Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова


Қалай шақырамыз? Қалай кеңесеміз! Қалай рұқсат береміз немесе қалай тыйым саламыз?



Pdf көрінісі
бет59/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

Қалай шақырамыз? Қалай кеңесеміз! Қалай рұқсат береміз немесе қалай тыйым саламыз?
Жаңа грамматика
Бұйрық рай (императив)
Бұйрық райда етістік мына мағыналарды білдіреді:
Шақыруды
– Келіңіз, шешініңіз, төрлетіңіз! Отырыңыз.
– Дәмнен алыңыз! Қуырдақтан алыңыз! Шай алыңыз!
Іс-әрекет процесін
– Оны мұқият тыңдаңдар!
Рұқсат, кеңес
– Мұнда отырайын, бола ма?
– Отырыңыз, отырыңыз.
– Фильм көре тұрыңыз, мен қазір шай әзірлейін.
– Мына кітапты оқыңыз, өте қызық.
Тыйымды 
– Мұнда отырмаңыз, суық. 
18. Мақал-мәтелде берілген бұйрық мағыналы сөйлемдерге назар аударыңыз.
1) Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.
2) Жеті жұрттың тілін біл, 
Жеті түрлі білім біл.
3) Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
4) Жігіттің жұмсаған күшін сұрама,
Бітірген ісін сұра.
5) Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.
6) Мыңның түсін танығанша,
Бірдің атын біл.
Қонақты қашан шақырамыз?
Қашан, қай күні?
Қазақстанда әйелдер күні қашан тойланады?
– Сегізінші наурызда.
Қазақстанда оқу жылы қашан басталады?
– Бірінші қыркүйекте.
Жаңа жыл қашан басталады?
– Жиырма екінші наурызда және бірінші қаңтарда.
Ол бізді қашан қонаққа шақырды?
– Сегізінші тамызда. 


83
19. а) Оның туған күні қашан болды?
Оныншы қазан
Сегізінші желтоқсан
Отыз бірінші тамыз
үшінші желтоқсан
отыз бірінші наурыз 
он бесінші ақпан
б) Туған жылыңыз, туған күніңіз қашан?
15.03.1955
10.10.1981
31.08.1978
15.02.2010
24.12.1951
31.03.1983
01.01.1955
09.05.1969
08.05.1976
20. Бұл туралы білесіз бе?
Еуропада Рождество мерекесі қашан тойланады?
Оқу жылы қай елде қашан басталады?
Туған күніңіз, туған жылыңыз қашан?
Қазақстанда Конституция күні қашан?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет