Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет45/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   230
ШЫЛАУ СӨЗДЕР
І. ҮСТЕУ
Кей  сөздер  басқа  сөздердің  мағынасын  толықтыру  үшін 
үстеу болады. Мәселен, «әрең келдім» дегенде «әрең» демесе 
де келгендігі көрініп тұр, бірақ «әреңді» қосқанда келгендіктің 
үстіне  қалай  келгендік  көрініп  тұр.  «Әбден  бітірді»  деген-
де  «әбден»  демей  де  бітіргендік  көрініп  тұр,  бірақ  қалай 
бітіргендігі көрінбейді. «Бітірдінің» үстіне «әбден» деген сөз 
жамалса, қалай бітіргендігі көрінеді. «Дөп тиді» дегенде «дөп» 
деп  айтпасақ  та  көрінеді,  бірақ  қалай  тигендігі  көрінбейді. 
«Ол әрі кетті», «Мен бері келдім» дегенде «әрі», «бері» деген 
сөздерді айтпасақ та оның кеткендігі, менің келгендігім көрініп 
тұр, бірақ оның қайда кеткендігі, менің қайда келгендігім «әрі», 
«бері» деген сөздерді айтпасақ көрінбейді.
Сондай-ақ,  «Бұрын  адам  аз,  жер  кең  болған,  енді  адам 
көп, жер тар болды». «Бұрын» деген сөзді айтпасақ та адам 
аз  болғаны,  жер  кең  болғаны  көрінігі  тұр,  бірақ  адам  қашан 
аз болғаны, жер қашан кең болғаны көрінбейді. «Бұрын» де-
ген сөзді қосып айтсақ, қашан болғандығы да көрініп, сөздің 
мағынасы  түгелденеді.  «Енді»  деген  сөзді  айтпай  «адам  көп, 
жер тар болды» десек те адам аз, жер тар болғандығы көрінеді, 
бірақ қашан солай болғандығы көрінбейді. «Енді» деген сөзді 
қосып  айтсақ,  адам  қашан  аз  болғандығы,  жер  қашан  тар 
болғандығы анық көрініп, сөздің мағынасы түгелденеді. Осын-
дай  сөз  үстіне  қосылып,  сөздің  мағынасын  толықтыратын 
сөздерді үстеу сөз дейміз.
Көбінесе үстеу сөз орнына басқа сөздер яки басқа сөзден ту-
ынды үстеу сөздер жүреді. Нағыз таза үстеу сөздер қазақ тілінде 
аз.  Үстеу  сөз  де,  туынды  үстеу  сөз  де,  үстеу  сөз  орнындағы 
басқа сөз де – бәрі сұраудан білінеді. Қалай? қашан? қайда? де-
ген сөздерге жауап болып айтылатын сөздердің бәрі де я үстеу 
сөз, я соның орнындағы төлеу сөз.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, үстеу сөздердің астын 
сызып көрсетіндер.


56
Кеше ыстық болды. Бүгін жаңбыр болып тұр. Былтыр қар 
ерте кетті, биыл кеш кетті. Мана басым ауырып еді, осы кезде 
ауырғаны қойды. Дүркін-дүркін ит үріп жатты.
Соңыра  барып  келермін.  Баяғыда  бір  бай  болған  екен.  Ат 
артынан  аулақ  жүр.  Нұрман  кітапты  жылдам  оқып  шықты, 
Бірман шабан оқиды. Екі кісі ауыл сыртында оңаша сөйлесіп 
отыр екен. Ана кісі арман бара жатыр. Мына кісі бермен келе 
жатыр. Анда-санда айтақтаған дауыс естіледі. Екеуміз жүзбе-
жүз  сөйлестік.  Осы  сөзімді  әдейі  ауызба-ауыз  өзіне  айт.  Құс 
кеш  келді.  Екеуі  далаға  бірге  шықты.  Ауылға  жаяу  келіп, 
жаяу  жүрді.  Бірге  келіп,  босқа  кетті.  «Бүгін  ойнайын,  ертең 
оқырмын» деп жалқау бала айтады, «бүгін оқиын, ертең ойнар-
мын» деп іскер бала ай тады .
ІІ. ДЕМЕУ
Демеу дегеніміз – екі сөздің арасын яки екі сөйлемнің ара-
сын  жалғастыруға  демеу  болатын  сөздер.  Мәселен.  «Мен  де, 
сен де сонда болдың». «Ол оқыды да, жазды да».
«Да»,  «де»  деген  сөздер  екі  сөздің  арасындағы  жүйені 
келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр.
«Я  ол  тұрар,  я  мен  тұрармын».  «Бұл  жұмыс  я  бітер,  я 
бітпес яки осы күйінде қалар».
«Я», «яки» деген сөздер басқа сөздің арасындағы жүйелерін 
келтіріп, жалғастыруға демеу болып тұр.
«Мен  саған  ұрыстым  ба?»  «Әйтпесе  сөктім  бе?»  «Немесе 
соқтым ба?» «Балаң қазақша оқи ма, орысша оқи ма, әлде тіпті 
босқа жүр ме?».
«Ба», «бең, «ма», «ме», «әлде», «әйтпесе», «немесе» деген 
сөздер  басқа  сөздердің  арасындағы  жүйесін  келтіріп,  жал- 
ғастыру үшін тұр.
Демеу сөздер қазақ тілінде аз. Оның көбі басқа сөзден шық-
қан  туынды  демеулер;  мәселен:  үйткені,  сүйткені,  үйтседе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет