Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет148/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   230
ЕКІНШІ БӨЛІМ
СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ 
§ 1. ЖАЛПЫ ТҮРЛЕРІ
1. Болымды сөйлем
Не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем 
болымды сөйлем деп аталады.
Мысал: Еділ бойы тоғай бар, тоғай толған ноғай бар. Бурыл 
атта бұғау бар, оны да кесер егеу бар. Сом темірге балға бар, 
сомсынғанға Алла бар. Хас жорғадан жортақ туар, хас батыр-
дан қорқақ туар, хас шеберден шорқақ туар. Сай сайға құяр. 
Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар. Көп қорқытар, 
терең батырар. Үлкен бастар, кіші қостар.
2. Болымсыз сөйлем
Не жайынан да болса болдырмай, жоқ қыла сөйле ген сөйлем 
болымсыз деліп аталады.
Мысал:  Жер  жұтуға  тоймайды,  от  отынға  тоймайды,  кісі 
ойға  тоймайды,  бөрі  қойға  тоймайды.  Жалғыз  ағаш  үй  бол-
мас,  жалғыз  жігіт  би  болмас.  Тез  қасында  қисық  ағаш  жат-
пас.  Байлық  мұрат  емес,  жоқтық  ұят  емес.  Тура  биде  туған 
жоқ, туғанды биде иман жоқ. Сиыр сипағанды білмес, жаман 
сыйлағанды  білмес.  Өткен  келмес,  өшкен  жанбас.  Түбі  бірге 
түтпейді. Шам жарығы түбіне түспес. Соқыр көргенінен жаз-
бас.
3. Толымды сөйлем
Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем толымды деліп ата лады.
Мысал:  Өлген  келмес,  өшкен  жанбас.  Берген  алар,  ек-
кен  орар.  Жер  таусыз  болмайды,  ел  даусыз  болмайды.  Көп 


246
қорқытады,  терең  батырады.  Арзанның  сорпасы  татымас. 
Соқыр көргенінен жазбас. Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі 
– шүберек. Қоянды қамыс өлтірер. Сай сайға құяр, бай байға 
құяр. Тентек шоқпар жияр. Ат аунаған жерінде түк қалар. Тау 
мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар. Асыл тастан шығар, 
ақыл  жастан  шығар.  Алтын,  күміс  тас  болар,  арпа,  бидай  ас 
болар.
4. Толымсыз сөйлем
Тұрлаулы  мүшесінің  біреуі  немесе  екеуі  де  жоқ  бол са, 
сөйлем толымсыз деліп аталады.
Мысал: Ит тойған жеріне, ер туған жеріне. Барымен базар, 
жоқты қайдан табар. Ақыл жас ұланнан, жүйрік тай құнаннан. 
Күлме досыңа, келер басыңа. Асың-асың, асыңа береке берсін 
басыңа. Асың барда ел таны, атың барда жер таны. Ауру астан, 
дау  қарындастан.  Алыстан  арбалағанша,  жақыннан  дорбала. 
Шалқайғанға  шалқай,  Пайғамбардың  ұлы  емес,  еңкейгенге 
еңкей,  атаңнан  қалған  құл  емес.  Баланы  жастан,  қатынды  
бастан.
5. Жалаң сөйлем
Тұрлаулы мүшелері ғана бар сөйлем жалаң деліп аталады.
Мысал: Ел қонды. Ат аунады. Қой маңырады. Аспан ашық. 
Ет  жасық.  Қымыз  сусын.  Көп  қорқытады,  терең  батырады. 
Үлкен  бастар,  кіші  қостар.  Өлген  келмес,  өшкен  жанбас.  Ат 
тепті, қасқыр қапты. Ат азар, тон тозар. Отын бар, от жоқ.
6. Жайылма сөйлем
Тұрлаулы  мүшелерінен  басқа  тұрлаусыз  мүшелері  де  бар 
сөйлем жайылма деліп аталады.
Мысал: Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады. Қоянды 
қамыс өлтірер, ерді намыс өлтірер. Сай сайға құяды, бай байға 


247
құяды.  Ананың  көңілі  балада,  баланың  көңілі  далада.  Білегі 
толық бірді жығады, білімі толық мыңды жығады. Екі қатын 
алғанның  дауы  үйінде,  жаман  қатын  алғанның  жауы  үйінде. 
Қатты  жерге  қақ  тұрар.  Жүйріктен  шабан  туады,  жақсыдан 
жаман  туады.  Қаратаудың  басынан  көш  келеді.  Мен  келдім 
Мырзалының  ордасына,  сөз  айттым  қасындағы  молдасына. 
Үйіңе  сөйлес  қылдым  кеш  уақытта.  Кеш  мезгіл  келе  жатты 
екі кісі. Қазақтың қазақ иісі тұрған шақта. Алаштың баласына 
керегімсің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет