мен сабақта болмадым. 
– Жоқ, кеше мен сабақта болдым. 
– Мен сіздің Астанада болғаныңызды естідім.
– Сіз лекцияда болған сияқтысыз.
– Мен оның сабақта болмағанын білемін.
– Ол емтиханда болған сияқты.
– Мен оларды сабақта болмаған деп ойлап отырмын.
– Мен олардың консерваторияда болмағанын білемін.
– Олар сені АҚШ-та болды деп айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет