ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫСТАР, ОЛАРДЫҢ
ТАҢБАЛАРЫ
Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Олардың таңбалары мынау:
ا (a), ب (б), پ (п), ت (т), ج (ж), د (д), ر (р), ز (з), س (с), ش (ш),
غ (ғ), ق (қ), ك (к), ءك (ң), ل (л), م (м) ن (н), و (о), ؤ (ү), و (у), ه (е),
ي (и), ى (ы).
Бұлардан басқа бір көмекші белгі дәйекші (ء) бар.
Дыбыстар дауысты, дауыссыз болады. Соған қарай
таңбалары да дауысты, дауыссыз болып бөлінеді
12
.
Дауысты таңбалар: ا (a),و (о), ؤ (ү), ى (ы), ه (е).
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі да-
уысты таңбалардың астын сызып көрсетіндер.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқыр көргенінен
жазбас. Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе.
Бір аштың бір тоқтығы бар. Не ексең соны орарсын. Таспен
ұрғанды аспен ұр. Құлақ естігенді көз көрер. Ағаш көркі
жапырақ, адам көркі шүберек. Кімнің жерін жерлесең, соның
жырын жырларсың. Берген жомарт емес, алған жомарт. Ат
ерінді келер ер мұрынды келер. Өгізді өрге салма, қанатың та-
лар жаманға жүзің салма, сағың сынар. Адасқанның артында-
ғысы білер; жеңілгеннің жанындағысы білер.
Достарыңызбен бөлісу: |