35. Газетте спорт туралы ақпарат бар ма? Олардың атауын оқыңыз. Қай мақаланы оқығыңыз келеді? Неге? Қазақ газеттерін алыңыз. Мына ақпаратты оқыңыз:
қандай атаулар бар, айтыңыз.
http://www.inform.kz/ru/kazak-basylymdarynyn-kataryna-kazak-sporty-gazeti-kosyldy_a225414
2
Күрделі сөйлемдегі іс-әрекеттердің бір мезгілдігінің берілуі Ол хоккейді қашан ойнай бастады?
Ол хоккейді жеті жасқа толғанда ойнай бастады.
Ол хоккейді мектепте оқып жүргенде ойнай бастады.
Назар аударыңыз!
Бағыныңқы сөйлемдегі етістік бұрынғы өткен шақ (
-ған -ген, -қан, -кен тұлғалы
есімше), жатыс септігі арқылы басыңқы сөйлемдегі етістікпен бір мезгілдегі іс-
әрекетті білдіреді.
36. Басқаша қалай айтуға болады? Үлгі: Ол бес жаста болатын. Сол кезде-ақ ол чемпион болғысы келді.
Ол бес жасқа толған кезінде-ақ, чемпион болғысы келді. Рахман бес жаста болатын. Рахман шахматтан әлем чемпионы болғысы келетінін айтты.
______________________________________________________________________________________________________________ .
Сауран бес жаста болатын. Сауран хоккеймен айналыса бастады.
_________________________________________________________________________________ .
Дастан он жеті жаста болатын. Дастан Қазақстан олимпиада тобының мүшесі болды.
____________________________________________________________________________________________________________ .
Айман бірінші сыныпта оқитын. Айман көркем сырғанаумен айналыса бастады.
_________________________________________________________________________________________________ .
Асхат соңғы сыныпта оқитын. Ол үлкен спортта болды.
______________________________________________________________________ .