Ббб биологияны оқыту пәнінің психологиямен байланысы жайлы түсіндіріңіз



бет1/9
Дата22.02.2023
өлшемі31,31 Kb.
#69952
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
шпор


БББ
Биологияны оқыту пәнінің психологиямен байланысы жайлы түсіндіріңіз
Биологияны оқыту әдістемесі – білім беру үдерісінің мазмұнын және оқушылардың оқу материалдарын игерудің заңдылықтарын зерттейтін пән. Осыған орай, бұл пәнге ғылым ретінде мектеп оқулығының ерекшеліктеріне байланысты білім және тәрбие беру үдерісінің жүйесі деп анықтама беруге болады. Сондықтан ғылым ретіндегі басты атқаратын қызметі – зерттеу. Биологияны оқыту әдістемесінің басты мәні осы нәтижеге байланысты теория мен практиканы ұштастыра отырып, тәрбие беру арқылы жас ұрпақтың дамуын жетілдіру. Дидактиканың негізіне сүйене отырып, дамыта оқытудың маңызды жақтарын шешу жолдарын жүзеге асыру. Биологияны оқыту әдістемесі психологиямен тығыз байланысты. Себебі оқытудың принципін оқушының жас ерекшелігіне сәйкестендіру керек.
Сонымен қатар биология пәнінің оқу материалдары да сыныптан-сыныпқа, әрбір тұлғаның даму деңгейіне қарай күрделенеді. Егер осы фактор оқушының ақыл-ойы мен жан дүниесіне жасына сай болмаса, атқарылатын жұмыстың тиімділігі төменгі деңгейде қалады. Осыған орай, мұғалім 6-7 сыныпта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, білім беруді қамтамасыз етеді. Ал жоғарғы сыныптағы оқушылардың материалды қабылдау үдерісі тұрақты болғандықтан, бір немесе екі түрлі әдістемелерді қолданып жүргізеді. Әрине, ерекше айта кетерлік нәрсе – биология ғылымына сүйеніп білім беру. Табиғатта тірі ағзалардағы құбылыстар, заңдылықтардың ғылыми түсінігі биологияның жеке-жеке салалары: ботаникамен, зоологиямен, өсімдік және жануарлар физиологиясымен, цитологиямен, гистологиямен, эмбриологиямен, биофизикамен, биохимиямен, биотехнологиямен, ғарыштық биолгиямен, экологиямен, эволюциялық іліммен, тығыз байланысты. Әрине, мектептегі биология пәні мен биология ғылымының арасында айтарлықтай айырмашылық болады. Биология ғылымының мақсаты табиғат және тірі ағзаларды ғылыми зерттеу жолымен жаңалықтар ашу, мектеп биологиясының мақсаты сол ашылған фактілер мен заңдылықтарды оқушыларға үйрету. Сондықтан биологиядан сабақ жүргізу кезінде мұғалім ғылымдағы фундаменталды фактілерді, заңдылықтарды, ең маңызды проблемаларды таныстырып, түсіндіруі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет