Базалық деңгей (А2) З. Күзекова, Г. Масақова


Сіз туралы әңгімелесейік пе?



Pdf көрінісі
бет66/188
Дата13.10.2024
өлшемі21,28 Mb.
#147928
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   188
Байланысты:
Күзекова А2

35. Сіз туралы әңгімелесейік пе?
Сіз жиі сыйлық жасайсыз ба?
Сіз қонаққа барғанда, үнемі гүл апарасыз ба?
Сіз шыршаны ұзақ безендіресіз бе?
Осы жылғы жаңа жылда шыршаны жылдам безендірдіңіз бе?
Үйге үнемі ерте қайтасыз ба?
Сегізінші наурызды сіздер тойлайсыздар ма?
Сыйлықты ұзақ таңдайсыз ба?
Қонақта соңғы рет қашан болдыңыз? Кімде болдыңыз?
Қандай мереке болды? Сіз не сыйладыңыз?
Сыйлықты жылдам таңдадыңыз ба?
Сіз гүл әкелдіңіз бе, кәмпит әкелдіңіз бе?
Үйге қашан қайттыңыз?
Кім не айтты?
Ақпаратты хабарлау:
___________
айтты, 
___________
хабарлады, 
___________
білді, 
___________
жауап берді.
Ол: Жеңіс бізді сенбіге қонаққа шақырып жатыр, – деді. 
Ол Жеңістің бізді қонаққа
шақырғанын айтты

Іс-әрекетке шақыру, бұйрық, рекомендация 
Ол: Жеңіс, оларды сенбіге қонаққа шақыр, – деді.
Ол Жеңіске біздерді сенбіге 
қонаққа шақыруды
айтты.
Біз сізге сіздің денсаулығыңыздың 
жақсы болуын
тілейміз.
Мен сізге деніңіздің 
сау болуын, күшті болуын тілеймін. 
Іс-әрекеттің мақсаты
Мен конференцияның 
қашан басталатынын білуге
келдім. 
Біз мұнда конференцияға қатысу үшін келдік.
36. Олар не айтты? 
Ол
келетінін,
Ол Айжанмен кездескенін,
Ол осы кітапты оқығанын, 
Ол кеше келгенін,
Олар демалыста болғандарын 
айтты
.
Толғанай: – Жаңа жылға аз күн қалды, – деді. 
Толғанай Жаңа жылға аз күн қалғанын
айтты
.
Асқар: – Анам Жаңа жылмен құттықтады, – деді.
Асқар анасының Жаңа жылмен құттықтағанын 
айтты

Анам: Қарлығашты Жаңа жылмен құттықта, – деді.
Анам Қарлығашты Жаңа жылмен құттықтауымды 
сұрады

Мақсат: – Маған жаңа мекенжайыңды міндетті түрде жазып жібер, – деді.
Мақсат жаңа мекенжайымды міндетті түрде жазып жіберуімді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет