БАЗАЛЫҚ ЖЕЛІ ТОПОЛОГИЯСЫ
ҚАЛМЫРЗА БАҚДӘУЛАТ
ССФ-23-01
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ
- БІР-БІРІМЕН ДЕРЕКТЕР АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА БІРНЕШЕ КОМПЬЮТЕРДІҢ АРНАЙЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР АРҚЫЛЫ БАЙЛАНЫСҚАН ЖҮЙЕСІ.
Интернет-дүниежүзіндегі компьютер желілерінің және серверлердің жиынтығы.
ЖОСПАР
АУМАҚТЫҚ ТАРАЛУЫНА ҚАРАЙ
PAN (PERSONAL AREA NETWORK) – ПЕРСОНАЛДЫ ЖЕЛІ, БІР ИЕГЕРГЕ ТИІСІЛІ ТҮРЛІ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ ҮШІН ҚАЖЕТ.
LAN (LOCAL AREA NETWORK) - ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІ, КІШКЕНЕ ОФИСТАН ЖҮЗДЕГЕН ГЕКТАР АЙМАҚТЫ АЛАТЫН ҮЛКЕН ЗАУЫТ ДЕҢГЕЙІНДЕГІ ЖЕЛІ.
CAN (CAMPUS AREA NETWORK)
- кампустық желі, жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.
MAN (METROPOLITAN AREA NETWORK) - БІР НЕМЕСЕ БІРНЕШЕ ҚАЛА ШЕГІНДЕГІ МЕКЕМЕЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕЛІЛЕР, КӨПТЕГЕН ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІЛЕРДІ БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ
WAN (WIDE AREA NETWORK)
- глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын. Мысалы, Бүкіл әлемдік - интернет.
ТИІСТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ
Ведомстволық желілер – бір ұйым мен мекемеге тиісті желі. Мысалы, Аэропорт кассалары, банкоматтар, т.б.
Мемлекеттік желілер – мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті желі. Мысалы, ҰҚК, Кеден қызметі, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты желілер
ҚОСАҚТАЛҒАН КАБЕЛЬ (ВИТАЯ ПАРА) КАБЕЛЬДЕР БІР НЕМЕСЕ БІРНЕШЕ СЫМНЫҢ БІРІГУІМЕН ӨРІЛГЕН ӨТКІЗГІШТЕРДЕН ТҰРАДЫ. КАБЕЛЬДЕРДЕГІ ЭЛЕКТРМАГНИТТІК КЕДЕРГІЛЕРДІ БӘСЕҢДЕТУ ҮШІН, ӨТКІЗГІШТЕРДІ БІР-БІРІНЕ ЖҰПТАП ӨРЕДІ. БҰЛ КАБЕЛЬДЕР АРЗАН ӘРІ КЕДЕРГІЛЕРГЕ ТӨЗІМДІ. ТАРАТУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ 1000 МБИТ/С
КОАКСИАЛДЫ КАБЕЛЬ - ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІЛЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН КАБЕЛЬДІҢ БІР ТҮРІ. ОНЫҢ ТҮРІ БІР-БІРІНЕ КИГІЗІЛГЕН ЦИЛИНДРГЕ ҰҚСАЙДЫ. ОЛ МЫСТАН ЖАСАЛҒАН ЕКІ ӨТКІЗГІШТЕН ТҰРАДЫ. ДЕРЕКТЕРДІ ТАРАТУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ 50-100 МБИТ/С.
ОПТИКАЛЫҚ КАБЕЛЬ - ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ОРНЫНА ЖАРЫҚ ЖІБЕРЕТІН КАБЕЛЬ. ОЛАР КӨБІНЕСЕ МҰХИТТАР АРҚЫЛЫ ЖЕЛІЛЕРДІ ҚОСУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ. НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІГІ - СИГНАЛДАР ЖОҒАЛМАЙДЫ, БӨТЕНДЕР РҰҚСАТСЫЗ ҚОСЫЛМАЙДЫ. ДЕРЕКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ ӨТЕ ЖОҒАРЫ (3 ГБИТ/С).
СЫМСЫЗ АРНАЛАР НЕМЕСЕ СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС
а.Радиобайланыс 100 м қашықтыққа таралатын (жылдамдығы 11-54 Мбит/с, сигнал бірден бірнеше жиілікте беріледі)
6. Қысқатолқынды (инфрақызыл сәулелену, жылдамдығы 5-10 Мбит/с, кен жолақты және спутниктік байланыс);
с. Инфрақызыл лазерлер (100 Мбит/с, когерентті жарық сәулелері арқылы беріледі).
ЖЕЛІЛІК ТОПОЛОГИЯНЫҢ ЕҢ КӨП ТАРАҒАН ТҮРЛЕРІ
ШИНА ЖЕЛІ ТОПОЛОГИЯСЫ
- бірнеше компьютердің бір ғана кабель бойымен тізбектей қосылуы. Шина ретінде коаксиалды кабельдер қолданылады. Кабель бойындағы бір компьютер істен шықса, барлығы желіден ажырап қалады.
САҚИНА ЖЕЛІ ТОПОЛОГИЯСЫ
қарапайым желі түрі. Сигнал шеңбер бойымен бір бағытта жүреді. Компьютер көрші компьютерден алған сигналды күшейтіп, өзінен кейінгі компьютерге жеткізеді. Орнатылуы өте қарапайым. Кемшілігі - желідегі компьютердің біреуі істен шықса, желі де жұмысын тоқтатады.
ЖҰЛДЫЗ ЖЕЛІ ТОПОЛОГИЯСЫ -
КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ БІР-БІРІНЕ ТІКЕЛЕЙ ЖАЛҒАНБАЙ, ЖЕЛІЛІК БЕЙІМДЕГІШКЕ (АДАПТЕР) НЕМЕСЕ ОРТАЛЫҚ КОМПЬЮТЕР АРҚЫЛЫ БАЙЛАНЫСУЫ
ИЕРАРХИЯЛЫҚ (АҒАШ) ЖЕЛІ ТОПОЛОГИЯСЫ - БІРНЕШЕ БЕЙІМДЕГІШ АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАНҒАН ЖЕЛІ. ЕГЕР ЖОҒАРЫДА ТАНЫСҚАН «ЖҰЛДЫЗ» ЖЕЛІ ТОПОЛОГИЯСЫНА ТАҒЫ БІР БЕЙІМДЕГІШ ҚОССАҚ, ОЛ <<ИЕРАРХИЯЛЫҚ» ЖЕЛІ ТОПОЛОГИЯСЫНА АЙНАЛАДЫ.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!