2.Коллоквиумға арналған сұрақтар:
1.Хабарлы, болымсыз және сұраулы сөйлемдерде өткен шақтың жасалу формаларын оқып үйреніңіздер. Болымсыз және сұраулы сөйлемдердегі көмекші етістіктерді және мағыналы етістіктің түрін анықтаңыздар. Ана тіліндегі өткен шақтың жасалуымен салыстырыңыздар. Дұрыс емес етістіктердің 2-ші және 3-ші түрінің жасалу типін оқып үйреніңіздер. Етістіктің түбірінде болатын өзгерісті талдаңыздар.
2.Sick көп мағыналы сөзінің және оның синонимдерінің мағыналары мен қолданылуын оқып үйреніңіздер. Тұрақты тіркестердегі sick сөзінің мағынасын оқып үйреніңіздер. Ағылшын және ана тілдеріндегі мағыналардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын салыстырыңыздар.
3.«Дәрігердің қабылдауында» тақырыбы бойынша лексикалық минимумды оқып үйреніңіздер. Осы тіркестермен бірге диалогта қолданылатын көмекші сөздерді, құрылымдарды анықтаңыздар. «дәйектеу» сұрақтарының және ауру белгілерін суреттеу құрылысының құрылымын оқып үйреніңіздер және салыстырыңыздар.
4.«Ауруханада» тақырыбы бойынша лексикалық минимумды оқып үйреніңіздер. Осы тіркестермен бірге диалогта қолданылатын көмекші сөздерді, құрылымдарды анықтаңыздар. Өткен іс-әрекетті суреттеу және өткен ұсыныстарды орындау құрылымын оқып үйреніңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |